Өлең, жыр, ақындар

Шегіртке мен құмырсқа

Сабақтың тақырыбы: Шегіртке мен құмырсқа
Сабақтың мақсаттары:
1. Балаларды талдау, талқылау, салыстыру және мазмұнын өздері ашуға дағдыландыру;
2. Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын байыту, өз ойын еркін жеткізіп, салыстыруға үйрету;
3. Еңбекшіл болуға, өзгелерді тыңдай білуге, тиянақтылыққа тәрбиелеу;

Көрнекіліктер:А.Құнанбаев, И.В.Крыловтың суреттері, қыс суреті, Венн диаграммасы.
Әдісі:Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы, сұрақ-жауап, талдау, дәләлдеу
Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық.
- Сабақта бәріміз бір-бірімізге сәттілік тілейік.

2. Қызығушылықты ояту.
- Балалар қандай жыл мезгілдерін білесіңдер?
- Жаз дегенде көз алдарыңа нелер елестейді?
- Күз дегенде ше?
- Енді осы айтылғандардан кластер құрастырайық.
Мезгілдер:
Көктем: табиғат оянады, егін егіледі;
Қыс:аяз, суық, боран;
Жаз:жазғы демалыс, жасыл табиғат, жеміс-жидек;
Күз:егін, жеміс піседі, ағаш, шөп қурайды.

3. Ой шақыру.
Жаңа сабақпен таныспас бұрын жұмбақтарды шешіп алайық:
1.Ат басты,
Арқар мүйізді.
Бөрі кеуделі,
Бөкен санды.(Шегіртке)

2. Ине бел, қылқа мойын, қара батыр,
Қара тауды арқалап бара жатыр. (Құмырсқа)
- Енді осы шегіртке мен құмырсқа туралы не білетінімізді айтайық.
- Балалар екеуінің де далада тіршілік ететін жәндік екендерін айтты.

4. Суретпен жұмыс.
- Суретке назар аударыңдаршы.Шегіртке мен құмырсқа туралы не айтылуы мүмкін?
- Енді оқулыққа қарайық, бұл шығарманың қай түріне жатады?
- Мысал деген не?
- Біз қандай мысалдармен танысып едік?
- Бүгін осындай кейіпкерлермен И.Крыловтың мысалында танысамыз.
- Мысалды аударған А.Құнанбаев
5. Мағынаны тану.
- Біздің болжамымыз оқулықпен сәйкес келе ме екен?
- Оны білу үшін мысалды оқып көрелік.(Іштерінен оқыту, таныс емес сөздерді түртіп отырады, соңынан сөздік жұмыс жүргізіледі.
6. Мәтінді оқып болған соң, өздеріне бұл мысалдан білетіндерін білмейтіндерін анықтау үшін ІNSERT жүйесін қолданады.

7. Ойға шабуыл.Венн диаграммасын салып, шегіртке мен құмырсқаның дара, ортақ қасиеттерін шеңберге жазады.
8. Шығармашылық тапсырма.
«Екі түрлі түсінік күнделігін»жазу
9. Үйге тапсырма.
- Мысалды рөлге бөліп оқу
- Шегіртке мен құмырсқаның іс-әрекетін сипаттайтын мақал-мәтел жазу.
- Суреттерін салу
10. Бағалау
11. Қорытынды.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз