Анамыздың әлдиі. Ә дыбысы мен әрпі

Ақмола обылысы Целиноград ауданы Шұбар ауылы
№37 негізгі мектебі
Даярлық сынып мұғалімі Бодаухан Онергуль

ПӘНІ: Сауат ашу негіздері

 

Күні: 21.02.2018ж.

 

ТАҚЫРЫБЫ: Анамыздың əлдиі. Ə дыбысы мен əрпі.

Мектеп/МҰ:

Саны:

Педагогтің аты-жөні:

СЫНЫП-ТОП:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары


Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту.
Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.
0.1.4.1 Сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап, вербалды емес қарым- қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), сөздерді (кешіріңіз, тыңдаңызшы! жəне т.б.) қолдану.
0.3.1.1 Сөз, сөйлем сызбасын құру, оларды үлгінің көмегімен жəне ұсынылған үлгілер негізінде жазу.
0.3.3.1 Жазу бетін бағдарлау, жазу жолын, жоларалық кеңістікті ажырату, торкөз дəптерге кең сызықтар, əріп элементтерін жазу.

Күтілетін нəтиже

Барлық тəрбиеленушілер:
Сұрақтарға жауап беріп, əңгіме желісін құру. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін ажыратады.
Ə дыбысы – дауысты дыбыс, жіңішке дауысты. Ə дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.
Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі ə дыбысының орнын ажыратады.
Ə əрпінің баспа түрін жазады.
Сөйлем түрлерін ажыратып, соңына тыныс белгісін қояды.

Көпшілік тəрбиеленушілер:
Сұрақтарға жауап береді.
Берілген суретке қарап, сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін(ажыратады).
Сөздегі дыбыс санын, ондағы ə дыбысының орнын ажыратады. Ə дыбысына сөз ойлайды.
Ə дыбысына (дауысты, жіңішке дауысты) сөз құрайды.
Жазу жолына ə əрпінің элементтерін жазады.

Кейбір тəрбиеленушілер:
Суретті кітаптардан қажетті ақпаратты табады. Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады. Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.
Ə дыбысын қатыстырып, сөз, сөйлем құрастырады.
Ə əрпінің элементін өз бетінше жазады.

Тілдікмақсат

Тəрбиеленушілер:
Суреттер бойынша сұрақтар құрастыру.
Сөйлем түрлерін ажырата отырып, сөздің санын анықтап, буынға бөлу. Сызбаға қарап сөйлем құру.
Негізгі терминдермен сөз тіркестері:
ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:
Пікір алмасу:
Өлеңнен Ə дыбысы бар қандай сөздерді естідіңдер? Сөйлем соңына қандай тыныс белгісін қоясың?
Бұл сөздер кімге айтылады?
Жуан дыбыстармен жасалған сылдырмақ саған ұнай ма?

Өткен ҰОҚ-даналғанбілім

Ə əрпімен танысып, сөздерден таныс əріптерді ажыратады. Сөздердге дыбыстық талдау жасайды. Сызба арқылы сөйлем құрайды.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

 

 


І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.
0–2 мин.
II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.
3–5 мин.

 

 


Балаларды ортаға шаттық шеңберін құруға шақырады.

Қайырлы таң, балалар,
Арайлап таң атты,
Алтын сəуле таратты.
Жарқырайды даламыз,
Қайырлы таң, достарым!

(Ұ,Ө) Балаларға бесік көрсетеді.
Бесік туралы əңгімелейді. Балалардың ең алғашқы тыңдаған əндерін «Бесік жыры» деп атайтынын түсіндіреді. Бесік туралы балалар өз ойларын айтады.
Қазақ үй электронды материалдан «Бесік жырын» тыңдайды.

 

 

 

Бесік суреті немесе слайд.

 

«Бесік жыры» жазылған үнтаспа.

ҰОҚ-ның ортасы

III. Тақырып бойынша жұмыс

6 – 27 мин.

(Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс

1-тапсырма
Балаларға «Бесік жырын» айтып беремін.
Əлди-əлди, бөпешім,
Əлпештейтін көкешім.
Тербетейін жата ғой,
Тəтті ұйқыға бата ғой.
Балалардан өлең жолдарынан Ə дыбысы бар қандай сөздерді естідіңдер?
Ə дыбыс бар сөздерді айтып береді.
Ə – жіңішке дауысты дыбыс. Екі езу сəл кері тартылып, жымиып күлген кісінің кейпін көрсетеді, үстіңгі тістері мен астыңғы тістерінің арасы а дыбысын айтқандағыдан гөрі жақынырақ қашықтықта сақталады, дауыс шымылдығы жабық болады, жұмсақ таңдай көтеріледі де мұрын ауа жолымен жабылып тұрады;
Дауысты дыбыстар қызылмен белгіленеді.

2-тапсырма.
Балаларға қазақ халқының бесікке салу, тұсау кесу сияқты дəстүрлері туралы айтып береді.
Бесікте ұйықтап жатқан жəне баланың тұсауын кесу рəсімінің суреттерін көрсетеді.
– «Тəй-тəй!», «Əлди-əлди!», «Қаз-қаз!» деген сөздерді кімге арналып айтылады?
Сəби ұйықтағанда айтылатын «Тыныш, шулама!» деген сөзді ым-ишарамен көрсетеді.

(Ұ) Сергіту сəті.
Қаз-қаз, балам, қаз балам
Қадам бассаң, мəз болам
Тұсауыңды кесейін
Күрмеуіңді шешейін,

Қаз, қаз, балам, қаз балам.

3-тапсырма. «Сəби ұйықтады» деген сөйлемін əртүрлі дауыс мəнерімен айтқызу. 1-сөйлемде хабарлы сөйлемнің мəнерімен, ал 2-сөйлемде сұраулы сөйлемнің дауыс мəнерімен айтқызады. Дəптерде берілген екі сөйлемнің соңына тыныс белгілерін қойдырту.

4-тапсырма
Қысқа өлең шумақтарын оқып беремін.

Тербеткен əже сəбиді,
Естіледі əлди-əлдиі.
Баланың арбасының сыртқы пішіні неге ұқсайтынын сұрайды. Ə əрпінің баспа түрін көрсетеді. Балалар салыстырады.
Ауада Ə əрпін жазып көрсетеді.
Сəбидің арбасын Ə əрпіне ұқсатып салады жəне боятады
5-тапсырма.
Балаларға сылдырмақ ойыншығын көрсетеді. Баланың ең алғашқы ойыншығы, онымен жаңа туған нəрестені сылдырлаған дыбысы арқылы тыныштандыруға болатынын түсіндіреді.
Балалар сылдырмақ туралы білгендерін айтады. Балаларға сылдырмақ жасау тəсілін көрсетеді. Балалар сəбиге арнап жіңішке дауысты дыбыстардан əдемі сылдырмақ құрастырады.
Балалар жазу жолына Ə əрпінің баспа түрін жазады.

Əліппе-дəптер.

 

Суреттер.

 

Музыка.

 

Əліппе-дəптер.

 

Сылдырмақ.

 

Сылдырмақ құрастыруға арналған заттар.

 

Əліппе-дəптер

IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. Рефлексия.

28-30 мин.

Қорытынды жасаймын.
Балаларды мадақтап, қай тапсырманы орындау қызықты болғанын сұрайды.
Қай тапсырманы орындау қызықты болды?
(Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз білім деңгейлерін смайликтер арқылы бағалайды.

Əліппе-дəптер



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)