Өлең, жыр, ақындар

Төрт түлік жырлар. Қой

Ақтөбе облысы, Темір ауданы
С.Бәйішев атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Қожақова Шынасыл Дәулетиярқызы

 

Сaбақтың мақсаты:

Білімділігі: төрт түлік түрлерімен таныстыру, оларды қалай шақыру керек, пірлерін қалай  айтатаны, пайдасы туралы әңгімелеу;

Дамытушылығы: өлеңді сауатты, мәнерлеп, жүргізіп оқуға үйрету;

Тәрбиелігі: ұлттық салт-дәстүрді, тағам түрлерін қадірлеу, малды ұрмауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: суреттер, жұмбақтар, кестелер.

Сабақтың жүру барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі.

«2» деген нашар баға,

Алады оны нашар бала.

«3» дегенің орта баға,

Сапасы да орта ғана.

«4» дегенің жақсы баға,

Алады оны жақсы бала.

«5» дегенің үздік баға,

Оқитын бол үздік қана!

II Үй тапсырмасын тексеру.

«Шибұт, Қылмойын, Қарынбас» мазмұнын сұрап, бекіту.

Актуалдау.

- Біздер қай тарауды оқып жатырмыз?

- Халық ауыз әдебиеті деп неге айтады?

- Оларға нелер жатады?

Атадан қалған асыл мұра: Мақал-мәтел; Жұмбақ; Жаңылтпаш; Ертегі; Мысал; Аңыз; Бесік жырлары; Төрт түлік жырлары.

III Жаңа сабақ:

Жұмбақты шешу.

Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (Қой)

Төрт түлік туралы түсінік беру.

Қазақ ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Малдың еті, жүні, сүті, терісі,  мүйізі, сүйегіне  дейін өз қажетіне жарата білген. Кең даланы шарлап, көшіп-қонған  халықтың бар өмірі осы төрт түлік малмен байланысты болған. Халық ұғымында әр малдың  пірі киесі бар. Түйе атасы- Ойсылқара, жылқы атасы- Қамбар ата, сиыр атасы- Зеңгі баба, ешкінің атасы- Сексек ата, қой атасы - Шопан ата. Қазақ халқы малды жақсы көрген, балаларын да осы төлдерін атағанындай жақсы көрген.

(Әр қойдың ерекшелігі туралы мағұлмат бер. Жергілікті өңірмен байланыс ретінде Еділбай қойы туралы және оның негізгі қорегі жусан шөбі туралы мәлімет беру).

Мақал-мәтелдерді түсініп оқу.

Мал өсірсең қой өсір,

Өнімі оның көл-көсір.

Қойдың сүті қорғасын,

Қойды ұрған оңбасын.

 

Жырды түсініп оқу.

Қорасында маңыраған,

Қозысымен жамыраған,

Қозысынан айырылса,

Қоймай ұзақ аңыраған.

Аппақ, қою сүті бар,

Ақ шағала құрты бар

Ақтылы қой жануар!

Оқулықпен жұмыс: өлеңді баяндау, іштей оқу, тізбектей оқу.

Тапсырмамен жұмыс.

Отар. Шопан ата. Жуас мал. Аша тұяқты. Тез көбейеді. Уақ мал. Қазақы қой, миранос, Қаракөл, Еділбай т.б.

Қойдың пайдасы: құйрық майын ем ретінде пайдаланады. Сүт, ірімшік, құрт жасалады.

Еті. Терісінен тон тігеді. Жүннен киіз, шұлық, киіз үй жабдықтары жасалады. Басы сыйлы қонаққа тартылады. Сүйегінен сабын жасайды. Асық алады. Жауырын сүйегіне  қарап ауа-райын болжайды.

Дәптермен жұмыс.

Қой аузынан шөп алмас- момын.

Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман - бейбіт тыныш.

Сергіту сәті. «Қошақан» әнін айту.

Шығармашылық жұмыс.

Жырды және мақал-мәтел мен жұмбақты пайдаланып, қой туралы әңгімелеп жазу.

Сызбамен жұмыс.

Қой жүнінен жасалатын заттар

Қой терісінен жасалатын заттар

Қой сүтінен әзірленетін тағамдар

 

 

 

Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма беру: жырды жаттау, қойдың жасын жазу, суретін салып келу.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз