Өлең, жыр, ақындар

20-ға дейінгі сандарды қосу және азайту

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Әбдіғаппат ауылы
№213 «Қыркеңсе» орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Мырзаханова Алия Қалболатқызы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 20-ға дейінгі сандарды қосу және азайту

Мектеп:№213

Күні: 24.11.2017 ж

 Мырзаханова Алия Қалболатқызы

СЫНЫП: 1

Қатысқандар :  

Қатыспағандар:

Пәні: матаматика

Сабақтың тақырыбы:

Ондақпен санау

Осы сабақта қол жеткізілетін   оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.1.4 Санның жаңа бірлігі – ондық туралы түсінігі болу, 100-ге дейін ондықтармен санау, жазу, салыстыру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Ондықты шығарып алу жолын түсінеді;
  • Ондықтармен санауды үйренеді;
  • Дөңгелек ондықтардың атауымен танысады.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Ондықтармен тура және кері санайды

Кейбір оқушылар:

  • Дөңгелек сандардыатайды, жазады

Бағалау критерийі

  1. Санаудың жаңа бірлігі ондықты құрады және анықтайды.
  2. 100-ге дейін ондықтармен санайдыжәне жазады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • «Ондық», « дөңгелек сандар» ұғымдарын дұрыс пайдаланады, жазады.
  • Ондықтарды тура және кері ретпен санайды.

Негізгі  сөздер  мен  тіркестер:

  • Ондық

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Біздер.....байқадық

Дөңгелек сандар  нөлмен аяқталып тұр.

Нөл дөңгелекке ұқсайды, сол себепті оларды «дөңгелек сандар» деп атайды.

Құндылықтарға баулу

Сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, құрметпен қарау, ынтымақтастық, ашықтық, жауапкершілікті сезіну, білім алуға дайын болу.

Пәнаралық байланыс

Дене тәрбиесі, ағылшын, орыс тілі, сауат ашу, ертегілер елінде(Ер Тарғын)

Алдыңғы оқу

 

Бірлік, ондық,  салыстыру туралы түсініктері бар.

Сабақ барысы

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

             Ресурстар

Сабақтың басы

8 мин

1мин

2 мин

 

 

 

 

 

 

5 мин

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру кезеңі

Сандар бойынша  оқушыларды топтастырамын.

1-топ сарылар

2-топ жасылдар

3-топ қызылдар

Психологиялық дайындық.

Математика сабағын,

Жақсылап ұғып аламыз.

Сәулесі деп сананың,

Мәнінен ой табамыз.

       Бүгінгі математика сабағында біз қазақ ертегісіне саяхат жасаймыз.

1.Батыр туса – ел ырысы

Жаңбыр жауса- жер ырысы.

Бұл мақал кім туралы айтылған?

  • Батыр туралы.
  • Балалар бізге бүгін қонаққаЕр Төстік батыр келіпті.Ел қорғаған батырдың жолында өз жерлерін қорғау үшін көптеген кедергілер кездеседі. Оның туған жеріне Дәу,Айдаһар, Мыстан келіп халқының берекесін алғаннан кейін , елін қорғау үшін,Ер Төстік оларға қарсы жорыққа шығыпты.

-Қане, балалар Ер Төстіктің жеңуіне көмектесеміз бе?

- Әр берген көмектерің үшін сыйлыққа смайликтер беріледі.Дәуге кезікті оның тапсырмалары бар екен.

Ой қозғау

- Қандай сандар бір таңбалы сандар деп аталады? Мысал келтіріңдер.

- Екі таңбалы сандар дегеніміз қандай сандар?

- Өткен сабақта қандай санмен таныстыңдар?( 10)

- 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 сандарынан ол санның айырмашылығы қандай?

-1-10-дейін үш тілде санау.

Оқушылардың дұрыс жауаптарын мадақтау.

-Міне ,балалар, Ер Төстік батырды дәуден құтқардық.Дәу жеңіліп, Ер Төстікке жол берді. Білімді балалардан Дәу де қорқады екен.

-Балалар ,бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Ондықпен санау»

Жаңа тақырыптың оқу мақсатымен таныстырамын.(БК)

 

 

 

 

 

Түрлі түсті

қағаз қиындылары

 

 

 

мақал

 

 

Ер Төстіктің суреті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәудің суреті

 

слайд

Сабақтың ортасы

32 мин

 

 

 

 

 

 

5 мин                

 

 

 

 

 

 

3мин

 

 

 

 

 

 

 

2 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

10 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 мин

 

 

 

2 мин

 

 

 

 

 

 

6 мин

 

 

Оқулықпен жұмыс. Ер Төстік батыр жолда Мыстанға жолығыпты. Мыстан кемпір Ер Төстікті ұстап алып, буындырып жібермейді.

Егер біз оқулықтағы тапсырмаларды орындасақ Мыстан Ер Төстікті жібереді.

Тапсырма. 1Үй салуға көмектес(топтық жұмыс) Тапсырманы сыныптағы барлық оқушыларға орындатамын. Тапсырма заттарды жаңа тәсілмен өз беттерінше санауды бекітуге және ондықтармен санау дағдысын жетілдіруге бағытталған.

Жауабы: 20 немесе екі ондық бөрене және 40 немесе төрт ондық шеге.

Түсіп қалған сандарды ата. (жұптық жұмыс) Тапсырмада сандар қатарын реті бойынша ондықтармен толықтыру керек. Тапсырманы орындау барысын бақылаңыз. Бұл бақылау арқылы ондықпен санау дағдысының қандай дәрежеде екенін байқауға болады.

Жауабы: 20, 40, 60, 80.

Дайын үлгі жауап арқылы жұптардың өзара формативті бағалауы жүзеге асырылады.

Тапсырма 2. (Топтық жұмыс)

1-топ. Әкем екі ондық шеге сатып алды. Ол барлығы неше шеге сатып алды?

2-топ. 10,20,30,40,50,60,70,80,90,100 сандарын дөңгелек сандар деп атайды. Сендер қалай ойлайсыңдар? Неліктен?

3-топ.Дөңгелек сандарды ата.

15,20,17,80,12,50,10,16,5

Әр топтың баяндамашысы   өз бақылау нәтижелерімен  таныстырады.

Кері байланыс орнату.

1) Топта жұмыс істеу ұнады ма?

2) Өзге топтың бақылау нәтижелерімен  келісесіздер ме? Неліктен?

«2 жұлдыз - 1ұсыныс» арқылы бағалау.

Тәжірибе

Таяқшаны он-оннан резеңкемен буу.

Он ондықта неше бірлік бар екеніне көз жеткізу.

Қолдарындағы дөңгелекшедегі санның қасына көлемі бірдей дөңгелекті жазады.

Нәтижесінде бір таңбалы санды екі таңбалы санға айналғанын түсінеді.

Нөлмен аяқталатын сандар дөңгелек сандар деп аталады.

-Сонымен, балалар, Ер Төстік бізге риза болып әрі

қарай жолға шықты. Ал, балалар , Ер Төстікке әрі қарай көмектесу үшін біліммен қатар күш те жинап алайық.

Сергіту сәті.

Жаттап ертек мол аңыз,

Өсіп, өніп толамыз

Алатаудай айбынды,

Ел қорғаны боламыз.

Ер Төстік келе жатып  айдаһарға кезікті.Ол аузынан жылын шашып Ер Төстікті күйдіріп жібермекші. Қане , балалар, Ер Төстікті құтқарайық. Ол үшін дәптердегі тапсырманы тез орындау керек.

Дәптермен жұмыс.

Жұмыртқаларды қалыбына сал.

 Әрбір қалыпта неше ондықтан жұмыртқа болды?

Оқушылар алғашында қалыптар санының қанша екенін санайды да, жұмыртқалардың санының да сонша болатынын ұғады. Жұмыртқалардың санын ондықпен тауып, жауабын бос торкөзге жазады.

Жауабы: бірінші қалыпта — 2 ондық жұмыртқа; екіншіде — 1 ондық жұмыртқа.

Кинотеатрдағы орын саны неше ондық болады? Орындардың нөмірі көрсетілмеген. Сондықтан да оқушылар өздігінен санап, орын санын бос торкөзге жазуы керек.

Жауабы:бес ондық орын бар. Барлығы 50 орын.

100- ге дейін сана. Керіктің бойы. Оқушылар ондықтармен тура санай отырып, түсіп қалған сандарды жаза алады. Олар бұл сандарды суреттегі бос торкөздерге жазады. Осы сияқты тапсырманы оқушылар ауа шарында да орындайды. Мұнда олар ондықтармен кері бағытта санау дағдысын тексере алады.

Тапсырманы тез орындаған оқушыларды мадақтау.

Ер Төстік өз еліне, жеріне жету үшін жүйрік атқа кезікті. Аттың да тапсырмасы бар екен. Сол тапсырмасын орындасақ  орындасақ, ат та өзіне мінгізеді.

Тапсырма 3.  (Жеке жұмыс)

1.Өрнектің мәнін табыңыз. Санаудың жаңа бірлігін анықтаңыз.

2. Ондықтармен санап, кестеге сәйкес сандарды жаз.

Тапсырманы орындап болған оқушыларды смайлик

арқылы бағаланады.

Ер Төстік атқа мінді. Еліне аман- есен жетті.

Мыстанның суреті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Таяқшалар

 

 

Слайд

 

 

 

 

кеспелер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

таяқшалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(Қызықты қимыл қозғалыстары)

 

 

 

 

 

 

 

Жұмыс дәптері

 

 

 

 

кеспе

Сабақтың соңы

5 мин

3+2мин

Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді  бас бармақ салынған суреттер  арқылы бағалау.

 

Бас бармақтардың суреттер

Қосымша ақпарат      

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға  тапсырманы күрделендіруді  қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың  үйренгенін  тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

 

1.Топтық, жұптық жұмыстар арқылы оқушыларға өзара қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылады.

2.Барлық оқушыларға  Ондықты шығарып алу жолы, ондықтармен санау;Дөңгелек ондықтардың атау тапсырмалары беріледі. Сынып оқушыларының басым бөлігіне ондықтармен тура және кері санау ұсынылса, қабілеті жоғары оқушыларға қорытынды жасау, өз зерттеулері бойынша таяқшаны он-оннан резеңкемен буу.

Он ондықта неше бірлік бер екеніне көз жеткізу.

Қолдарындағы дөңгелекшедегі санның қасына көлемі бірдей дөңгелекті жазады.

Нәтижесінде бір таңбалы санды екі таңбалы санға айналғанын түсінеді, олардың білімдерін кеңейту.

1.Оқушылардың қажетті білімдерін білу мақсатында ашық сұрақтар беріледі. 2.Топтық жұмыс арқылы оқушылардың бірлескен әрекетін бақылау, өзара

2жұлдыз 1ұсыныс беру бойынша жетістіктерін айқындау.

3. Кері байланыс (ауызша)

4. Дайын үлгі жауап

5. Әр оқушының ОМ жеткендігін анықтау үшін бағалау критерийлері мен дескрипторлар қолдану

5. Бас бармақ арқылы бағалау

Сергіту жаттығуы

 қимылмен көрсету:

-оңға;

-солғау;

-алға иілу;

-тік тұру

-қол созу.

Қауіпсіздік техникасы  ережелері

-

 

Рефлексия

Сабақ\оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары  тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер  енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа  сабақ туралы  өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы  Сіздің сабағыңыздың  тақырыбына  сәйкес  келетін  сұрақтарға  жауап беріңіз

 

Қорытынды  бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге  көмектесетін  не білдім?


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз