Өлең, жыр, ақындар

Ескен Елубаев «Жыл мезгілдері»

Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы
Қаратоғай орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Оспанова Салтанат Бектұрлықызы

Пәні: Әдебиеттік оқу

Класы: 4

Сабақтың тақырыбы:  Ескен Елубаев «Жыл мезгілдері»
Мақсаты: 
А) Білімділік: Оқушыларға  жыл мезгілдері жайлы, ондағы өзгерістер мен ерекшеліктер жайлы алған білімдерін еске түсіре отырып білімдерін кеңейту. 
Ә) Дамытушылық: Балалардың дүниетанымын, сөздік қорын, ойлау қабілетін, шығармашылығын дамыту. 
Б) Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, бірлесе жұмыс істеуге, эстетикалық, еңбек, тәрбиелеріне баулу. 
Әдістер: Сұрақ-жауап, көріп әңгімелеу, дидактикалық ойын ойнату, сергіту сәтін жасату, сурет . 
Көрнекілігі: интерактивті тақта, 4 мезгіл суреттері, сызба, плакаттар. 
Сабақтың барысы 
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару. 

2.Үй тапсырмасын сұрау.

1. Көксерек повесінің авторы      (Әуезов)

2. Алмас, Мирас, Марал, Жанар қай әңгіменің кейіпкерлері (Балмұздақ)

3. Нардың бурасын қалай атаймыз   ( Үлек)

4. « Ағаштар неге ашуланды» әңгімесіндегі кейіпкердің аты   (Алмабек)

5. Күлкіге, әзіл-сыққа құрылған шығарманы қалай атаймыз. ( Сатира)

6. Гүлдер,гүлдер, көп гүлдер,

Қызыл гүлдер көк гүлдер

«Жайнар кезім келді» -деп

Қанаттарың желбіреп,

Таңмен бірге оянып,

Күн нұрына боянып,

Көрік бердің далаға.            (Гүлдер)

7. –Әжетай, мені кімге тастап кеттің? Мені неге ала кетпедің?  Менің қаңғып  қалғаным ба? Қай әңгімеден алынған үзінді .    (Жетім)

3.Жаңа сабақ 
- Балалар тақтадан ненің суретін көріп тұрсыңдар? (Күннің) 
- Жердің күнді толық бір рет айналып шығуына кеткен уақытты не деп атаймыз? (Жыл)  
- Балалар жыл мезгілі нешеге бөлінеді? (4)

-Балалар бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы Ескен елубайдың «Жыл мезгілдері» өлеңі

«Жыл мезгілдері»                    
- Сұрақтарым көп еді, 
Айтар кезі дөп келді. 
Халық неге айтады. 
Туады деп, 
Көктемді? 

- Неге десең, Көктемде, Мал төлдерін таппай ма?! 
Көктем келіп жеткенде. - Көктем туды, - деп халық 
Құлын, бұзау, қозы, лақ, Сондықтан да айтпай ма?! 
Толып өріс беткейге, 
У-шу болып жатпай ма?! 
- Ендеше, айт мынаны, 
Жаз неге онда шығады?
 
- Егін шығып болады, Қырман тау боп жатады, 
Қауыздары толады. Ел ырысқа батады. 
Орақ кезі басталып - Жаз шығады, - деп халық, 
Дихан бидай орады. Сол себепті айтады. 
- Білген жұмбақ шешілді 
Бір білмегім осы еді. 
Ал, халқымыз неліктен 
Күз түседі деседі?
 
- Келген кезде ақырып, Шопан жүгін артады, 
- Сарғаяды атырап. Таудан түсіп қайтады. 
- Ағаштардан түседі Сол үшінде халқымыз 
- Әрі кеткен жапырақ. Күз түсті деп атайды. 
-Жауабыңды бер енді, 
Ал, 
Қыс неге келеді? 

- Тау жотаны, даланы, Қыс хабарын береді. 
Қырау тегіс жабады. Қамданады ел енді. 

Қыстың алғаш белгісі Содан жолын күткен соң, 
Сулар қатып қалады. Дейді қысты келеді. 
(Өте жақсы) 

1-тапсырма  Ескен Елубаевтың «Жыл мезгілдері» (постер қорғау)

-Сұрақ –жауап. 
- Өлең не туралы екен? 
- Көктем неге туады екен? 
- Жаз мезгілінде қандай жұмыстар басталады екен? 
- Күз келгенде не істейді екен? 
- Қыстың алғашқы белгісі қандай екен? 
- Балалар өлең сендерге ұнады ма? 
- Авторы кім екен? (Ескен Елубаев) бұл кісі туралы естігендерің бар ма? 
Олай болса бүгінгі өлеңнің авторымен танысып кетейік. (Автормен және кітаптарымен таныстыру.) 

Ескен Елубай 1942 жылы 18 ақпанда Жамбыл облысы 
Қордай ауданындағы Отар стансасында туған. Ең алғашқы өлеңі 1958 жылы 
республикалық «Ара» журналында 
жарияланды. Қырықтан астам кітаптары қазақ 
және орыс тілдерінде жарық көрген. Шығармалары қазақ және 
орыс мектептеріне арналған оқулықтарға енген. «Саған күшік керек пе?» кинофильмі ақынның песасы бойынша түсірілген.


2-тапсырма

1топ   Ескен Елубаев туралы не білесің?

2топ   Күз мезгіліне байланысты өлең шығару

3топ  Суретке қарап әңгіме құрау

4топ  Қыс мезгілін қимылмен көрсету

Сергіту сәті
Қар еріп , су ағады, 
Сарқырап сайға толады. 
Күн ұзарып жылиды, 
Бұл қай кезде болады? 
(көктем) 
Көлеңкеге тығылып, 
Қалжырайды күшігім. 
Күн көзіне бұйығып, 
Маужырайды мысығым. Бұл қай мезгіл балалар? (Жаз) 

Жел тынымсыз гуілдеп, 
Болып кетті тым бұзық. 
Шулайды тал, терек, 
Жапырағын жұлғызып. (Күз)

Біз тебеміз сырғанақ 
Таудан төмен сырғанап. 
Қар жауады аппақ 
Аяз қатты азынап (Қыс) 

3-тапсырма Үш ұйғарым
VІ. Қорытынды 

- Балалар сіздерге қай жыл мезгілі ұнайды? 
Барлық кезеңнің өз кереметттері бар, адамдар табиғаттың кереметтерімен ғана күн кеше алады. 
Рефлексия 
Сіздерге сабақ ұнады ма? 
Жыл мезгілдері туралы не білдік? 
Ескен Елубаев кім? 
VІІ. Үйге 257-258 бет, өлеңді мәнерлеп оқу. Ескен Елубаевтың өлеңдерін жинақтап келу. 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз