Өлең, жыр, ақындар

Лепті сөйлемді қайталау

Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
«Новоселов орта мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Сердалина Индира Тургынбаевна

Мақсаты: оқушыларға лепті сөйлем туралы түсініктерін қайталау, лепті сөйлем туралы білімдерін тиянақтау. Өз бетінше жұмыс жасауға баулу. Оқушылардың теориялық ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Адамгершілікке, ұймшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүние тану.

Көрнекі құрал: сызба, суреттер, слайд.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіңдер ме?  алалар

- Бүгін сыныпта кім кезекші?
- Сыныпта оқушылар түгел ме?
- Балалар бүгін сабақ өзгеше болмақ, себебі бізге бүгін қонақтар келіп отыр. Олай болса, бүгін сабағымыздың сәтті, көңілді өтуіне тілектерімізді, ойларымызды, ортаға салайық.

2. Психологиялық дайындық.

Күн көзіндей күлімдеп,
Көңілді болып жүрейік.
Қазіргі болар сабаққа,
Жүректен ақ жол тілейік-дей отырып сабағымыз жақсы өтуіне сәттілік тілейік.

- Балалар бір-бірімізге сыйлық сыйлағанды жақсы көреміз бе?

Алдарындағы шарлардың түсі біркелкі. Шарларымыздың түсін өзгертіп бояп, сыйлайықшы.

- Олай болса  бір-бірімізге көмектесе отырып, сабағымызда болатын тапсырмаларды орындайық.

- Балалар мына суретте не көріп тұрмыз?

- Кәмпит

Қазір осы кәмпиттер арқылы екі топқа бөліне қояйық.

Үйге қандай тапсырма берілді?

85-бет; 3-жаттығу.

- Ал, балалар ребус шешіп көрейікші. (Сөйлем)

- Не бейнеленіп тұр?

К әрпі с әрпіне ауысып тұр.

- Қандай сөз шықты?

- Сөйлем

Ережелер сөйлейді:

Сөйлем дегеніміз не? Мысал келтір.
- Сөйлем сөздерден құралады.
- Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.
- Сөйлем қандай әріптен басталады?
- Сөйлемнің соңында тыныс белгісі қойылады.
- Сөйлемдегі сөздер бөлек жазылады.
Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
Хабарлы сөйлем дегеніміз не? Мысал келтір.
- Бірдеңе жайында хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте қойылады. Балалар далада ойнады. Сұраулы сөйлем дегеніміз не? Мысал келтір.
- Жауап алу мақсатында айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі қойылады. Айгүл дүкенге барасың ба?
Лепті сөйлем дегеніміз не? Мысал келтір.
Лепті сөйлем адамның көңіл күйін,сезімін білдіреді. Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі қойылады.Табиғат қандай керемет!
-Жақсы балалар ережені есімізге түсірдік.
-Енді дәптерлерімізді ашып, ай мен күнді жазайық.
Алақай, апам келді!
Жасасын, Қазақстан!
 Ауа райы қандай керемет!
-Бұл қандай сөйлемдер?
-Лепті
-Ендеше бүгінгі біздің тақырыбымыз,лепті сөйлемдерді қайталау.
-Келесі тапсырмамыз

Берілген сөздерден сөйлем құрастыр

-Жұппен жұмыс:

Күз, жаңбырлы, қоңыр, келді.
Жапырақ, жолдарды, сары, басты.
Жылы, ұшты, жаққа, құстар.
Келді, Жанар, мектепке.

Жаңбырлы қоңыр күз келді.
Жолдарды сары жапырақ басты.
Құстар жылы жаққа ұшты.
Жанар мектепке келді.

1-топ: Сурет бойынша мәтін құрап жазады.

2 топ: Мәтін бойынша сурет салады.

- Жақсы балалар

- Оқулықпен жұмыс  87-бет; 2-жаттығу. Сөйлемдердің соңына тиісті тыныс белгілерін қойып жаз.

- Тақтада орындайды.

Менің  Отаным-күн шұғылалы Қазақстан.Отанымыздың даңқы арта берсін!

Көл жағасы қандай керемет! Біздің міндетіміз жақсы оқу.Ертеңгілік тамаша өтті!

- Сергіту сәті:

- Кел, ойнайық

Шіркін, айға самғап ұшсам ғой!  Бурабайдың табиғаты қандай әсем!

Еліміздің тұңғыш президенті кім? Күн бұлттанды ма?

Қорқақ қоян қашуға дайын тұр. Пештегі от лапылдап жанды.

Сенде қарындаш бар ма?  Бүгін досың келе ме?

- Келесі тапсырма:

- Берілген сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдыру

Күн шықты.
Қар қалың жауды.
Асан мектепке  келді.

Күн шықты ма?
Қар қалың жауды ма?
Асан мектепке  келді ме?

Тест

1. Сөйлемнің неше түрі бар?
А) 2  
Ә) 1  
Б) 3

2. Дұрыс жазылған сөйлемді тап::
А) Оқиды Асхат сыныпта бесінші.
Ә) Асхат бесінші сыныпта оқиды.
Б) Сыныпта оқиды бесінші Асхат.

3. Лепті сөйлемнің соңында не қойылады?
А) нүкте (.)  
Ә) сұрақ белгісі (?)
Б) леп белгісі (!)

4. Сөйлем дегеніміз не?
А) тиянақты ойды білдіреді
Ә) заттың қимылын білдіреді
Б) заттың түсін білдіреді

5. Мәтіннің неше түрібар?
А) 2
Б) 3
Ә) 5

6. Сөйлем неден тұрады?
А) әріптен
Ә) сөзден
Б) буыннан

7. Сөйлемдіге сөздер бір-бірінен қалай жазылады?
А) бөлек
Ә) бірге

Ребус шешу:
Сабақты қортындылау.
Бағалау.
Үйге тапсырма.


Пікірлер (2)

Сайран

Керемет өте жақсы екен

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз