Адамның дене мүшелері

Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы
Жаңатаң ауылы
Жаңатаң жалпы білім беретін бастауыш мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Какимова Назерке Жуматовна 

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 1

Мектеп: Жаңатаң ЖБББМ

Күні:

3 бөлім: «Тірі табиғат: Адам»

Мұғалімнің аты-жөні: Какимова Назерке Жуматовна

Сабақтың тақырыбы: Адамның дене мүшелері

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

 

Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты

1.2.3.1 адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атау;

1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: Адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атайды, ажыратады, көрсетеді, қоршаған әлем құбылыстарын атайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атайды, ажыратады, сәйкестендіреді, көрсетеді,  қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізеді.

Кейбір оқушылар орындай алады: Адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атайды, ажыратады, түсіндіреді, көрсетеді, сәйкестендіреді, дәлелдейді, қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізеді, зерттейді.

Бағалау критерилері

Адам денесінің негізгі мүшелерін атайды.

Адам денесінің негізгі мүшелерінің қызметін сипаттайды.

Тілдік мақсат

Адамның дене мүшелері

Бас (көз, мұрын, құлақ, ауыз), мойын, иық, дене, қол,саусақтар, аяқ

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық

Еңбек және шығармашылық

Құрмет

Адамгершілік

Денсаулық және техника қауіпсіздігінің сақталуы

- Дене мүшелерінің сымбатты болуына ықпал ету.

Партада дұрыс отыру;

- Оқу құралдарын қолданудағы қауіпсіздік ережесі

Пәнаралық байланыстар

 көркем еңбек, музыка, математика, дене шынықтыру, ағылшын

АКТ қолдану дағдысы  

Слайд, бейнеролик

Алдыңғы меңгерілген білім

Адамның дене мүшелерін атайды, біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

 

 

 

 

 

 

Амандасу

Шаттық шеңбері

Дене мүшелерімен амандасу (көзбен,  қол алысып, құлақпен, аяқпен амандасу)

(МК) Оқушыларға жаттығу жасатудың алдында бір стақан суды кішкене мөлшермен ұрттап ішкіземін. Оқушыларға мынадай қимылдарды орындатамын:

 1. Оң қолды сол аяққа тигізеді.
 2. Сол қолды оң аяққа тигізеді.
 3. Қолдың саусақтарын айқастырады.
 4. Аяқтарын  айқастырады.
 5. Көзбен шеңбер сызады.
 Оқушылар орындарына отырады.
  -Жарайсыңдар! Өте жақсы көрсеттіңдер.
 Жаттығу жасаған кезде біз:
 - көзімізбен көрдік
 - құлағымызбен естідік
 - қолдарымызды, аяқтарымызды қимылдаттық.
 - Бүгін біз сабақта адамның дене мүшелерімен және олардың қызметімен танысамыз.

(Ұ) «Сиқырлы қапшық»
Қапшыққа салынған  саны бірдей қызыл,сары,жасыл шариктер таңдап алуды ұсынамын.
Осы түстер бойынша оқушыларды 3 топқа бөлемін:

1-топ: «Мергендер» (қызыл түсті)
2-топ: « Ептілер » (сары түсті)
3-топ: « Жүйріктер» (жасыл түсті)

Шаттық шеңбері

 

 

Пол Эдиссон әдісі

 

Сабақ ортасы 

25 минут

 

  2  минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 минут

 

 

 

 

 

 

 

2 минут

 

 

 

 

 

 

3 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 минут

 

 

2 минут

2 минут

2 минут

Оқулықпен жұмыс.

(Ұ) «Допты қағып ал» тәсілі бойынша сыныпқа сұрақтар қоямын.

  - Неше қолың бар? (Екі қолым бар.)
  - Неше аяғың бар? (Екі аяғым бар.)
  - Мұрын не үшін керек?(Мұрын тыныс алу үшін керек)
  - Саусақтарың нешеу? (Он саусағым бар.)
  - Башпайларың нешеу? (Он башпайым бар.)
  - Қол не үшін керек? (Қол заттарды ұстау үшін, жұмыс жасау үшін керек.)
  - Аяқ не үшін керек? (Аяқ жүру үшін керек.)

(МК.Ұ)

Интерактивті тақтадан адам сұлбасын көрсетемін. Оқушылар адамның дене мүшелерін атап шығады.

-Міне, балалар, бас, қол, аяқ, тұлғаны- адамның дене мүшелері деп атаймыз.

(Д, Ж) Дәптермен жұмыс

Әр оқушы жеке орындайды және жұпта бірін-бірі тексереді.

Өте жақсы! Жарайсыңдар! (кері байланыс)

Сергіту сәті

(МК)  Интерактивті тақтадан түрлі аңдардың сұлбасын тануды  ұсынамын.

Оқушылар аңдарды атап шығады.

Қоян, керік, аю

-Балалар, бұл аңдардың сұлбасы. Сұлба деп бір нәрсенің бейнесін айтамыз.

(Д, Т) Дәптермен жұмыс

«Ойлан-жұптас-бөліс» тәсілін қолданамын.

Кімнің сұлбасы?

Тапсырмадағы түрлі кескіндерді анықтап, әрбіреуін түрлі түсті қарандашпен қоршап қояды және кімнің сұлбасы екенін топта талқылайды.

Жауабы: балерина, зілтемірші, боксшы, саңырауқұлақ теруші, шаңғышы, оқушы.

Топтар өзара тексеру жұмыстарын жүргізіп, бағалайды.

(ОТ, Ж) Зерттеу жұмысы.  

Оқушыға қозғалыссыз жатуы керектігін түсіндірдіріп, қалған оқушылар оқушы басынан бастап оның дене кескінін сызады. Оқушылар дайын болған сұлбаға жанына дене мүшелерінің атауы жазылған сөздерді қояды .

Жүйелі жұмыс! Жарайсыңдар!

(МК)«Сен білесің бе?»

Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін Паралимпиада ойындары өткізіледі. Оған қазақстандық спортшылар да қатысып, жетістіктерге жетуде. Лондонда өткен сайыста Қабира Асқарова 65 килограмдық зілтемірді көтерді. Александр Колядин Сочида өткен Паралимпиадада оң аяғына жасанды сүйек қойылғанына қарамастан, шаңғымен 20 километрді 1 сағат 4 минутта жүріп өтті!

Адамда денесінің қандай да бір бөлігінің болмайтынын, сондай жағдайда сол бөліктің қызметін протездер немесе арнайы құрылғылар атқаратынын түсіндіріп өтемін.

Критериалды бағалау

ҚБ

Бағалау критерийі:

Адам денесінің негізгі мүшелерін атайды.

Адам денесінің негізгі мүшелерінің қызметін

сипаттайды.

(Д) Тапсырма

Суретке мұқият қараңыз. Сурет бойынша қолмен орындалып тұрған әрекеттерді айтып беріңіз.

Аяқтың атқаратын қызметі қандай? Мысал келтіріңіз.

Дескриптор: Білім алушы

- суретке сүйеніп, қолмен орындалған әрекеттерді әңгімелейді;

- аяқтың атқаратын қызметіне мысалдар келтіреді.

Оқушыларға кері байланыс беремін:

Жарайсың! Керемет!    

            

Саралау тапсырмасы.

(Д) «Серпілген сауал»

А. «Қолдауды көп қажет ететін»

Кестемен жұмыс

Адам қолмен және аяқпен істей алатын әрекетті + белгісімен көрсетіңіз.

 

Қол

Аяқ

секіру

 

 

жүгіру

 

 

шапалақтау

 

 

 

В. «Қолдауды орташа қажет ететін»

Қол бөліктерін атаңыз.

С. «Қолдауды аз қажет ететін»

3. Денеміздің қай мүшесі маңызды деп ойлайсыз? Неліктен?

«Қолпаштау, мадақтау» әдісі арқылы оқушыларды қолдап отырамын.

Өте тамаша! Бәрекелді!

Оқулық 32-бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АКТ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмыс дәптері,

 20 - бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

бейнеролик

 

https://www.youtube.com/watch?v=h4eueDYPTIg

 

АКТ

 

Жұмыс дәптері

21-бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түсқағаз, маркер, дене мүшелерінің атаулары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚБ дәптері

Топшамалар

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия «Қимылдар арқылы»

Егер оқушы бәрін түсінсе:

Қолдарын ашып жұмады.

Егер оқушы  әлі де түсінбесе:

Көздерін ашып жұмады.

Егер оқушы түсіндім, бірақ әлі ізденуім керек десе:

Орнында тұрып жүгіреді.

Оқушылар сабаққа кері байланысты қимыл арқылы көрсетеді. Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалайды және ұсыныстарын береді.

 

 

«Бас бармақ» тәсілі

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының

сақталуы
 

Саралау тапсырмасы.

А. «Қолдауды көп қажет ететін»

Кестемен жұмыс

Адам қолмен және аяқпен істей алатын әрекетті + белгісімен көрсетіңіз.

 

Қол

Аяқ

секіру

 

 

жүгіру

 

 

шапалақтау

 

 

В. «Қолдауды орташа қажет ететін»

Қол бөліктерін атаңыз.

С. «Қолдауды аз қажет ететін»

3. Денеміздің қай мүшесі маңызды деп ойлайсыз? Неліктен?

«Қолпаштау, мадақтау» әдісі арқылы оқушыларды қолдап отырамын.

Белсенді оқыту әдістерін қолдандым.

Шаттық шеңберін өткізгенде  Пол Эдиссон әдісі балаларды белсенді іс-әрекетке уәждеп, зейіндерін шоғырландырдым.

«Сиқырлы қапшықты» қолданып, өзара бәсекеге қабілетті топтарға бөлдім.

«Допты қағып ал» тәсілі бойынша

сұрақ қою және талқылауды жүзеге асырдым.

«Ойлан-жұптас-бөліс» тәсілі бойынша

сұлба туралы түсінік бердім.

Дереккөздерді пайдаланып, Паралимпиада жеңімпаздары туралы мәлімет бердім.

Критериалды бағалау

ҚБ

Бағалау критерийі:

Адам денесінің негізгі мүшелерін атайды.

Адам денесінің негізгі мүшелерінің қызметін сипаттайды.

Дескриптор:

- суретке сүйеніп, қолмен орындалған әрекеттерді әңгімелейді;

- аяқтың атқаратын қызметіне мысалдар келтіреді.

Пол Эдиссон әдісі оқушыларды салауатты өмір салтына жетелеймін.

 


Пікірлер (1)

Шынар

маған сабақ құрылымы ұнады,сізге рахмет!Алламның разлығына бөлене беріңіз!!!

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)