Өлең, жыр, ақындар

Жануарлар дүниесінің әр түрлілігі

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
№12 бастауыш мектеп
Шалабаева Алмагүл Утешқызы

Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Жануарлар дүниесінің әр түрлілігі

Сабақтыңмақсаты:

1. Оқушылардың жануарлар туралы білімдерін бекітіп, олардың тіршілігіндегі өзгерістер мен ерекшеліктері туралы түсінік беру.

2. Оқушыны ойланту, өздігінен ізденіске салу, қиялдату, ойын тұжырымдату, ой-өрістерін кеңейту, шығармашылығын дамыту.

3. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, жануарларды сүйіп, күте білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, сызбалар, тестік тапсырмалар.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, ойын тұжырымдау, дәлелдеу, өзіндік жұмыс.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезең. Психологиялық дайындық.

Табиғат!
Тіршіліксің тұнып тұрған.
Сен – Күнсің!
Көтерілген күліп қырдан.
Сен – Көлсің, Сен – Ормансың,
Сен – Бұлақсың,
Адамды сұлулыққа құнықтырған.

II. Үй  тапсырмасын  тексеру.

- Табиғат деген не?
- Табиғат  нешеге  бөлінеді.
- Өлі  табиғаттың тірі табиғаттан айырмашылығы неде?
- Олардың арасындағы байланыс қандай?

1. Өсімдік тірі ағза екенін дәлелде.
2. Өсімдіктерді қандай топтарға бөлуге болады?
3. Өсімдіктің тіршілігі үшін  қандай жағдайлар қажет?
4. Өсімдік мүшелерін  ата.
5. Өсімдік қандай  қызымет атқарады?
6. Күзде жапырақтар неге сарғайып жерге түседі?
7. Өсімдіктердің көбеюі. (Түс. айту, сурет)

 

8. Өсімдік тіршілік көзі.  Адам өмірінде және жануарлар тіршілігінде маңызы зор.


1. Суретпен  жұмыс
2.  Жануарлар да тіршілік иесі оларға да адам сияқты жағдайлар қажет. Олардың қоректенуіне қарай бірнеше топқа бөлінеді.

IV. Оқулықпен  жұмыс.

V. Сергіту сәті.

Орны ауысқан сөздерден өлең құрастыру.

VI.  Дәптермен жұмыс. 

Жануарлардың қоректенетін тағамдарын сызбамен  қосу.

Жылқы                               қоңыз
Тышқан                              гүл  шырыны
Борсық                               жидек
Ара                                     сұлы
Аю                                       дән

VII. Тиянақтау.

Тест  жұмысы

VIII. Үй тапсырмасы. Оқу, түсінігін айту.

Қорыту, бағалау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз