Өлең, жыр, ақындар

Кедей. Сұлтанмахмұт Торайғыров

Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы
«№17 Байқоңыр жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің
бастауыш сынып мұғалімі: Абжанова Молдир Азиевна

Сабақ: әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Кедей. Сұлтанмахмұт Торайғыров
Сабақтың мақсаты: Өлең мазмұнымен таныстыру, С.Торайғыров өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұмат беру, өлең мазмұнын ашу. Әр түрлі ой дамыту стратегиялары арқылы өздік жұмыс істеуін, ізденіс, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Басқаның пікірін тыңдай білуге, кейіпкер тағдырын түсініп, ортақтаса білуге баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап, әңгімелеу, салыстыру, жұппен жұмыс
Сабақтың барысы:

1. Психологиялық дайындық. Қызығушылықты ояту.

Қара достым жан-жаққа,
Дайынсың ба сабаққа?
Кітап, дәптер, қалам да,
Бәрі-бәрі орнында...

Жұпқа бөлу

2. Үй тапсырмасын сұрау: Б. Майлин. «Күлпаш»
Әр оқушыға сұрақ таңдату:
1. Күлпаштың сырт келбеті мен үй- іші туралы әңгімеле.
2. Алты айғы қыс азабы, халықтың ауыр тұрмысы жайлы әңгімеле.
3. Мақтымның сырт келбеті жайлы әңгімеле.
4. Мақтым, Күлпаш, Қали арасында болған әңгіме.
Сұрақтар:

-Бұл әңгімеде оқиға қандай кезеңде болған?
(Ашаршылық кезеңде болған)
-    Қали мен Күлпаш Мақтымның келгенін неге асыға күтеді?
(Әкесі Мақтым тамақ әкеле ме деп күтеді)
-    Мақтым мен Күлпаш неге жылады?
(Жылаған себебі тамағы жоқ, сол кезде ашаршылықтан қатты  қиналды. Жоқшылық жандарына батады, сондықтан жылады)
-     Қазақ халқының аштыққа душар болуының себебі неде?
(Қазақ халқының аштыққа  душар болуының себебі, бірінші ашаршылық Ресейдегі азаматтық соғыстың кесірінен болса, екінші табиғи апат, қолайсыз ауа райының салдарынан  орын алған ашаршылық. 1930-1932 жылдардағы ашаршылық қазақ халқының  түгелдей дерлік босып шет елдерге өтіп, жете алмағандары жалда қалып, қаншама қазақ  атамекенінде қырылып қалды)

3. Үй тапсырмасын қорытындылау.

Тест сұрақтары:

1. Б.Майлиннің “Күлпаш” әңгімесінде ел басынан өткен қандай кезең суреттелген?
А) соғыс жылдары
Ә) ашаршылық  жылдары
Б) жоңғар шапқыншылығы

2. Ашаршылық қай жылдары болған?
А) 1941-1945 жылдары
Ә) 1936 жылы
Б) 1930-1932 жылдары

3. Жырлағаным – кедейдің жыры,
Сырлағаным - кедейдің сыры.
Сырым да бір, жырым да бір -
Мен дағы сол кедейдің бірі.
Бұл кімнің сөзі?
А) Б.Майлин
Ә) Қабанбай батыр
Б)  Б.Соқпақбаев

4. Ой қозғау

Тест тапсырмасының 3-ші сұрағындағы өлең шумағында қайталанып тұрған қандай сөз?

-Кедей..
-Олай болса, « кедей» сөзін естігенде көз алдымызға кімдер елестейді?

5. Мағынаны тану.

 

Автор туралы мәлімет

Түсіндіре баяндау: С. Торайғыров 1893ж. 28 қазанда қазіргі Көкшетау облысы, Қызылту ауданында дүниеге келген. Ақынның әкесі- Шоқпыт ( шын аты-Әбубәкір) кедей, момын шаруа болған. Арғы атасы –Торайғыр би ел аузында аты аңызға айналған, көптеген шешендік, билік сөздері халық жадында сақталған адам. Орақ тілді ақын  алты жасында  әкесінен оқып хат таныса, кейін Әлі, Тортай, Мұқан деген ауыл молдаларынан білім алған. Баянауыл, Троцкі қалаларында 1908-1912 жж. Медреседе оқыды. «Айқап» журналының  редакциясында хатшы болып жұмыс істейді. «Адасқан өмір», «Кедей», «Айтыс» поэмалары, көптеген өлеңдері, «Қамар сұлу», «Кім жазықты» романдары бар. 1920 жылы «Айтыс» деген поэма бастап, аяқсыз қалып қояды. Содан, 1920 жылы 21 мамыр күні 27 жасында дүниеден өтеді. Үнемі шындық іздеумен, құлшынумен, күреспен өмірі өтті.

Оқулықпен жұмыс

Іштей оқу.  Өлеңді оқып,  түсіндіреді.

Жұптық жұмыс.

І жұп: 1 шумақты оқиды. Тірек сөздер жазады.  Осы сөздер арқылы  өлеңнің  мазмұнын ашады.
ІІ жұп: 2  шумақты оқиды. Тірек сөздер жазып,  өлеңнің мазмұнын айтады.
І шумақ тірек сөздер: күзгі түн, ызғар, құрау, бұлт, қараңғы ел ұйқыда т.б
ІІ шумақта: ұзақ түн, иттен басқа, жаурау,  талай жасқа  т.б

Өлеңді талдау:

1. Өлең кім туралы екен?
2. Бұл өлеңді ақын неліктен «Кедей» деп атады деп ойлайсың?
3. Өлеңде қай мезгіл суреттелген?
4. Табиғаттағы күзгі өзгерістер суреттелген тұсын тауып оқы.
5. Кедейдің ауыр тұрмысы қалай бейнеленген?
6. Сен өлеңді басқаша қалай атар едің?
7. Өлеңді оқығанда қандай сезімде болдың?

6. Сергіту сәті.

7. Ой толғаныс.

Әр жұп өздеріне берілген тапсырманы кестеге толтырады. Ойды дәлеледеп, өмірден мысал келтіреді.

 

I жұп

II жұп

Қазір кедей адам жоқ.

     Қазіргі кезде кедей адамдар бар.

- Әр топтың жауаптары тыңдалып болғаннан кейін, өзім толықтырамын:

- Иә, балалар қазіргі кезде кедей адамдар бар, жоқ деп айтуға болмайды, неге олай, қазіргі кездегі кедей адамдар жалқаулықтан, еріншектен, бос жүруден, жұмыссыздықтан болады.

8. Бейнесюжеттер көру. Ашаршылық кезеңдердегі адамдардың тірлігі, кескін-келбеті.

9. Венн диаграммасы.

І жұп: «Күлпаш»  пен «Кедей» әңгіме мен өлеңін салыстыру.

ІІ жұп: Авторларды салыстыру.

                                          ұқсатығы                                                                                          ұқсатығы  

1. Біз қандай шығармамен таныстық /«Кедей» өлеңімен/     
2. «Кедей» өлеңінің авторы кім? /С. Торайғыров/
3. Өлеңде қай кез суреттелген? /күз/
4. Осы өлең мазмұнында не туралы айтылған? /кедейлік /
5. Қазіргі біздің заманымызды осы өмірмен салыстыруға бола ма?

/Біз қазір бейбітшілік, еркіндікте өмір сүреміз. Өйткені біздің өз заңымыз, өз егеменді еліміз бар. Адамдарымыз күндіз-түні жұмыс істемейді. Бұрын 18 сағат жұмыс істесе, қазір 8 сағат жұмыс істейді. Қазіргі кезде біз, адамдар тең құқылы заңға сүйенеміз./

Қорытынды: Не білдім? Пікір. Не білгім келеді?
Бағалау
Үйге тапсырма
: «Кедей» өлеңін жаттау. Өлең мазмұны бойынша сурет салу.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз