Ұұ дыбысы мен әрпі

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Сабақ: Менің отбасым

Пән: Сауат ашу

Мектеп: №37 орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты:  Касымбаева С.К.

Сынып: 1

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

 

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.2.9.1. Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.
1.1.4.1. Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау.
1.2.1.2. Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.
1.2.1.1. Сөз/ сөйлем сызбасын оқу.
1.3.8.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.

Бағалау критерийлері

1. Ұ дыбысы мен әрпін тану, ажырату және оны атайды, анықтайды.
2. Ой ұшқырлығын иллюстрация бойынша түсіндіреді.
3. Сөздердің мағынасын ажыратады, хормен, тізбектей, жекелей оқиды.
4. Сызба және сөздермен мәтін құрастырады.
5. Бас әріптер мен кіші әріптерді бір–бірімен дұрыс байланыстырады және оларды гигиеналық талаптарға сай жазады.
6. Әріпті дыбыспен сәйкестендіріп оқиды

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Дыбыстарды буындап оқиды

Оқушылардың басым бөлігі:

Дыбыстарды ажыратып айтады

Кейбір оқушылар:

Дыбыстардан сөйлем құрайды

Тілдік мақсат

2.1 Оқу түрлерін қолдану
3.8  Каллиграфиялық нормаларды сақтау
1.4 Оқиғаны болжау
1.2  Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау
Ұршық, ұшақ, ұстаз.  ұстаз-учитель- teacher

Ишара: қызыл түс – түсінбедім, сары түс – көмек керек, жасыл түс - тамаша

Алдынғы оқу:

Менің отбасым. Ққ дыбысы мен әрпі.

Тірек сөздерден мәтін құрастыру. ( қар, қыс, қарға, қырау, аққала, құлақшын, қолғап)

Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған  жаттығу түрлері (төмендегі жазбаларды сіз жоспарлаған жаттығу түрлерімен ауыстырыңыз)

ресурстар

 

Басы

 

 

Шаттық шеңбері.
Оқушылар бір – бірімен амандасып, сәттілік тілейді.
- Біз қандаймыз, қандаймыз?
 Талабы биік таудаймыз,
 Самғаймыз, биік самғаймыз, Екілікті алмаймыз.
 Әдептіміз, білімдіміз
 Мақсатымыз - білім алу,
 Міндетіміз - еңбектену
Топқа бөлу

 

Ортасы

 

 

 

   1. Суретпен жұмыс.

Ұұ дыбысына байланысты суреттер іліп, атау. Дыбыстық талдау жасату.

Электронды оқулық.

2. Оқулықпен жұмыс.

Ұұ дыбысы және әрпімен таныстыру. «Ұұ» дыбысының дауысты дыбыс екенін айту. Ұұ дыбысының баспа және жазба түрімен таныстыру. Оның сөз басында, ортасында келу үлгілерін көрсету.

 

1 – сурет. Ұлу сөзіне дыбыстық талдау жасату. Сөзді буынға бөлдіру.
Бұл не?
Ұлу сөзінде неше дыбыс бар?
Қанша дауысты, қанша дауыссыз дыбыс?
Ұ дыбысы сөздің қай жерінде кездесіп тұр?
Кері байланыс. «Бағдаршам» әдісі. ҚБ жұлдызшалармен мадақтау.
2 – сурет. Мынау жер шарының үлгісі.
Жер шарында не бейнеленеді?
Жер шары құрлықтан және судан тұрады. Үлкен мөлшердегі су мұхит деп аталады.
3 – сурет.
Мына суреттен кімді көріп тұрсыңдар?
Ол не істеп тұр?
Мұғалім , ұстаз. Екі сөзде де ұ дыбысы кездесіп тұр.
Ол оқушыларды ұ дыбысымен таныстырып тұр.
Сөздерді буынға бөлдіріп, ұ дыбысының қай буында келіп тұрғанын анықтау.
Дескриптор:
1. Неше дыбыс бар екенін біледі
2. Дауысты дауыссыз дыбыстарды ажыратады, анықтайды
3. Ұ дыбысы бар сөздерді атайды.
4. Ұдыбысының орналасу ретін біледі
5. Ұ дыбысы мен әрпін тану, ажырату және оны атайды, анықтайды.
6. Суреттегі заттарды атау.1
7. Осы суреттегі заттардың атауындағы жаңа дыбыстарды табу.1
Кері байланыс. «Серпілген сауал» әдісі.ҚБ жұлдызшалар.

1 – тапсырма.

Топтық жұмыс.

1 – топ. Суреттегі заттарды атау.

2 – топ. Осы суреттегі заттардың атауындағы жаңа дыбыстарды табу.

3 – топ. Әр заттың өмірде қажеттілігіне байланысты сөйлем құрау.

3. Ой ұшқырлығын иллюстрация бойынша түсіндіреді.

Дескриптор

1 .Буындып оқиды, тұтастай оқиды1
2. Сөздердің мағынасын ажыратады1
3. Ұ дыбысы қай буында кездесетінін анықтайды.1
4. Суреттегі заттарды атау.
5. Осы суреттегі заттардың атауындағы жаңа дыбыстарды табу.
6. Әр заттың өмірде қажеттілігіне байланысты сөйлем құрау.
Кері байланыс Ыстық картоп

Сергіту сәті.

Мен қазақпын

2 – тапсырма.

Сөздерді оқып қайталату.
Буындап оқыту, тұтастай оқыту.
Сөздердің мағынасын ажырату.
Ұ дыбысы қай буында кездесетінін анықтау.

4. Сөздердің мағынасын ажыратады, хормен, тізбектей, жекелей оқиды.
Дескриптор
1. Буындып оқиды, тұтастай оқиды
2. Сөздердің мағынасын ажыратады
3. Ұ дыбысы қай буында кездесетінін анықтайды.

Кері байланыс Ыстық картоп

3 – тапсырма.

Сызбаны толықтыру.
Мәтінді оқыту.
Сұрақ қою арқылы мазмұнын ашу.
Оқушыларға өз анасы туралы әңгімелету.

5.Сызба және сөздермен мәтін құрастырады.
Дескриптор
1. Сызбаны толықтырады
2. Мәтінді оқиды
3. Мазмұнын аша алады
4. Өз анасы жайында әңгімелей алады.

Дәптермен жұмыс.

5. Бас әріптер мен кіші әріптерді бір–бірімен дұрыс байланыстырады және оларды гигиеналық талаптарға сай жазады.
1. Каллиграфиялық  нормаларды сақтау
2. Сауатты жазу

4-тапсырма Берілген сөздерді оқыңыз. Көп нүктенің орнына қай әріпті қоюға болады? Сол әріпті қоршап сызыңыз.

Дескриптор: Білім алушы

- сөздерді дұрыс оқиды;

- көп нүктенің орнына қойылатын әріпті анықтайды және белгілейді.

 

Соңы

 

 

 

 

Кері байланыс

Шығармашылық жұмыс

 

Қосымша мәліметтер

 

Саралау-оқушыға мейлінше қолдау  көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы

қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТмен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

А – топтық жұмыс

В – сызбаны толықтыру

С – 4- тапсырма

Бағалау парағы, смайлик

 

Дүниетану

Математика

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)

1. топтық жұмыс

2. Сызбамен жұмыс

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1. Видео-ролик

2. пазл құрастыру

Осы сабақтың барысында келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы  қандай ақпарат білдім?

1. Видео-ролик, пазл құрастыру арқылы үдемелі оқудың жүзеге асатынын білдім.

2. Топтық жұмыс арқылы алға  ілгерілеуді білдім.

 

Критерий

Дескриптор

 

1.Ұ дыбысы мен әрпін тану, ажырату және оны атайды, анықтайды.

1. Неше дыбыс бар екенін біледі

 1

 

2. Дауысты дауыссыз дыбыстарды ажыратады, анықтайды

1

3. Ұ дыбысы бар сөздерді атайды.

1

4. Ұ дыбысының орналасу ретін біледі

1

2. Ой ұшқырлығын иллюстрация бойынша түсіндіреді.

 

1.Суреттегі заттарды атау.

1

 

2. Осы суреттегі заттардың атауындағы жаңа дыбыстарды табу.

1

3. Әр заттың өмірде қажеттілігіне байланысты сөйлем құрау.

1

 

3. Сөздердің мағынасын ажыратады, хормен, тізбектей, жекелей оқиды.

1.Буындып оқиды, тұтастай оқиды

1

2. Сөздердің мағынасын ажыратады

1

3. Ұ дыбысы қай буында кездесетінін анықтайды.

1

 

4. Сызба және сөздермен мәтін құрастырады.

 

1.Сызбаны толықтырады

1

 

2.Мәтінді қатесіз оқиды

1

 

3.Мазмұнын аша алады

1

 

4.Өз анасы жайында әңгімелей алады.

1

5. Бас әріптер мен кіші әріптерді бір – бірімен дұрыс байланыстырады және оларды гигиеналық талаптарға сай жазады.

1.    Каллиграфиялық  нормаларды сақтау

  1.  

2.Сауатты жазу

1

 

6. Әріпті дыбыспен сәйкестендіріп оқиды

1.Сөздерді дұрыс оқиды;

1

 

2.Көп нүктенің орнына қойылатын әріпті анықтайды және белгілейді.

1

 

 


Пікірлер (1)

Аширбекова Гулшат

Сабақ өте керемет өтілген оқушылар Ұұ дыбысын меңгерді деп ойлаймын

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)