Өлең, жыр, ақындар

Литва ертегісі. Егінші мен қасқыр

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
№12 бастауыш мектеп
Шалабаева Алмагүл Утешқызы

Әдебиеттік оқу  3 сынып

Сабақтың тақырыбы: Литва ертегісі. Егінші мен қасқыр.

Сабақтың мақсаты: Егінші мен қасқыр ертегісінің негізгі идеясын ашу арқылы диқан еңбегін құрметтеуге, нанды үнемдеуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Шығармашылық қабілеті артып, сөздік қоры дамиды, өздігінен қорытынды шығаруға жаттығады. 

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: Блум кестесі, ойлаудың алты қалпағы, топтық жұмыс, жұптық жұмыс, сұрақ- жауап, фишбоун.    

Сабақтың көрнекілігі: Презентация, оқулық.

Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру.   

Мынау басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым,
Барлық істі атқарған.
Мынау менің сол қолым,
Қолғанаты оң қолдың.
Мынау менің сәлемім,
Қабыл алсын қонағым.

Буындар арқылы сыныпты топқа бөлу.

1 топ. Диқаншылар
2 топ. Комбайншылар.
3 топ. Диірменшілер.
4 топ. Наубайшылар.

Сабаққа мақсат қояйық.

Мақсатымыз - білім алу.

Міндетіміз - еңбектену

5-ке қолды жеткізу.

I кезең. Білу. Ұшқыр ойдан - ұтымды жауап.                                                                            

1. Жұптық жұмыс: Еңбекқор құмырсқа тақырыбына жазған шығармаларын оқу, бағалау.

2. Сұрақ- жауап.

Диқаншылар: «Шегіртке мен құмырсқа» мысалы кімнің аудармасы?
Комбайншылар: Мысалдағы кейіпкерлерді ата:
Диірменшілер: Шегіртке құмырсқаға неге  келді.
Наубайшылар: Құмырсқа шегірткені неліктен илеуіне  кіргізбеді.

II кезең. Түсіну.

Ексең егін, ішерсің тегін.

- Балалар мен сендерге қазір мәтін оқып беремін. Сендер мәтіннің не жайында екенін аңғаруға тырысыңдар. Жерге шыр етіп түскеннен кейін онсыз тұра алмайсың. Ол дастарқанға ең бірінші қойылады. Ол жарқыраған алтын емес, бұрқыраған ақша емес. Бірақ оған ақша жетпейді. Оның пішіні көлемі әр түрлі, бірақ бәрінің де дәмі сондай тәтті. Оны барлық адамдар сүйсініп жейді. Ол не деп ойлайсыздар.
- Нан
- Тақтаға назар аударыңдаршы!
- Ненің суретін көріп тұрсыңдар?
- Қалай ойлайсыңдар бүгінгі сабақ не туралы болмақ?                                     

Топтарға тапсырма беру.

1 топ: Нанға байланысты тыйым сөздер жазу.

– Наннан аттама.
– Нанды жерге тастама                                                                                              

2 топ: Нанға байланысты мақал-мәтел жазу.                                                                                

1. Нан - дастарқан байлығы.
2. Нанға құрмет, елге міндет.
3. Ас атасы - нан.
4. Дастарханда наны жоқтың, тамағының сәні жоқ.
5. Нан - ел ырысы, өмір азығы.       

3 топ: Нанның суретін салу.

4 топ: Нан тақырыбына топтастыру.  

III кезең.Талдау. Берсең аларсың, ексең орарсың. Мәтінді оқу, талқылау, жұптық жұмыс. Тапсырма «Ойлаудың алты қалпағы»

Ақ – ертегімен мазмұнын әңгімелеу.

 

Қызыл - ертегі мазмұны бойынша жоспар құру.

Сары - рөлге бөліп оқу.                                                                                                                   

 

Жасыл - шығармашылық топ (өлең,ән,көрініс,т.б.)

Қара – қасқыр туралы мағлұмат беру.

Сергіту сәті

IV кезең. Қолдану. 

Нанға құрмет, елге міндет. 

Топтық тапсырма

1 топ: Синквейн

Бес жол өлең құрастыру

Не?                              Нан

Қандай                         Тәтті, жұмсақ.        

Не істейміз?                 Жейміз, жасаймыз, пісіреміз. 

Қандай тағам?              Нан - қасиетті тағамның бірі.

Нан түрі:                      тоқаш

2 топ: Постер арқылы қорғау. Нанның дастарқанға келу жолы.

3 топ:  Ертегі мазмұны бойынша сурет салу.

4 топ: Ертегі  мазмұнына  сүйеніп  өлең  жолдарын  құрастыру.

V кезең. Жинақтау.                                                                                                                

Нан – ардақты ас, аттамас одан кәрі, жас.

Фишбоун.                                                                                                           

Рефлексия

1. Не білдім?
2. Не түсіндім?
3. Нені ойға түйдім.

Бағалау.

Үйге тапсырма: Ертегі мазмұны бойынша өз  ойларын жазу. (эссе)


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз