Өлең, жыр, ақындар

Неше доп?

Қарағанды қаласы
№3 гимназияның
қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі
Мустояпова Алия Жумабековна

Сабақ жоспары
Сабақ № 5
Тақырып: Неше доп?
Сынып  1    Қатысып отырғандары:
Келмегендер саны:
Осы сабаққа арналған оқу мақсаты    1.1.3.1.Хабарламаны тыңдау және мұғалімнің көмегімен мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру, сәйкес иллюстрация/заттық сурет/сызба таңдау.
1.2.3.1. Сұхбаттасын түсіну және түрлі тәсілмен әрекет жасау, этика нормаларын сақтап жауап беру.
1.2.6.1. Тыңдаған/оқыған материал туралы өзінің қарапайым пікірін (келісімін/келіспеймін, ұнайды/ұнамайды білдіру).

Жетістік критериі    Барлық оқушылар істей алады: 
    Хабарламаны тыңдайды  және мұғалімнің көмегімен мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, сәйкес иллюстрация/заттық сурет/сызба таңдайды.

    Оқушылардың көпшілігі істей алады:
    Сұхбаттасын түсінеді  және түрлі тәсілмен әрекет жасау арқылы  жауап береді.

    Кейбір оқушылар істей алады: 
    Тыңдаған/оқыған материал туралы өзінің қарапайым пікірін (келісімін/келіспеймін, ұнайды/ұнамайды) білдіре алады.

    Негізгі сөздер мен фразалар: 
    Бұл, не, қандай, неше, доп,қалам,қарындаш, дәптер, кітап,текше
    Сұхбатқа арналған пайдалы фразалар:
    Бұл не? Бұл-кітап. Бұл-доп. Бұл-дәптер. Бұл қандай доп? Бұл неше доп?
    Талқылауға арналған сұрақтар:
    Бұл не?  Доп қандай?  Бұл неше доп?
    
    Жазбаша ой салулар
Осының алдындағы оқу     Таныса отырып, бұл сұрағына жауап бере білетіндерін көрсетеді.
Жоспар

Жоспарланған мерзімдер            Жоспарланған шаралар    Ресурстар
Басы 


Ширату  жаттығулары

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе    Психологиялық ахуал.  Оқушыларды шеңберге жинаймыз.  Сен әдемісің. Сөзін айтқызу арқылы оқушылар бір-біріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

Миға шабуыл:  (ширату жаттығуы) 
-    
-    Сабақтың мақсатымен таныстырамын.
1.1.3.1, 1.2.3.1, 1.2.6.1. 
Басты доминант мақсатымыз-1.2.6.1. 
-Қалай ойлайсыңдар, бүгін біз қандай тақырыптың төңірегінде жұмыс жасайтын болдық? 
-  Санау   деген жауап алуға болады.  
Тақырыптың  осы  бейнероликке сәйкес екенін  айта келе,  Неше?  Сұрағына жауап беруді  үйренетінімізді  түсіндіріп өтемін. 
Сыныппен жұмыс.  Суреттерді көрсету арқылы оқушылардан   Бұл не? Сұрағына жауап  ала отырып, неше? Сұрағына жауап бере білуді  үйретемін.
 Сыныппен жұмысқа ұсынылатын жетістік критериі
1.    Сұрақты  түсінеді
2.    Сұраққа дұрыс жауап береді
 Жарайсың, өте дұрыс, өте жақсы, жақсы мадақтау сөздері арқылы оқушылардың жауаптары бағаланады. 
Жұппен жұмыс.  Әр жұп  тақырып бойынша  берілген бір сурет арқылы бұл неше ...? сұрақ қояды  және жұбының жауабын бағалайды. 
Жұптық жұмысқа ұсынылатын табыс критериі
1.    Сұрақ қоя біледі
2.    Сұраққа дұрыс жауап береді
3.    Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айта алады    

 

 


бейнеролик

 


Суреттер: www.razvitierebenkа. соm

 

 

 

Ортасы 

 

 

 

 

 

 

 


    
Сергіту сәті.
 
Бір алма, екі алма, үш алма, төрт алма, бес алма, жеті алма, көп алма.
Суретті көрсете отырып, әнімен орындата отырып, санауға үйретемін, әрі шынығып аламыз.

Жеке жұмыс. Дәптермен жұмыс жасату.
 Қол моторикасын дамыту мақсатында дәптердегі тапсырманы орындату.
2-тапсырма
Аудионы тыңдату арқылы неше  доп екенін  анықтау. Дұрыс бұрыстығын тексеру
(Смайликтер арқылы бағалау)
 Оқулықпен жұмыс.
2-тапсырма. Тыңда, қайтала. Үлгі бойынша сөйлес.
-Маған  бір доп  берші.
- Міне, ал.
Жұптық жұмыс. Оқушыларды үлгі бойынша сөйлету.
Жұптық жұмысқа ұсынылатын табыс критериі
1.    Сұрақ қоя біледі
2.    Сұрақты түсінеді,дұрыс жауап береді
    

 

Соңы 

Рефлексия     Балалар, біз бүгін қандай сөздермен таныстық?  Қандай сұраққа жауап бере аламыз?
5 саны -  түсіндім
3 саны - жақсы түсінбедім
2 саны - мүлдем түсінбедім
    

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз