Өлең, жыр, ақындар

Әбілхан Қастеев

Жаңаөзен қаласы
№7 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Менкеева Мирагуль Аманкосовна

Әдебиеттік оқу  3 сынып

Сабақтың тақырыбы: Әбілхан Қастеев
Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға қазақтың саңлақ суретшісі Әбілхан Қастеев туралы білімдерін толықтыра түсу. Автор жайлы мағлұмат беру.
2. Оқушылардың тілдік, сөздік қорларын молайту, танымдық ойлау қабілеттерін арттыру.
3. Ұлттық өнерге деген сүйіспеншілік арқылы эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу, музыка.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, ой қозғау, ойынтүрлері.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кітапша.

Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Балаларды түгендеу. Бір-біріне сәттілік.
II. Үй тапсырмасын тексеру. М.Әлімбаевтың «Әнші Әміре» мәтінін әңгімелеу.
Оқушыларға әңгіме туралы түсініктерін әңгімелету.
Үй тапсырмасын қорыту. «Орамал тастамақ ойынымен».

1. Мәтінде Риддер қаласы туралы туралы не айтылған?

2.Мәтінде  аты аталған өнер адамдары туралы не білесің?

3. Риддер қаласымен өнер адамдары  байланыстырған қандай оқиға?

4. Сызбада берілген сөздердің арасындағы мағыналық байланысты анықта.

Аспанды қақ жарғандай   -      бір сәтте қаптап, ағылып

Тасыған қар суындай        -   топырлайды, бір-біріне жол бермейді

Сеңдей соғылысады          -    күшті, қатты

5. Үйге тапсырмаға өнерге байланысты мақал-мәтелдер жинау берілген болатын. Мақал-мәтел сұрау.                                 

Бүгінгі сабағымыз өнердің бір түрі сурет салу өнері туралы болмақ.

III. Жаңа сабақ.
Әбілхан Қастеев (1904—1973 жж.) — қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып-өскен жері — Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Топырақ бұйырған жері — Алматы қаласы. Қазақстанның халық суретшісі (1944). Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы (1945-1956). Еңбек жолын Түрксіб темір жол құрылысында жұмысшы болып бастады. Мәскеудегі көркемсурет студияларында Н. Г. Хлудов пенИ. Бродскийден сабақалды (1929-1936). Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген.

Әбілхан қолөнерге, одан соң суретшілік өнерге жастайынан бейім болған. Анасы Айғанша кілем, алаша, бау-басқұр тоқуға, сырмақ сыруға, шым ши жасауға шебер адам болыпты. Әбілхан осы халық өнеріне бала кезінен көз қанықтырып, анасына ою-өрнектер салуға көмектесіп, сурет өнеріне қолын үйретіп өседі. Оның 1930-1931 жылдары салған "Қарындастың портреті", "Автопортрет" атты туындылары тұпнұсқаға ұқсастығымен және кейіпкер болмысын ашуға деген талпынысымен ерекшеленеді. Ол бірте-бірте ел өмірінің алуан салалы тіршілік-тынысына ден қойып, тарихи-әлеуметтік өзгерістерге суреткер зердесімен қарай бастайды. Оның "Мектепте" (1930), "Түрксіб" (1932), "Жамбылдың портреті" (1937), "Ескі және жаңа тұрмыс" (1937-1941), "Аманкелді сарбаздары" (1970), "Жас Абай" (1945) сияқты туындылары дарынды суретшінің өткен мен бүгінді шыншылдықпен бедерлеген көркем шежіре іспеттес. Әбілхан — туған жердің әсем табиғатын, оның дидарындағы адам қолының жасампаз өзгерістерін зор шабытпен бедерлей алған суреткер. Оның "Биік таулы мұз айдын" (1954), "Гул ашқан алма" (1958), "Менің Отаным" (1959), "Жайлаудағы авто-дүкен" (1963), "Қапшағай ГЭС-і" (1972) сияқты полотнолары эпикалық қарымымен, шыншылдығымен назар аударады. Әбілхан Қастеев суретші ретінде өзіндік дара қолтаңбасымен ғана ерекшеленіп қоймайды, сонымен бірге, ол — туған жері мен өскен елін перзенттік махаббатпен жырлай алған біртуар суреткер. ]Танымал туындылары
«Колхоздағы сүт ферма», «Мақта жинау», «Колхоздың тойы», «Қыз алып қашу», «Сатып алынған қалыңдық», «Алтын астық», «Ақсай карьері», «Медеу мұз айдыны», «Түрксіб», «Талас жағалауы», «Қапшағай даласы». Сонымен қатар Кенесары Қасымов, Абай, Шоқан Уәлиханов, Жамбылдың портреттері; ерекше танымал болып табылатын портреті – «Амангелді Иманов» портреті.

Оқулықпен жұмыс.

Тізбектей оқу. Тауып оқу.


Сергіту сәті.
Биші бұралып билейді,
Күйші домбыра тартады
Спортшы жүгіріп, секіреді,
Оқушы отырып, сабақ оқиды.


Дәптермен жұмыс.

а/ күннің жады

ә/топтастыру   

 

Бекіту,

Бес жол өлең құрастыру  

Қастеев

Шебер, керемет

Мүсіндейді, бейнелейді, еңбектенеді

Ә.Қастеев – талантты суретші.

Суретші

Қорытындылау. Не үйрендік? Не алдық?

Бағалау.

Үйге тапсырма: Ә. Қастеев өмірбаянын түсініп оқу.

Суретші Ә.Қастеев туралы деректер жинастыру.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз