Өлең, жыр, ақындар

5 санын қосу және азайту

ОҚО Шымкент қаласы

№54 жалпы орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі

Кырыкбаева Лаура

Пәні: математика

Сабақтың тақырыбы: 5 санын қосу және азайту
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 5 санын қосу және азайту тәсілдерімен қосудың және азайтудың кестелік жағдайларын, екі амалдан тұратын есептеулермен таныстыру.
Сабақтың түрі: дамыта оқыту сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын.
Сабақтың байланысы: ана тілі, бейнелеу өнері, қоршаған орта, халық педагогикасы.
Сабақтың көрнекілігі:  карточка, мамандық иелерінің суреті, фишка.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Математика сабағын
Мен меңгеріп аламын
Қазір есеп шығарып
Ата – анамды қуантып
Бес деген баға алып барамын
(қолдарынан ұстап оқушылар, бір - біріне жақсы тілектер тілейді)

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген тапсырманы аралап тексеру, қосу және азайту амалдарының атауларын ауызша сұрау.
Карточкамен жұмыс
Жарайсыңдар балалар барлығың өткен сабақты жақсы меңгеріпсіңдер. Олай болса балалар мына ойын арқылы үй тапсырмасын қорытындылайық
Кел, ойнайық!

Бос орынға белгілерінің тиістісін қой

4*5*2=7

6*3*5=4

2*8*3=7


ІІІ.Жаңа сабақ
Түсіндіру
Оқушылар мен жаңа сабақты мына санамақ жолдарымен бастағым келіп тұр. Осы санамақ арқылы бүгінгі өтетін сабағымызды анықтап алайық.
Бас бармағым - әкем
Балан үйрек - анам
Ортан терек - ағам
Шылдыр шүмек - әпкем
Кішкене бөбек - сен
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз
Сұрақ – жауап әдісі
Сендер бәрін 5 санын білесіңдер ме?
Енді балалар мен сендерге мынандай жұмбақ жасырайын.

Атамда менің 5 алма
Апамда менің 5 алма
Бәрін қосып санасақ
Болады сонда қанша алма (10)

Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтап алдық, сабағымыздың тақырыбы 5 санын қосу және азайту.
Оқулықпен жұмыс:

1-есеп
«Теңге алу ойыны»
5+1=                    5 - 2=
5+5=                    5 - 4=
5+4=                    5 - 3=
5+2=                    5 - 1=


2-есеп

5+5=10

10-5=5


3 - тапсырма..
Төрт сан аттай отырып, алдымен сандарды өсу ретімен, содан соң кему ретімен атау.

ІV. Сергіту сәті:
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Екі қолды жинасам
Болады сонда он саусақ
(қимылмен көрсету)

5-есеп

Ауызша 4 оюды бояу керек


Кел, ойнайық!

"Құлпынай теріп алайық"

Кеспе қағаз арқылы деңгейлік тапсырма беру


1. Сабинада 7 қалам бар еді.. Ол досына 3 - уін сыйлады. Қанша қалды?
2. Бұтада 7 құс отыр. Тағы 3 құс ұшып келді. Неше құс болды?
3. Бірінші сөреде 2 кітап, ал екінші сөреде 5 кітап артық тұр. Екінші сөреде неше кітап бар?
4. Дарина 5 жаста, ал Мадина Даринадан 2 жас кіші. Мадина неше жаста?
5. Сыныпта 10 бала. Оның 6-уы ер бала. Қыз бала нешеу?
6. Сыныпта 10 бала. 3 бала шығып кетті, 2 бала кірді. Неше бала болды?
7. Сыныпта 9 ер бала мен 10 қыз бала. Қыздардың ер балаларға қарағанда нешеуі артық?

V. Сабақты қорытындылау

«Кім тапқыр» ойыны
Көлден ұшты жеті қаз
Қайтып қонды екі қаз
Қонбады оның нешеуі
Қане кім тез шешеді (5)

Беспайда бар бес іні
Естайда бар екі іні
Қоссаң 5 пен 2-ні
Неше екен шешуі (7)

Шығармашылық жұмыс
Асқардың, Талғаттың, және Дәулеттің әкелері – дәрігер, мұғалім, ұшқыш. Асқардың әкесі ұшқыш емес, Талғаттың әкесі мұғалім де, дәрігер де емес. Дәулеттің әкесі дәрігер емес. Кімнің әкесі қандай қызмет істейді?

Бағалау: Жинаған фишкаларын санату арқылы бағалау
Үйге тапсырма:4 мысал


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз