Өлең, жыр, ақындар

Қожанасыр мен Алдар көсе. Үш сом

Қысқа мерзімді жоспар                

     Сабақ: Әдебиеттік оқу

     Мектеп: № 101

     Мерзімі:

     Оқытушының аты-жөні: Ақпамбетова Мира

     Сынып: 2-сынып

     Қатысқан оқушылар саны: _____________

Қатыспағандар саны:

____________              

Сабақтың тақырыбы: Қожанасыр мен Алдар көсе. Үш сом

Осы сабақтың оқу мақсаттары:

 1) Оқушылардың Қожанасыр, Алдар көсе туралы білетін ақпаратттарын кеңейту. Іздендіру арқылы жаңа тақырыпты меңгеруге ықпал ету.

 2) Оқушы бойында адамдық ізгі қасиеттерді қалыптастыруға, жақсы мен жаман қасиеттерді ажырата білуге, адамгершілікке, адалдыққа баулуға орта құру.

 3) Оқушылардың өзіңдік ізденісін, ойлау қабілетін дамытуға, сөздік қорын молайтуға, сөйлеу мәдениетін дамытуға, өз пікірін ашық та еркін жеткізуге жағдай жасау.

Сабақтың міндеті:

 1. Өз пікірін жеткізе білуге үйрету;

 2. Шығармашылық жүмыстар арқылы дүниетанымын кеңейтуге жағдай туғызу;

 3. Оқушыларды жеке, жұпта, топта жұмыс жасай білуге бағыттау.

 Күтілетін нәтижесі:

 1. Қожанасыр мен Алдар көсе туралы білімді толық меңгереді.

 2. Жеке, жұпта, топта жұмыс жасау барысында белсенділігі, пәнге қызығушылығы артады.

      Сабақтың мақсаты

                          Барлық оқушылар:

Мәтінді оқи алады

Оқушылардың көпшілігі:

   Мәтінді оқып, пысықтау сұрақтарына жауап бере алады.

Кейбір оқушылар:

Аба йды  жайлы мәлімет беріп, мәтіннің негізгі идеясын айта алды. дәнді дақылдарды  ереше қасиеттерін сипаттай алады.

Тілдік мақсаттар

 

 

 

 

 

 

 

Бұған дейін меңгерілген білім:

 А. Тоқмағамбетов   Бидай  мен  Қаңбақ 

Оқушылар:

                   Пәндік лексика және терминдер:

 

Диалогқа/жазылымға қажетті сөз тіркестер

Талқылау:

Абай ата  сөз

Бес асыл іс 

Талап, еңбек, рақым,қанағат,терең ой.            дұшпаның  (жаман іс).

Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншік, мал шашпақ.

 

Жоспар

Жоспарланған

   уақыт  

                         Жоспарланған жаттығулар

   Дерек көздері

Басы

0 – 7 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ортасы

 8 – 15 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    16 – 24 мин

 

 

25 – 30 мин

 

 

 

 

Соңы

30 – 35 мин

 

 

 36-45 мин

- Балалар, біз бүгін күлкі әлеміне аттанамыз. Қожанасыр мен Алдар көсенің қызықты хикаяттарын естігенде езуімізге еріксіз күлкі оралады.

Қожанасыр – қазақ, қырғыз, өзбек ауыз әдебиетінде ортақ кейіпкер. Ол “ауылы аралас, қойы коралас ”, қыз алысып, қыз берісіп құда – жекжат болып кеткен көрші елдердің ежелгі мәдени байланысының куәсі. Әңгімелер сарандық пен сақилықты, жалқаулық пен қиқарлықты өткір сатира мен ажуалап сынау арқылы адамды жаман әдет, жат мінездерден аулақ болуға баулуды мақсат тұткызды. Қожанасыр әңгімелерінде (аңызда) оғаш қылығы, аңғал мінезі әжуа – күлкі туғызып отырғанымен, негізі түйінінде үлкен тәрбие – тәлім толқыны анықтай қалады; оқушы оқып күле отырып шындықты түсінеді.

Осындай халық арасына кең тараған күлкі сықақ аңыз -әңгімелердің бір тобы Алдар көсе атымен байланысты туған. Көсе образы – қарапайым халықтың күлкіні сараң байларға, оның өкілдеріне қарсы жұмсау, оларды келеке – мазақ ету тілегінен туған образ.

Сендерге үйге тапсырма ретінде сықақ әңгімелердің кейіпкерлері Қожанасыр мен Алдар көсе туралы мәліметтер қарастырып келуге берілген болатын. Әр топ өздерің әкелген мәліметтеріңді ортаға салындар.

Әр топ өз мәліметтерін, оқып, жинап келген деректері мен өзіндік ой-пікірлерін ортаға салады.

Мұғалім қорытындысы :

- Мулла (молла) Насреддин

Афанди (тәжік өзбек, ұйғыр – әпенді).

«Ходжа» парсы халқының тілінен аударғанда «Қожа». Алғашында Орта Азияда бұл атау «ақ сүйек» (түрікше “ак суюк”) деп аталған екен.

Насреддин араб тілінде «Сенім жеңісі» (Победа Веры) деп аударылады.

Қожанасырдың құлпытасында ол мұсылман жыл санауы бойынша «680 жылы дүниеге келіп, 386 жылы қайтыс болыпты». Яғни, дүниеге келместен бұрын өмірден озған. Қабірінің бір жаққа қисайып тұрған өз алдына, онда Қожанасырдың қай күні дүниеге келгені мен қайтыс болғаны туралы нақты дерек те жоқ. Тіпті кейбір ескерткіштерде ол адал досы әрі «көлігі»- есекке теріс отырған күйде бейнеленген. Сөйтсе, есекке теріс отыру – Қожекеңе тән қылық боған сыңайлы...Сондықтан шығар, түрік елінде циферблаты стрелкаға қарсы жүретін сағаттар ең тартымды кәдесей ретінде саналады...

- Бейнетаспаға назар аударыңдар («Алдар көсенің шайтанды алдауы» мултьфильмі көрсетіледі)

Ал “Алдар көсенің шайтанды алдауы” деген әңгіменің сюжеті, құрылысы басқаша болып келді. Халық ұғымында шайтанды ешкім алдай алмайтын болса, бұл әнгімеде Алдар көсе өзінің кулығымен шайтанды да алып кетеді. Оның өтірік өліп тірілуі, шайтанға қазы алдыруы, үлкендігін бұлдап, шайттаның мойнына мініп қамшымен сабауы, шайтандар қорқаттын тікен арасына тығылып, ала қаптағы алтынды алып құтылып кетуі арқылы адам айласы шайтанды да жеңеді деген идеяны білдіреді.

- Енді сендер а жазғырмай, сүйікті етіп көрсетуі Алдардың ел санасынан ұнамды кейіпкер түрінде тұрақты орын алғандығын аңғартады.

үйден өздерің дайындап әкелген көріністеріңді көрсетіңдер. (Әр топ дайындаған көріністерін көрсетеді.)

- Балалар, «көсе» деген сөзді қалай түсінесіңдер? (үнтаспадан «Мен Алдармын, Алдармын» атты ән тыңдалады)

Ой толғау. І, ІІ топ «Мен Қожанасырмын» деп, Қожанасырдың атынан сөйлейсіңдер, ІІІ, ІV топ «Мен Алдармын, Алдармын» деп бастай отырып, өлең жолымен аяқтайсыңдар.

Қорытынды

Жалпы аңыздық проза тобына жататын мұраларды жинақтай келгенде айтарымыз – жергілікті халықтың мәңгілік жасайтын аңыз - әпсаналар саласы бір ғана уақыттағы оқиғаның не құбылыстың хабаршысы емес, талай ғасырғы халықтың жинаған білімі мен тәжірибесі, бағалы тарихнамасы және салт-санасы мен таным-түсінігі, т.б. сенімдердің сипатын бойына жинақтап, сол арқылы хабарламалық, мағлұматтық мәнін сақтап қана қоймай, келешек буындарға ғибрат беретін, үлгі алуға үндейтін жәдігерлер болып табылады.

 

Қорапша, парақтар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көрнекі сурететр

 

 

 

 

Маркер тақта

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Магнит тақта

 

Қоңырау макеті

 

 

 

Парақшалар

 

Тест парақшалары

 

                                                              Қосымша ақпарат

Дифференциация – көбірек қолдау көрсету үшін сіз не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай күрделі тапсырма бересіз?

   «Адасқан сөйлемдер» атты шығармашылық тапсырма беру

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай  болды?

Оқушыларға дифференциация табысты болды ма?

Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспардан қандай ауытқулар жасадым және неге?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Бағалау – оқушылардың жетістігі мен білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

 

Қалыптастырушы бағалау элементтер (жұлдызша, күлегеш, вербальді т.б)

Пәнаралық байланыс:

Музыка, орыс тілі, ағылшын тілі, қазақ тілі, дүниетану.

 

                                                               Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі кезеңді атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге байланысты)

1.

2.Қандай екі кезең сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1.

2.

Сынып туралы және жекелеген оқушы туралы не білдім және ол келесі сабақты өткізуіме қандай әсерін тигізеді?


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз