Эссе және өлең-жыр байқауы

Тақия тігу

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы
«Жамбыл атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
І санатты технология пәні мұғалімі
Стамкулова Канша Осербаевна

Ұлттық бас киім - тақия тігу
Сабақтың мақсаты:
1. Қазақ халқының мәдениетін өзін тән әдет-ғұрпын меңгерту. Бас киім түрлерімен таныстыру. Тақияның тігу әдісін үйрету.
2. Тіл байлықтарын арттырып, өнерге қызушылығын арттыру
3. Әдемілікке баулу, өнерге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.    
Көрнекілігі: ұлттық бас киім түрлері, ерлер, әйелдер бас киімі, буклет суреттер, мата түрлері, үлгі, көрме.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру, көрсету, тігу, әшекейлеу.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, сызу
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың білімін тексеру мақсатында қайталау сұрақтары:    
1. Бұйымға қандай матаны қасиеттеріне қарай таңдайды?
2. Табиғи маталар қандай болады?
3. Ұлттық бас киім түрлері, қолданылуы
 

Жаңа сабақ: «Тақияның тігілу технологиясы»
Қазақ халқы ешқашан жалаң бас жүрмеген. Ер адам, әйел адам өзіне сай баскиім киген. Жалаң бас жүрмеудің экологиялық, эстетикалық негізі бар. Баскиім қыста аяздан,  жазда күннің ыстығынан қорғайды.
Денсаулыққа үлкен мән берген ата-бабаларымыз бас киімге аң, мал терілерін пайдаланған.
Тақия ер адамдардың бала кезінен бастап, егде тартқанша киетін бас киімі. Тақия екі бөліктен тұрады төбесі  және басқа киіліп  тұратын  бөлігі- жиегі. Үсті және астары жеке-жеке пішіліп тігіледі де біріктіріледі. Астарлық  матаға саржа, атлас, шытты пайдаланады.
Қол тігістерінде қолданылатын қандай тігіс түрлерін білесіңдер?
Айқас тігіс, көктеп тігу, жапсырып тігу, ілмекті тігіс. Тақияны тігу үшін қандай тігіс түрлерін қолданамыз? (көктеу тігісін, машина тігісін)


Енді, техника қауіпсіздік ережелерін еске түсірейік
Инемен, қайшымен үтікпен жұмыс кезінде қандай ережені мұқият есте сақтау керек?

1. Инені ауызға салуға болмайды және тастауға болмайды.
2. Іс тіккенде ине арнайы жастықшада қадалып тұру керек.
3. Тот басқан инемен тігуге болмайды.
4. Қайшыны жаныңыздағы оқушы сұраса, жауып ұшын өзіңе қаратып бер.
5. Сулы қолмен үтікті электр жүйесін қосуға болмайды.
6. Үтікті қараусыз қалдырып кетіп қалуға болмайды

Сөзжұмбақ жазылған плакатты тақтаға ілу.
1. Иненің серігі. (жіп)
2. Киім тігетін құрал. (тігін машинасы)
3. Жібек, шыт, атлас. (мата)
4. Кесте тігетін жіп. (мулине)
5. Тігінші құрал. (оймақ)
6. Жіп иретін құрал. (ұршық).
 

Сарамандық жұмыс технологиясы
1. Матаға флезелин жасырып, матаны қатайту
2. Үлгіні сырттық мата бетіне түсіріп сызу, қию.
3. Үлгіні астарлық мата бетіне түсіріп сызу, қию
4. Сырттық матаға ою-өрнекті көктеу,  жапсыру,  машинамен  тігу
5. Жекебөліктерді біріктіріп көктеу, қосу тігістері
6. Машинамен тігу
7. Әшекейлеу әсемдеу жұмыстары
 

Сабақты қорытындылау.
Оқушылар білімін бағалау.
Үйге тапсырма беріледі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз