Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

«Жалпы орта білім беру №1 қазақ тірек мектебі (РО)» КММ
бастауыш сынып мұғалімі Қуанбаева Дана Аманжоловна

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны:

Ортақ тақырып:

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Мектеп: «ЖОББ №1 қазақ тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні: Куанбаева Дана Аманжоловна

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

1.6.Тыңдарманның назарын аудару.  2.3.Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру. 3.5. Қатені табу және түзету.  3.4.1.3. «ч», «щ» әріптері бар  сөздердің емлесін білу. (Ч, щ дыбыстары)

Оқу мақсаттары

3.1.6.1. Интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды қимыл, ым-шара,  қаратпа сөздерді қолдана отырып, тақырыпқа   тыңдарманның назарын аударту.

3.2.3.1.Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру.

3.3.5.1.Жіберілген орфографиялық, грамматикалық  және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып орфографиялық сөздікпен анықтау арқылы түзету.

3.4.1.3. «ч», «щ» әріптері бар сөздердің емлесін білу.

Сабақ мақсаты

 

Оқушылардың барлығы 

Мәтінді әңгімелеу, сұрақ құрастыру, қаратпа сөздерді қолданып, тыңдарман назарын аудару, сөздіктен ч, щ әріптері бар сөздерді анықтау

Оқушылардың көпшілігі

Сөйлем құрауда өтілген әріптерден басталатын сөздерді қолдану.

Оқушыла рдың кейбірі 

Өткен тақырыпқа байланысты сөздерді жұмбақтап айту, ерекшелеу, сипаттап түсіндіру

Бағалау критерийлері

Білім алушылар: Өлеңді дауыс интонациясын қойып, оқып түсіндіреді .

Өлең мазмұны бойынша сұрақтар қояды, жауап береді.

Жіберілген қатені табады, түзетеді.

Құндылықтарды қалыптастыру

«Ынтымақтастық» құндылығын негізге ала отырып, өзге ел, ұлт, халықтың салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, дүниетану

          Ресурс

Флипчарт, жұмбақтар, орындық, интербелсенді тақта, қобдиша, әріптері түсіп қалған сөздер

   Алдынғы білім

Ч, щ қатаң дауыссыз дыбыстар екенін біледі.

Сабақ барысы

Уақыт

                       Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Саралау

Сабақтың басы

 

Сыныпқа психологиялық ахуал     тудырту.

Оқушылар шеңбер құрып тұрып,  бір-бірінің жақсы қасиеттерін айтып, бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.        

                             «Миға шабуыл » 

Мақсат: Жұмбақтардың шешуін табу арқылы жаңа тақырыпқа шығу.     

Щеткада бар,

Шегеде жоқ.

Ащыда бар,

Тәттіде жоқ.

(Щ)

Чемоданда бар,

Сөмкеде жоқ.

Чапаевта бар,

Ақтаевта жоқ.

(ч)

Ашада бар,

Асада жоқ.

Шашта бар,

Қаста жоқ.

(Ш)

 

   Бір-бірінің жақсы қасиеттерін айтып, бүгінгі күнге сәттілік тілейді.

 

 

 

Жұмбақтың шешімін табады. Топқа бөлінеді.

 

 

 

 

 

 

 

«Өте жақсы!»,

«Жарайсың!»

сөздері

 

Осы дыбыстар бойынша сыныпты 3 топқа бөлу.

Мұғалімнің тиімді сұрақтары

Топтарға флипчарт үлестіру.

1-тапсырма. Осы дыбыстар кездесетін 5 сөз жаз. Жазған сөздеріңнен дыбыстың ерекшелігін тап.

Қатаң дыбыстар.

Сөздің басында, ортасында, аяғында кездеседі.

 

Әр топ бір-бірінің жұмысын тексереді.

+,- таңбалары арқылы  бағалайды.

 

«Қарқын» тәсілі

Негізгі бөлім

 

32-жаттығудағы өлеңді мұғалім интонациясын қойып оқып береді. (Тыңдалым)

 - Өлең не туралы айтылған?

 - Өлеңдегі сұрақтарға жауап беріп көр.

 - Щ дыбысы қазақтың қай сөздердерінде жазылады?

«Жұптық әңгіме» тәсілі

2-тапсырма. Өлеңнің мазмұнын 5 сөзбен жаз.

33- жаттығу. «Ақпаратты табу үшін оқу» (Оқылым) Топтық жұмыс

 - Мәтінде кімдер жайлы жазылған?

3-тапсырма. Мәтіннен өзіңе таныс емес сөздерді теріп жаз. Анықтамадан осы сөздердің мағынасын тауып, аш

Ч дыбыстарының астын сыз.

 - Чукчалар неліктен бұғыны көлік ретінде пайдаланады?

«Бэкроним» әдісі

Мақсат: Сөйлем құрауда өтілген әріптер бар сөздерді қолдану.

4-тапсырма

Щетка, тұщы, чукча сөздері топтарға таратылады. Осы сөздердің әріптерінен басталатын сөздерден сөйлем құрау.

                                          5-тапсырма

Жеке жұмыс

Мақсат: «ч», «щ»   әріптері бар  сөздердің емлесін білу, оқушылардың жіберген қатесін өзі табу, түзету.

«Түсіп қалған әріпті анықта» көп нүктенің орнына ч, ш, щ әріптердің тиістісін қойып жаз. (Жазылым)

Берілген сөздердің дұрыс жауабы  интербелсенді тақтада көрсетіледі.

...аңғы, ...ётка, бор.., ...емпион, пла..., ...ук..а, карто...ка, оқу...ы, а...ы, тұ...ы.

6- тапсырма

«Сөзді тап»

Мақсат: Өткен тақырыпқа байланысты сөздерді жұмбақтап айту, ерекшелеу, сипаттап түсіндіру

Қобдишаға чемодан, чек, чемпион, плащ суреттері салынған. Оқушы алған суретті сипаттап, жұмбақтап айтуы тиіс. Қалған оқушылар жұмбақталған затты табуы керек.

Пиязды ащы дейміз.

Есікті ашшы дейміз.

Щ дыбысы қазақтың ащы, тұщы сөздерінде ғана келеді. Қалған сөзден орыс тілінен енген сөздер.

Жұбымен ақылдасып жазады.

Оқушылар мәтінді қызығып оқиды.

Мәтіннен таныс емес  чукча, Чукот түбегі, «Чау-чу» сөздерін теріп жазып, анықтамадан мәнін тауып,  ұғынады.

Оларда көбінесе қыс мезгілі болатындықтан, бұғыны көлік ретінде пайдаланатынын айтады.

 

Оқушылар жылдам сөйлем құрауға талпынады

 

Оқушылар өткен тақырыпқа байланысты сөздерді жазады, қатесін өзі түзетеді.

Оқушылар сөзге жұмбақ құрастырады және шешуін табады.

 

Жұпты бағалау

 

«От шашу» арқылы бағалады.

 

 

 

 

 

 

«Бас бармақ» әдісімен бағаланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өзін-өзі тексеру

Бәрі дұрыс болса- 5

1 қате-4

2 қате-3.

 

«Смайликтер »арқылы бағалайды.

 

 

«Диалог» тәсілі

 

 

 

 

 

 

 

 

«Дереккөздер» тәсілі

 

 

 

 

 

«Қарқын» тәсілі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Тапсырма» тәсілі

Оқу қажеттіліктеріне қарай

Сабақ соңы 

«Ыстық орындық» тәсілі

Мақсат: жауап бер, салыстыр, дәлелде, мысал келтір

Әр топтан бір оқушы шығып, қалған екі топтан бір-бір сұрақ қойылады. Шыққан оқушы ыстық орындықтың сұрақтарына жауап береді, дәлелдейді, салыстырады мысал келтіреді.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы

Бағалау критерийі

Дискриптор 

 

Мәтіннің мазмұны  бойынша пікір білдіретін сұрақтар құрастырады

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді

- мәтінге қатысты пікір білдіруге бағытталған сұрақтар қояды;

  - мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді

- сұраулы сөйлемдердің құрылымын сақтайды;

 - сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды

 

 Ойлау дағдыларының деңгейі 

 Қолдану

Тапсырма Мәтінді түсініп оқы. Неге? неліктен? сұрақтарын қолданып, мәтіннің мазмұны бойынша 2 сұрақ құрастыр. Сыныптасыңның сұрақтарына жауап бер. 

Үйге тапсырма:

34-жаттығу

Қазақстаннан шыққан чемпиондар жайлы интернет желісінен ақпарат жинау

Рефлексия

Мен не білемін?  Не білдім? Не білгім келеді?

 

 

Оқушылар өткен тақырып бойынша сұрақтар қояды, жауап береді. Қате жауапты түзетеді.

 

 

 

 

«Бас бармақ» әдісі

 

 

 

«Қорытынды» тәсілі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Дереккөздер» тәсілі

Мұғалімнің өткізген сабақ бойынша рефлексиясы

 



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)