Заттың сынын білдіретін сөздер

Павлодар облысы, Шарбақты ауданы
Шалдай ЖББОМ
Бастауыш сынып мұғалімі
Ташмухамбетова Гульсым Журсиновна

Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ

2 «А» сынып

Сабақтың тақырыбы: Заттың сынын білдіретін сөздер.  2 сынып

Мақсаты:

1. Сын есім тақырыбын қайталау және оқушылардың алған білімдерін одан әрі жалғастыру;
2. Сөздік қорларын дамыту; АКТ-ға деген қызығушылықтарын арттыру
3. Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдері арқылы, қоршаған ортаға қамқор болуға тәрбиелеу;

Көрнекілігі: интерактивті тақта, семантикалық карта, венн диаграммасы, жинақтау стратегиясы.

Әдісі: бағыттау, сұрақ-жауап

Пән аралық байланыс: дүниетану пәні, математика пәні.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың  назарын сабаққа аудару.

Дөңгеленіп тұрайық
Шеңберді біз құрайық
Қол ұстасып бәріміз
Ақ тілекті жолдайық
Әлемге нұр тыныштық
Әрбір бейбіт күн ыстық
Қайырлы таң достарым
Біз де бүгін қауыштық

ІІ. Сабаққа кіріспе: Оқушылар  геометриялық фигураларды таңдап екі топқа бөлінеді. Бірінші топ доғал жасыл фигура, екінші топ дөңгелек сары фигура

Сабақтың тақырыбын табу.

Тапсырма: Берілген суреттерге сипаттама беру.

 Көңілді                            Көңілсіз

Бұл сөздер қандай сұраққа жауап береді?

Дұрыс, қандай? Ал әр топ атауы қандай сұраққа жауап береді?

Қандай? Сары, дөңгелек

Қандай? Жасыл, доғал

Бұл сұрақ қай сөз табының сұрағы?  (Дұрыс Сын есім)

Біздің сабағымыздың тақырыбы

Ал келесі тапсырманы орындап көрейік. Берілген сөздердің ішінен сөз таптарына қатыстысын жинақтайық. Жинақтау стратегиясы.

 

Зат есім дегеніміз не? Ережесін айтып, мысал келтіру.

Етістік  дегеніміз не? Мысал келтіру.

Сын есім дегеніміз не?

Сан есім дегеніміз не?

ІІІ. Сөз таптарын пысықтау үшін, семантикалық картамен жұмыс:

есімдер сөздер

 Сан  есім

Сын есім

Етістік

 Зат есім

ойнады

 

 

 

 

доп

 

 

 

 

әдемі

 

 

 

 

төртеу

 

 

 

 

биік

 

 

 

 

оқушы

 

 

 

 

биледі

 

 

 

 

оныншы

 

 

 

 

сопақша

 

 

 

 

слты

 

 

 

 

лимон

 

 

 

 

үшеу

 

 

 

 

ІҮ. Оқулықпен  жұмыс. 156 бет 442- жаттығу. Жұмбақтарды оқып, шешуін табу. Сын есімдерді байланысқан сөзімен қоса көшіріп жазу.

443-жаттығу: жаңылтпашты оқып, жатқа жазу. Сын есімдердің астын ирек сызықпен сызу.

Ү. Сергіту сәті: « Қимылды жаттығу» Видио әуенмен.

ҮІ. Рефлексиялық жаттығу.

Сөздерді оқу. Осы сөздердің  тиістісін пайдаланып, сыныптағы бір оқушыға мінездеме  бер.  Дәптерлеріне  жазады.

Әдепті, мейірімді, жалқау, ұқыпты, дөрекі, үздік.

ҮІІ. Қорытынды: сабаққа өте жақсы қатысқан оқушыларды мадақтап, жинаған жұлдызша санына қарай жеңімпазды анықтау.

ҮІІІ. Бағалау.

Х. Үйге тапсырма: 446- жаттығу. Аңдардың аттарын оқу.

1. Олардың ертегіде қандай болып келетінің дұрыс тауып жазу. Сын есімді анықтау.

2. Берілген аңдар жайлы ертегі құрастырып көр.

Х1. Қоштасу.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Қазақ тілі 2 сынып Г.И.Уайсова, Р.С.Әміров, Ә.Е.Жұмабаева
2. Қазақ тілі. Оқыту əдістемесі. 1-бөлім   Ə.Е. ЖҰМАБАЕВА, М.Н. ОСПАНБЕКОВА
3. Қазақ тілі. Оқыту əдістемесі. 2-бөлім   Ə.Е. ЖҰМАБАЕВА, М.Н. ОСПАНБЕКОВА
4. Қазақ тілі мен әдебиет  2016 жыл
5. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының 60 стратегиясы
6. 2 сынып Қазақ тілі дидактикалық материалдар  Ж.Қ.Балтабаева
7. 2 сынып Қазақ тілі дидактикалық ойындар мен тапсырмалар  Ж.Қ.Балтабаева
8. 2 сынып Қазақ тілі дидактикалық материалдар  Ермекова Т.Н, Сатбекова А.А, Сисембина А.У.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)