Өлең, жыр, ақындар

7 санының құрамы

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы
Тұщықұдық ауылы
Сәттіғұл Жаңғабылов атындағы орта мектеп
бастауыш сынып мұғалімі: Айтымова Орынгүл Куановна

Сабақтың тақырыбы: 7 санының құрамы.

Сабақтың мақсаты:

1. 7 санының құрамын меңгерту, өрнек құру арқылы оның мәнін табуға, теңдік және теңсіздік таңбаларын дұрыс қоя білуге үйрету.

2. Ойлау, есте сақтау қабілеттерінің матаематикалық тілін дамыту, бағыт–бағдар бере отырып өздігінен жұмыс істеуге, топтық жұмысты шапшаңдықпен орындауға дағдыландыру.

3. Ептілікке, ынтымақшылдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: топтық, жеке

Сабақтың көрнекілігі: сандар, сызба, жұмбақ, шығармашылық жұмыс.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру.

Айтқан тілді аламыз,
Сабаққа зер саламыз.
Озат, алғыр баламыз,
Кілең бестік аламыз.

Математика сабағына қатысты құралдарымызды шығарып, оқушы ережесіне сай отырайықшы.

II. Өткен сабақты бекіту "Жапырақтар сыры"

-    Жылдың қай мезгілі? Күз мезгілінің нешінші айы? Жапырақтар түсі қандай болады?
-    Мына себетке жапырақтарды жинап алайық.
-    Жапырақтарды санайықшы (7)
-    Жапырақтарда сұрақтар бар екен.
1.  Сандар нешеге бөлінеді, қандай?
2.  Кесінді дегеніміз не?
3.  Сәуле дегеніміз не?
4.  Қандай санмен танысдық, 7 саны қандай сан?
5.  7 санына байланысты мақал – мәтел, ертегі, жеті қазынаны атау.
6.  7-ге дейін тура санау, кері санау.
7.  7 санынан кем санды ата.

III. «Сырлы сандықтар саны» Жаңа сабақты түсіндіру.

Әр топқа сандықшалар беріледі. Ішінде 7 түрлі заттар болады. Соларды екіге бөлу арқылы 7 санының құрамын шығарамыз.

1 сандықта 6+1

2 сандықта 3+4

3 сандықта 5+2

4 сандықта 0+7

Өрнектердің мәні 7-ге тең. Олай болса, бұл өрнектер 7 санының құрамы болады. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «7 санының құрамы».

1. «Білім сыры»

7 санының құрамына байланысты білімімізді толықтыра түсейік.

А) Әр топқа тапсырмалар беріледі

I топ. Өрнектерді қоршап сызу

 

II топ. Теңдіктерді қоршап сызу.

 

III топ. Теңдікті қоршау.

I топ. 7 саны бар теңдікті қоршау.

Ә)  «Сәйкестендіру» әдісі.

 

Б) Жұмбақ арқылы өрнек құрастыру.

 

Табақта бес алма
Қолымда 2 алма
Қосқанда барлығы
Болады неше алма  (5+2)

Шомылып жүр екеуі
Жағалауда бесеуі
Балалардың барлығын
Санап берші сен тауып (5+2)

Жеті асықтың үшеуін
Досың сұрап алады
Айтшы сонда нешеуі
От қолында қалады (7-3)

Көлден ұшты 7 қаз
Қайтып қонды екі қаз
Қонбады оның нешеуі
Қане кім тез шешеді? (7-2)

Сергіту сәті

1,2,3 – қарлығаш боп ұш

4,5,6 – қарлығаш боп қалқы

7,8,9,10 – қайта орнына қон.

Жазу сыры: Математикалық диктант

А)

7-2=5 (Жеті азайту екі мәнін табу)

3+4=7 (үш қосу төрт мәнін табу)

6<7 (алты кем жетіден)

7>5 (жеті артық алтыдан)

Б) «Тиісті сандарды қой»

«Пішіндер сыры» Қорытындылау

Бағалау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз