Өлең, жыр, ақындар

Көсемшенің түрленуі

«Шорнақ» жалпы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі  
Жумагулова Раушан Боранбаевна

Пәні: Қазақ тілі               Сынып: 7 сынып                 

Сабақтың тақырыбы: Көсемшенің түрленуі

Мақсаттары: Тапсырманы топпен орындау арқылы ережені меңгереді, білімдерін бекітеді, сын тұрғысынан ойын жеткізе білуде пайдаланады, сұраққа нақты жауап береді

Күтілетін нәтиже: Оқушылар тақырыптың негізгі мазмұнын түсінеді,үйренеді, өмірде қолдана білуге дағдыланады

Модульдері: АКТ (ақпараттық коммуникативтік технология), СТО (сын тұрғысынан ойлау), ОЖЕ (оқушылардың жас ерекшеліктері), ТжДОЖ (талантты және дарынды оқушылармен жұмыс). ОБжК (оқытуды басқару және көшбасшылық), ОҮБжОБ (оқыту үшін  басқару және оқытуды бағалау), ДО (диалогтық оқыту)

Бағалау: Өзін өзі (ӨӨБ), жұптық (ЖБ), топтық (ТБ), жиынтық (ЖБағ)

Деректер: тақта, стикерлер, постерге арналған қағаздар, маркерлер, бағалау парақтары

Әдіс тәсілдер: Миналы алқап, Спирал, Мені жалғастыр, Венн диаграмма

Сабақ кезеңі

Уақыт

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

 

Қызығу-шылықты  ояту

2 мин

«Миналы алқап» ойыны арқылы үй  тапсырмасы бойынша сұрақтарға жауап береді

   1. Есімше дегеніміз не? 
   2. Есімшенің жасалу жолдарын айтыңдар. 
   3. Есімше жіктеліп келіп қандай қызмет атқарады? 
   4. Есімше септеліп, көптеліп, тәуелденіп келіп қолданылса қандай қызмет атқарады? 
   5. Есімшенің жұрнақтарын айтыңдар? 

Оқушылар «Миналы алқап» ойыны бойынша  өткен сабаққа өз қортындыларын жасайды

 

АКТ

Түсіну

7 мин

«Спирал» әдісі бойынша өткен тақырыппен жаңа тақырыпты мағанасын ашу

Жаңа тақырып:   Көсемше де, есімше сияқты екі түрлі мәнде екі түрлі қызметте жұмсалады Мысалы Мақал-мәтелдер

1. Ат баспаймын деген жерін үш басар

2. Сын түзелмей, мін түзелмейді

3. Асқар тау алыстан көрінеді      

4. Ақылды кісі азбайды,асыл бұйым тозбайды

5. Оқып сөйлеме, көңіліңе тоқып сөйле

6. Көсемшенің жасалу жолын жазыңдар

а) -ып, -іп, -п

ә) -а, -е, -й

б) -ғалы, -гелі, -қалы, -келі

Көсемшенің жіктелмейтін түрінің астын сыз.

1. Көсемше дегеніміз не? 
2. Көсемшенің жұрнақтарын айтыңдар. 
3. Қандай тұлғалы көсемшелер жіктеледі? 
4. Қандай тұлғалы көсемшелер жіктелмейді? 

Оқулықпен жұмыс

Көсемшенің жіктелу үлгісі      Жекеше, көпше

ЖТ

ЖЕ

Қолдану

10 мин

Топпен жұмыс

жаңа  тақырыпты түсініу үшін арнайы тапсырмаларды қолдану

I топ:
Көсемше тұлғасы 
-а, -е, -й, -ып, -іп, -п тұлғалы көсемшелер жіктеледі. 
-ғалы, -гелі, -қалы, -келі тұлғалы көсемшелер жіктелмейді. 
Көсемше тұлғасына көптік, септік, тәуелдік жалғаулары жалғанбайды

 

Көсемшенің жұрнағын жазыңыз.

1. Ата, сіз отыр ...  тұрыңыз.

2. Ақылды адам арын қорға ... ды,

3. Сараң адам малын қорға .... ды.

4. Ал, шырағым, сөйле ... бер

 II топ: Мәтіннен көсемшелерді теріп жазу

   Сен қалмақ болсаң, біз - қазақ, қарпысқалы келгенбіз, сен темір болсаң, біз  - көмір, балқытқалы келгенбіз, танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз. Жаңа үйреткен жас тұлпар жарысқалы келгенбіз. Тұтқыр сары желіммін, жабысқалы келгенбіз. Берсең, жөндеп бітіміңді айт, бермесең, дірілдемей жөніңді айт не тұрысатын жеріңді айт.

   Көсемшелердің жасалу жолын түсіндір

III топ Төмендегі көсемшелерге морфологиялық талдау жасау

Түседі, барады, сөйлеппін, бұрылғалы, тартып,салынғалы

СТО

Сергіту сәті

1 мин

«Мені жалғастыр» ойыны

Оқушылармен бірге  орындау

Интербелсеңді тақта

АКТ

Талдау

15 мин

Жаттығуды талдау

Дәптермен жұмыс     204-жаттығу  Мәтінен көсемше тұлғалы етістіктерді тауып, талдау, қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын айту

 

Жинақтау

5 мин

«Кім жылдам?»

 арқылы  сабақты  жинақтайды

Венн диаграммасы арқылы көсемше мен есімшенің айырмашылығы мен ұқсастығын табыңдар

Көсемшенің ережесі. Көсемшенің қызметі. Көсемшенің жұрнақтары 
Бірде үстеудің, бірде етістіктің қызметін атқаратын етістіктің түрі.

Іс- әрекеттің жай күйін білдіріп, үстеудің қызметін атқарады. 
2. Жіктеліп немесе көмекші етістікпен тіркесіп, етістік қызметін атқарады.

  –а,-е,-й;      -ып, -іп, -п;        – ғалы, -гелі, -қалы, -келі. 

2. Есімше – сөйлемдегі екі түрлі қызметте жұмсалатын етістіктің ерекше түрі. Есімше есімдерше түрленіп/септеліп,тәуелденіп,қөптеліп/есім сөздердің қызметін атқарады. Есімше жіктеліп етістіктің қызметін атқарады

Жұрнақтары:  -қан, -кен, -ған, -ген;      - ар, -ер, -р, -с;    - мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек;    -атын, -етін, -йтын, -йтін;

 

Бағалау

2 мин

Өзін-өзі бағалау

Бағалау парақшасы

Өзін өзі топпен бағалайды

 

Рефлексия

3 мин

Стикерді толтыру

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Оқушыларға стикер ұсыну

Үйге: «Менің анам» тақырыбында көсемшенің жұрнақтарын жалғап мәтін құрау

Ұсынылған стикерді толтыру

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз