Өлең-жыр байқауы

Натурал сандар, шамалар

Түркістан облысы Кентау қаласы
Т. Айтжанов атындағы жалпы орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі Исмайлова Ануар Абуталиповна

Сабақ жоспары: Математика пәні. 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Натурал сандар, шамалар

Жалпы мақсаты: Мың көлеміндегі сандарды жіктеу, салыстыру, разрядтардың атауын және нөмірленуін, бірліктер класын қайталап пысықтау;

Оқушылардың білім, білік, дағдыларын қайталау, тиянақтау, қалыптастыру, деңгейін анықтау

Міндеттер:

1. «Жоғалған санды тап»

2. Есептер шығару

3. Шығармашылық тапсырма

4. Рефлексия

5. Кері байланыс

Күтілетін нәтиже:

1. «Жоғалған санды тап»
2. Есептер шығару
3. Шығармашылық тапсырма
4. Рефлексия
Кері байланыс
 

Сабақтың барысы:

Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу.  

СТО сұрақтары

Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

Сабақтың маңыздылығы не?

— оқушылар не алады?

— бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?

— өмірден алған тәжірибесінің әсері?

— сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?

— оқушыларды ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу

— тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу

І. Қызығушылығын ояту

Психологиялық көңіл күй.

Тірек білім, білік дағдыларын еске түсіру:

А) 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 — 1 таңбалы сандар.

Ә) 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 натурал сандар

Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер

— еркін ойлауға қандай мүмкіндіктер жасалды?

Мағынаны ажырату сатысы (жаңа ақпарат)

— оқушыларды белсене қатыстыру

— стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жасай білу, баяндау және қызу ой талқысын жасай білу қабілеттерін жетілдіру жолдарын беру)

— оқушылармен бірлесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу

— оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу

Толғаныс

— әрі қарай не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту

— алатын білімінің пайдалылығына көздерін жеткізу

— білімін, ақпаратты жүйелеуге үйрету

ІІ. Мағынаны тану

Тақырыбы: Сандардың нумерациясы.

Мақсаты: үш таңбалы сандардың құрылу тәсілдерін қорытындылау; оларды салыстыру; алдыңғы, келесі түсініктерін пайдалана отырып, натурал сандар қатарындағы сандарды табу дағдыларын жетілдіру .

Түрі: жаңа сабақ әдісі: сұрақ-жауап, талдау, есептеу, салыстыру.

Көрнекілігі: суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Балалар, бір-біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын,

Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда.

Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Оқулықпен танысу: 4 класс «Математика» оқулығы, кітапты күтіп ұстау керектігін есіңнен шығарма.

ІІІ. Жаңа сабақ: кіріспе. Көркем жазу сәтіне 1, 2, 3 цифрларының көмегімен үш таңбалы сандар жазу ұсынылады. (123, 132, 213, 231, 312, 321)

Неше сан жаздыңдар? Ең кіші санды; ең үлкен санды; 1 ондығы бар санды; 1 бірлігі бар санды; 3 ондығы бар санды ата. 312 мен 321 сандарының арасындағы сандарды жаз.

1. Оқулықпен жұмыс. № 1 ауызша есептеу. Жасырын сандарды ата.

Алдыңғы сан
689
99
998
408

666
Сан
690
100
999

409
667
Кейінгі сан
691
101

1000
410
668

Сандар туралы білімдерін қайталауға арналған жұмыс.

№2. Өздік жұмыс. Сандарды ата. Оларды кему ретімен жаз.

Разрядтар

жүздіктер

ондықтар

бірліктер

№3. Салыстыр. Жұптық жұмыс. Есептемей – ақ салыстыру.

699 – 90 < 699 – 9 808 – 8 > 808 – 80

400 + 80 > 400 + 8 550 + 50 > 550 + 5

998 – 900 < 998 – 90 665 – 60 – 5 = 665 – 5

№4. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте. (Үш қатардан 3 оқушы, жарысу).

900 см = 9 м 895 см = 8м 9дм 5см 10м = 100дм

400см = 4 м 502 см = 5м 0дм 2см 10м = 1000 см

300см = 3 м 660см = 6м 6дм 0см 2м 5дм 7см =257см

ІҮ.Жаңа сабақты пысықтау:  

№ 5 (1). Есептерді шығар. (қысқаша шарты)

І емхана – 3 дәрігер – 14 баладан ? шешуі: 3 ∙ 14 + 2 ∙ 17 = 42 + 34 = 76

ІІ емхана – 2 дәрігер – 17 баладан жауабы: барлығы 76 бала қабылданды.

№5 (2).

Мараттың салмағы – 45кг, ? кг ауыр шешуі: 45 – 45 : 3 = 45 – 15 = 30

Інісі Қайраттың салмағы - ? , 3 есе жеңіл жауабы: Қайратқа қарағанда Марат 30кг ауыр

№6. (4 оқушы тақтада).

1. Ш: 24 ∙ 6 = 144 Ж: 144 парақ қатырмақағаз бар.

2. Ш: 124 + 124 ∙ 2 = 124 + 248 = 372 Ж: барлығы 372 парақ қағаз бар.

Ш: 124 + 124 : 2 = 124 + 62 = 186 Ж: барлығы 186 парақ қағаз бар.

1. Ақ қағаз – 124 Ш: 500 – (124 + 106) = 500 – 230 = 270

Көк қағаз – 106 500п.қ. Ж: 270 сары қағаз

Сары - ?

№7. Топтық жұмыс. Кесте бойынша өрнектер құрастыр және жаз. Олардың мәнін тап.

150 ∙ 3 + 250 = 700 880 : 4 + 11 ∙ 2 = 242 320 + 300: 20 = 470

4 ∙ 12 + 210 = 258 299 + 900 – 680 = 519

А).

Қосылғыш
150 ∙ 3
4 ∙12
880 : 4
299
320
Қосылғыш
250
210
11 ∙ 2
900 – 680
300 : 20
Қосынды
700
258
242
519
470
Б). 800 – 600 : 5 = 680
Азайғыш
800
45 ∙ 4
445 + 355
1000
560
Азайтқыш
600 : 5
44 : 4
55 ∙ 3
230 ∙ 3
405 : 5
Айырма
680
169
635
310
479

Шығармашылық тапсырма. №9.

Ү. Қорыту. Бүгінгі сабақтан не білдік? Үйге тапсырма: № 8. 5 бет.Бағалау.

(рефлексия)

— сабақта үйренген-дерін бекіту, қолдану жолдарын беру

— жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу

— жауап шешімі осыған байланысты жұмыс-тар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру

3. Сыныпта қорғау /10 мин/ әр топтан 1 бала тұрып айтады

ІІІ. Ой қорытынды

Сонда біз бүгін не туралы өттік? 

Бағалау (түрлері)

— оқушының өзін-өзі бағалауы

— топтың өзін-өзі бағалауы

Бағалау: /2 мин/ Өзін-өзі және достарын бағалау парағы

Үйге тапсырма: 10-есеп

Сабақ барысын ұйымдастырудағы қосымша іс-әрекеттер немесе сабақ бойынша өзгертулер

— оқушы алған білімінің деңгейін қандай дәлел арқылы білуге болады?

— оқушының білмегенін жеткізе аламыз ба?

— мүкіндіктер мен уақыт жеткілікті болды ма?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз