Өлең, жыр, ақындар

«Он алтыншы желтоқсан» Тұманбай Молдағалиев

Батыс Қазақстан облысы

Зеленов ауданы

Белес ауылы

Белес ЖОБМ балабақшасының

Бастауыш сынып мұғалімі

Бақтығалиева Данагүл Бақтығалиқызы

 

Тақырыбы: «Он алтыншы желтоқсан» Тұманбай Молдағалиев

 Мақсаты:

а) білімділігі:  Оқушыларға ақын өлеңінің мазмұнын таныстыра отырып, тақырыбын ашу, тарихи маңыздылығын ұғындыру, желтоқсан оқиғасы туралы шындыққа көз жеткізу.

ә) дамытушылығы: өз ойын көркем тілмен мәнерлі жеткізе білу қабілетін жеткізіп, сөздік қорын молайту, шығармашылықпен ізденіске ынтасын арттыру.

б) тәрбиелігі: Өскелең жас ұрпаққа, аға ұрпақтың ерлігін үлгі ету. Тәуелсіздікті сақтап, Атамекенді қорғауға және көркейтуге деген жауапкершілік сезімін ояту. Оқушыларды елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ

Әдісі: сұрақ–жауап,баяндау

Көрнекілігі: слайд, интерективтітақта, проектор, жұлдызшалар

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық дайындық.

Үлкендерді тыңдайық,

Кішілерді сыйлайық.

Жүректердің жылуын,

Бір-бірімізге сыйлайық.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

«Аппақ бала» әңгімесін оқып, түсінгенін айту.

Үй тапсырмасын қорытындылау.

Күн тәртібін айтқызу.

А) сергіту сәті

Жоғары қарап ай көрдім,

Төмен қарап жер көрдім,

Оңға бұрылдым,

Солға бұрылдым

Егеменді ел көрдім.

III. Жаңа сабақ.

1. Қызығушылықты ояту. (1 слайд)

«Кел, ойланайық» ойыны

1. Қай мемлекетте тұрамыз?

2. Біздің еліміз қандай мемлекет?

3. Қай жылы тәуелсіздік алдық?

4. Елімізді кім басқарады? (2слайд)

5. Еліміздің рәміздерін атаңдар? (3слайд)

2. Мағынаны ашу.

Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз Тәуелсіздік туралы болмақ.

Бұдан бұрын тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенімізді білу үшін желтоқсан оқиғасын айтып өтейін.

(4слайд.) (Желтоқсан оқиғасынан суреттер, қатысқан студенттердің фотолары.)

   Желтоқсан көтерілісі болмаса, тәуелсіздікке қол жетпес еді. Сол желтоқсан көтерілісін жемісі десек қателеспейміз.

     а) дәптермен жұмыс

16 желтоқсан – Қазақстан Тәуелсіздігін жарияланған күн. (жаппай оқыту)

    Бүгін тәуелсіздік күніне арналған Т.Молдағалиевтің «Он алтыншы желтоқсан» өлеңімен танысамыз.

      (5 слайд.)

Автор туралы қысқаша мәлімет.

Тұманбай Молдағалиев (1935-2011ж)

    Ол 1935 жылы Алматы облысындағы Жарсу депаталатын ауылда дүниеге келген.Студент кезінің өзінде –ақ «Студент дәптері» деп аталатын жер  жинағыменхалқын қуантып, ақын атанған. Т.Молдағалиев поэзиясымен туған елге, туған жерге, Отанға, ата мен балаға деген махаббат сезімін оқырмандар жүрегіне ұялатты. 2011 жылы қазан айында 76 жасында Т.Молдағалиев өмірден өтті. Т.Молдағалиев «Хрущевтің кезіндегі саяси жылдарды» да, одан кейін «кемелденген социализм» мен «қайта құру» жылдарында, Қазақстан тәуелсіздігін де көріп кетті.

ә )оқулықпен жұмыс

1. мәнерлеп оқу, түсіндіру

2. тізбектеп оқыту

( 6слайд)

Тәуелсіздікке арналған монументтер.

      б) Сергіту сәті

Бір, екі, үш

Бойға жинап күш.

Күнде бестік аламын,

Қуанып үйге қайтамын.

      (7 слайд)

Шығармашылық жұмыс.

Мақсаты: Оқушылардыңтілдеріндамыту.

Тәуелсіздік мерекесін қалай тойлаймыз.

Ән: «Астана»

3. Ой толғаныс:

       (8 слайд)

«Топтастыру»  стратегиясы

Қорытынды:

- Өлеңде не туралы айтылған?

- Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіңдер?

- Ақын қандай өсиет айтты?

- Он алтыншы желтоқсан қандай мереке?

IV. Үйге тпасырма.

1. Өлеңді мәнерлеп оқу.

2. Тәуелсіздік мерекесі туралы сурет салу.

V. Бағалау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз