Табиғат және адам. Лепті сөйлем

Алматы облысы Кербұлақ ауданы
Райымбек батыр атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Смагулова Шынар Маулетовна

САБАҚ: қазақ тілі

 ТАҚЫРЫБЫ: 51-сабақ.Табиғат және адам. Лепті сөйлем

Мектеп: Райымбек батыр атындағы орта  мектебі

Күні: 28.11.2018ж

Мұғалімнің аты-жөні: Ш.Смагулова

СЫНЫП: 2 Ә

Оқу мақсаттары

2.1.2.1 - мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау

2.2.1.1* - сұрақ қою арқылы (не істеді? қандай? неліктен?) мәтін түрлерін (әңгімелеу/сипаттау/пайымдау) және құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім, соңы) анықтау

2.3.7.1 - сөйлем түрлерін айтылу мақсатына сәйкес тыныс белгілерін (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі) қою

2.4.2.6 - сөйлемдегі бір-бірімен байланысып тұрған сөздерді табу

Сабақтың мақсаты:

Лепті сөйлем туралы түсінік беру.

Бағалау критерийлері

Ойлау деңгейлері

1. Мәтін тақырыбы мен негізгі ойды анықтай алады.

2. Сөйлем  түрлерінің айтылу мақсатына сәйкес тыныс белгілерін дұрыс қоя алады.

3. Сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау/әңгімелеу  мəтіндерін құрап жаза алады.

4. Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып,түзетіп, құраған сөйлемін толықтыра алады.

Білу

түсіну

қолдану

талдау

жинақтау

бағалау

Табыс критерийі

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:

Сөйлем түрлерінің айтылу мақсатына сәйкес тыныс белгілерін дұрыс қоя алады

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау/ әңгімелеу  мəтіндерін құрап жаза алады.

Тілдік мақсат

 

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

Лепті сөйлем

Талқылауға арналған сұрақтар

- Сөйлем түрлерін нешеге бөлінеді?

- Хабарлы сөйлем дегеніміз не?Мысал келтір.

- Сұраулы сөйлем дегенімізі не? Мысал келтір.

ишара:мақтау,мадақтау,жетелеу

Алдыңғы оқу:

«Сұрақтар жаңбыры»ойыны арқылы өткен сабақты пысықтау

Жоспар

Жоспарланған  уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері (төмендегі жазбаларды өзіңіз жоспарлаған жаттығу түрлерімен ауыстырыңыз)

Ресурс-тар

Дерек-көздер

Басы

 

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Біз әдепті баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Жетілсін деп санамыз,

Оқып,білім аламыз.

 

 

Ортасы

 

Тапсырмалар. Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу. Өлеңді түсініп оқы. Өлеңдегі негізгі ойды тап.

Топтық жұмыс. «Пирамида» стратегиясы

 1. Өлеңге ат қой. (Табиғат)

 2. Өлеңдегі негізгі ойды анықта. (Табиғат-тірлішігі)

 3. Бізді қоршаған орта.(Табиғат)

 4. Өлең туралы пікірің қандай? (Керемет)

Дәлелдеулер жаса.Топта жарияла.

Бағалау: «Бағдаршам» арқылы бір-біріңнің жұмысын бағала.

Оқулық түсіндірме сөздік

«I.mektep» интернет ресурсы

 

Бағалау критериилері

1.Мәтін тақырыбы мен негізгі ойды анықтай алады

Дескриптор

1. Өлеңді дауыс ырғағымен оқи алады.

2. Өлеңдегі лепті сөйлемді білдіріп тұрған сөзді таба алады.

3. Өлеңдегі негізгі ойды таба алады.

4. Өз ойын топта жариялап, дәлелдей алады.

 

 

Тапсырмалар.

Суретпен жұмыс. 2-жаттығу. Сурет бойынша әңгімеле.Көп нүктенің орнына қажетті суреттерді қой.Үлгіге сәйкес сөйлемдер құра.Құраған сөйлеміңді дауыс ырғағымен оқы.

3-жаттығу.

Өлеңді мәнерлеп оқып,сұрақтарға жауап бер.

Гербарий сөзінің мағынасына назар аудар.Өлеңнен баланың қуанышын білдіретін сөзді тап.

Бағалау тақтасында тастарын көтеріп отыру

Түсіндірме сөздік оқулық

 

Бағалау критериилері

2. Сөйлем  түрлерінің айтылу мақсатына сәйкес тыныс белгілерін дұрыс қоя алады.

 

Дескриптор

1. Сурет бойынша әңгімелей алады.

2. Көп нүктенің орнына қажетті суреттерді қоя алды.

3. Үлгіге сәйкес сөйлемдер құрай алады.

4. Құраған сөйлемді дауыс ырғағымен оқи алады..

5. Өлеңді мәнерлеп оқып,сұрақтарға жауап бере алады.

6. Гербарий сөзінің мағынасына назар аударып, өлеңнен баланың қуанышын білдіретін сөзді таба алады.

 

 

Тапсырмалар.

5-жаттығу. Екі-үш сөйлем құрастыр.Бір-біріңнің қатеңді тауып қатемен жұмыс жаса.

Дәптердегі шығармашылық тапсырманы орында.

Екі бағандағы сөйлемдердің өзгешелігін анықтап дәлелдеулер жаса.

 Бағалау: «Басбармақ»стратегиясы арқылы бір-біріңнің жұмысын бағала.

Оқулық

дәптер

 

Бағалау критериилері

1.Екі-үш сөйлем құрастыра алады

3.Бас əріп пен кіші əріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап,оларды байланыстырып көлбеу жəне таза жаза алады.

Дескриптор

1. Екі-үш сөйлем құрастыра алады

2. Бір-бірінің қателерін тауып қатемен жұмыс жасай алады.

 

 

 

Ой сергек:

 

Қимыл-қозғалыс жаттығулары

 

Соңы

Кері байланыс. «Көңіл-күй смайлдарында» өз ойларын жазып, салады

 

 

 

Үйге тапсырма беру: 4-жаттығу, 101 бет

 

 

Қосымша мəліметтер  оқулықтан  тыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

 Мадақтау формативті бағалау арқылы

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Д- деңгей

Шығармашылық тапсырма

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Смайликтер арқылы бағалау

Бағдаршам әдісі арқылы

Пəнаралық  байланыс –

Өзін-өзі тану,дүниетану, жаратылыстану,орыс тілі,ағылшын.

«Қимыл –қозғалыс» жаттығуларын жасату

Құндылықтар мен байланыс (тəрбие элементі).

 Еңбексүйгіштікке, сауаттылыққа тәрбиелеу

Рефлексия

1. Сабақ мақсатына жеттім бе?

2. Оқушылар не үйренді?

3. Ынтымақтастық атмосферасы болды ма?

4. Оқушылар арасындағы дифференциялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

5. Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

6. Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

(тапсырмалар сəйкес болды ма?)

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды бағалау:

1. Сабақтың ең ұтымды кезеңдері:

2. Сабақты жақсартуға септігін тигізетін екі сәт

3. Осы сабақтан келесі сабақтың өткізілуіне септігін тигізетіндей сыныптағы және жеке оқушылар жайлы не білдім?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)