Тең топтармен санау. Тең топтарға бөлу

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы
Ақсай қаласы №6 ЖОББМ
Бастауыш сынып мұғалімі Хамидуллина Айнур Изтургановна

Тақырыбы: Тең топтармен санау. Тең топтарға бөлу

Мектеп: № 6ЖОББМ

Күні: 17.01. 2018 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Хамидуллина Айнур Изтургановна

2-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқыту мақсаттары

2.1.1.5. 50-ге 3, 4, 5- тен топтап тура жəне кері санау; жұп/тақ сандарды ажырату; заттар тобын 6, 7, 8, 9-дан тең бөліктерге бөлуді көрсету.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

3, 4, 5-тен топтап санауды үйренеді

Көптеген оқушылар:

3, 4, 5-тен топтап тура жəне кері ретпен санауды бірдей қосылғыштардың қосындысын табуды үйренеді

Кейбір оқушылар:

жылдам есептеу үшін топтап санауды қолданады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

сөйлеу тілінде заттардың тура жəне кері орналасу ретін пайдалануды.

Пəндік лексика жəне терминология:

сандық топ, тура санау, кері санау, екі, үш, төрт, бестен санау

Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

Талқылау:

Өмірде топтап санау не үшін қажет? Мысалдар келтіріңдер

Жазу:

Бірдей қосылғыштардың қосындысы түріндегі өрнекті жазыңдар.

Тірек білім, білік, Дағдылар

Тура жəне кері санау, топтап санау.

Жоспар

Жоспарланған уақыт (минут)

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

 

Ынталандыру

 Ширату «Сандар қатары» 3тілде

Топқа бөлу  1, 2, 3

1-тапсырма

Хатты ашу     1. Жұп сандарды ата.

                       2. Тақ сандарды ата

                       3. 3-рет шапалақта.

 

 Хатты оқу Сәлеметсіңдер ме, 2 ”а” сынып оқушылары!Мен сендерге сандық қалдырдым.Бұл сандықта сендерге деген сыйым бар.Енді білімдерің арқылы тапсырмаларды орындай отырып  сандықтың кілттерің алып ашыңдар.

                                                   Сәлеммен: Аяз ата.

Сабақ мақсатын анықтау

 25 + 7 =                             т

58 – 50  =                            т

(80 - 70) + 14 =                  п

16 + 20 - 20 =                     о

70 - (60 - 30) =                    р

67 – 40 + 10 =                     а

8,   16,   24,    32,    37,    40

Т     о      п      т       а       р

1-кілт

“Артығын алып таста!”  (жеке жұмыс)

8,   16,   24,    32,    37,    40

   1. 16,  24,  32,  37,  40
   2. 8,  16,  24,  32,  40

Мұғалім оқушылармен күнделікті өмірде жылдам есептеудің маңыздылығы туралы əңгіме жүргізеді. Ойша жылдам есептеу – ақыл-ойға арналған жаттығу.

Сандық, кілт, хат

                      

Мақсат қою (проблемалық жағдаят)

Сурет бойынша есеп құра, оны шығар

-Əр балада қапшықта қанша гантельден бар?

 –Қалай тез есептеуге болады? ".

Ш:2+2 +2 + 2 + 2=10

Ж: 5 балада 10 гантель

 

 

Жаңаны ашу

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

Топтық жұмыс

Әр бумада неше зат бар? Осындай 2, 3, 4, 5 бумада неше зат барын есепте. Қосындысын тап.

               

           1- топ                                  2-топ                                    3-топ

           4 + 4 = 8                         3 + 3 = 6                             5 + 5 = 10

           4 + 4 + 4 = 12                 3 + 3 + 3 = 9                       5 + 5 + 5 = 15

           4 + 4 + 4 + 4 = 16          3 + 3 + 3 + 3 = 12               5 + 5 + 5 +  5= 20

           4 + 4 + 4 + 4 + 4 =20     3 + 3 + 3 + 3 + 3 = 15         5 + 5 + 5 + 5 + 5 = 25

 

 

Жаңаны қолдану

2-кілт  “Дүкенші” ойыны

     

30 тг-ден                        20 тг-ден                     10 тг-ден

Сергіту сәті: «Пазл» құру

     

3-кілт Практикалық жұмыс

Жемістердің тобын тең бөліктерге бөл. Топтық жұмыс.

Өткенді қолдану

Есепті шығар

Әмірде 12 доп бар.Ол доптарды әр қорапқа 6-дан салды. Неше қорап қажет болды?

Ш:12 – 6 – 6 = 0

Ж: 2 қорап

4-кілт Оқулықпен жұмыс

№3  қосындының мәнін тап (жұптық жұмыс)

8 + 8 + 8 +8       20 + 20 + 20                       30 + 30 + 30

50 + 50              100 + 100 + 100 + 100       300 + 300 + 300

Деңгейлік жұмыс.    Таңдап ал!

Есеп 5

Қызыл белтемір    Сары белтемір     Жасыл белтемір

   а)                            ә)                             б)

ҚБ Математикалық диктант

Заңдылықтарды сақтай отырып, 3 санды жалғастыр

а)  2, 4, 6, ... , ... , ...

ә)  20, 18, 16, ... , ... , ...

б)   3, 6, 9, ... , ... , ...

Алма, алмұрт, мандарин, теңгелер

 

Рефлексия. Мұғалім оқушылардың жаңа тақырыпты түсіну деңгейін бағалауды ұсынады. Бұл үшін сараланған сабақтың мақсаттарын оқушылардың өздері жəне мұғалім бағалайды

 * 3, 4, 5-тен топтап санай аламын

* 3, 4, 5 -тен топтап тура жəне кері санауды, бірдей қосылғыштардың қосындысын табуды білемін;

* жылдам есептеу үшін топтап санауды қолдана аламын

 Өз жұмысын жетістік сызғышының көмегімен бағалау ұсынылады

 

 

Кері байланыс. «Күн шуағы»

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)