Өлең, жыр, ақындар

Бауыржан Момышұлы "Мүшел жас"

СҚО, Уалиханов ауданы
Жамбыл орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Нұржанова Жанат Зұлқарнайқызы                       

2-сынып  Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы:Бауыржан Момышұлы "Мүшел жас"

Сабақтың мақсаты: тақырыптың балаға ой салар идеясын баса ашуға жағдай туғызу.

Күтілерін нәтижелер:

Пәндік нәтиже: мәтін мазмұнын түсініп, адам жасының ерекшеліктеріне мән бере отырып, айтылған ойға, үлкеннің сөзін тындай білуге, өзгелердің пікірімен санаса білуге үйрету.

Жүйелі іс-әрекет нәтижеі; оқушылардың өздігінен ойлануы мен іскерлігін,өз беттерінше қортынды шығару дағдыларын жетілдіру.

Тұлғалық нәтиже: әдеп-ғұрпымыз бен салт-дәстүрімізді құрметтеуге, имандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: мүшел жас кестесі,үнтаспа, салт-дәстүрлер суреті, мүшел жас кестесі, портрет, сызбалар, нақыл сөздер.

Түрі: Сыни тұрғыда ойлау арқылы дамыта оқыту

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық. (Күн көзі суреті)

Қайырлы күн!

Күннен қуат алайық
Алақанға салайық
Жерден нәр алайық
Алақанға салайық
Күн шуағынан жылу алайық,
Жүрегімізге салайық.
Жүрегіміздің жылуын
Қонақтарға сыйлайық.

Қызығушылықты ояту.

1.Жұпқа бөлу.сандар арқылы 1.3.2.5. осы сандардан жұп сан құрастыру:

Үй жұмысын тексеру.

(Бесік жыр) Тұсау кесу жырларын жатқа сұрау.

Үнтаспадан (Бесік жырын) тыңдау. Бұл өленді қай кезде айтамыз?

Мазмұн ашу.

Сәбиді Ұйқыға жатқызғанда.

Тұсау кесу жырын қай кезде айтады?

Сәби қаз басып жүре бастағанда.

Мыйға шабуыл.

Жазба жұмыстарды тексеру.

Өз ата-аналарың сіздерге қандай бесік жырын айтты екен, соны тындайық

Әр жұптан бір оқушы шығып оқиды.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы болатынын аңғардындар ма?

Ендеше, мына сөзжұмбақты шешейк.

М 3 50` жас.

Батыр атамыз Б.Момышұлының ( Ұшқан ұя әнгімесінен алынған үзінді) (Мүшел жас) мәтінін оқимыз.

- Мүшел жас дегенді қалай түсінесіндер? Көз алдарына елестетіндер.

Б.Момышұлы туралы не білетіндерін топтастыру.

Жұппен жумыс

Мағынаны тану:

 

Мәтінді түсініп оқу

 

Сөздікпен жұмыс жүргізу

Қосымша дерек: Мүшел жас туралы.

Халық даналығында мүшел жас деген ұғым бар. Бұл ұғым түркі тілдес халықтар мен олар Азия халықтарынын көпшілігінде кездеседі. Әр мүшелден өткен сайын адам баласы есейіп, бүкіл бір елді басқара алатындай шамадан болғанда, оған келер қауіпте көбейсе керек. Өйткені мүшел жастың өз қауіптері бар. Оларды жіктеуге болады.

13 жас - ер жеке бастау;
25 жас - жігіттік шақ;
37 жас - ақыл тоқтатқан кезең;
49 жас - орта жас;
61 жас - немере сүю;
73 жас - қарттықтың басы;
85 жас - кәрілік;
97 жас - қалжырау;
109 жас - шөпшек сүю;
121 жас - немене сүю;

Астраномия ғылымының деректері бойынша, әрбір 12 жылда Юпитер өзінің орбитасын бір рет айналып шығады. Адамнын мүшел жасы да әрбір 12 ай бар.

Отбасында туған күн мерекесі қалай аталып өтіледі?

Т кестесінің стратегиясын қолдана отырып бұл мерекенің жақсы–жаман жағын ажыратып жазайық

Ойтолғау:

Алғашқы мүшел жасынды тойла десе қалай тойлар едін? Сол жайлы жазындар.

Сыныптастарының біреуің туған күніне тілек жазындар.

Бағалау:Кері байланыс. Смайлике жапсыру:

Үйге тапсырма: Туған күнді тойлау тақырыбына шығарма жазу.

(Туған күн әні)


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер