Өлең, жыр, ақындар

Алакөлім - бақ мекенім

Алакөл – Алматы мен Шығыс-Қазақстан облыстарының шекарасында орналасқан тұзды су қоймасы. Бұл көлдің суы – ежелден бері өзінің емдік қасиеттерімен белгілі. Алакөлді көл деп атау қиын, себебі, оның аумағы теңіз сияқты үлкен.

Бізге дейін жеткен мәліметтер бойынша, Шыңғыс хан, жараланған жауынгерлерін Алакөлге емделуге жіберіп отырған. Ал, Кеңес Одағы кезінде, ғарышкерлер осы жерде радиациядан тазарған

Қарап отырсам, үлкен тұлғалардың бәрі осы ауылдан шыққан. Менің де ауылым кішкентай болғанымен, өз ерекшелігі бар. Алакөл ауданының аумағында орналасқан, шағын ауыл болса да, маған сондай - ыстық. Ешбір қалаларға теңгермеймін. Өзенінде балығы тайдай тулаған, шұрқырап жылқы суға құлаған, қозы – лағы маңырап шулатқан ауылдың тыныс тіршілігінің өзі бір ғанибет емес пе? Жазда балалар Алакөлге түсіп, балық аулап демалыстарын қызықты өткізеді. Ауасы қандай! Жұта бергің келеді, жұта бергің. Қыста екі бетіміз алмадай қызарып, бір – бірімізбен қар атысып, сырғанақ теуіп мәре –сәре болып қаламыз. Қыс қызығын тауысып айта алмайсың ғой. Қаладан бұның бірін көрмейсің. Себебі, демалысқа қаладан келген жиеніміз осындай қызықтың бәрін көргеннен кейін, кеткісі келмей қалады. Келесі жылы тағы ауылға келем,енді барлық демалысымды ауылда өткіземін деп кетеді. Ауыл міне осындай. Адамдары бауырмал, бір-біріне көмекке дайын тұрады. Қандай істі бастасаң да ауылдың адамдары жабылып, көмектесіп жібереді. Жалғыз атын сойып, шапан жауып жіберуі де ауыл адамдарына тән. Бізде осылай. Міне, менің ауылым осындай. Осындай ауылда туып, өсіп жатқаныма қуанамын. Ертең өскенде ауылымды көркейтуге мен де өз үлесімді қосамын.

Асхатқызы Алия

Алматы облысы Алакөл ауданы Бұлақты орта мектебінің 6 сынып оқушысы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз