Өлең, жыр, ақындар

Зат есім

ҚАЗАҚ ТІЛІ. 4 СЫНЫП

Мурсалиева Ақмарал Қалмаханбетовна

Сабақтың тақырыбы: Зат есім

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Зат есім туралы алған білім мен білігін оқушылар есіне толық қалыптастыру және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.

Дамытушылық: Зат есім туралы ұғымдарын кеңейту, дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін байқау, дамыту. Сауатты, көркем жазуға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың ана тілін сүюге, адамгершілік және ақыл-ой тәрбиесін беру, белсенділікке, ұйымшылдыққа, іздемпаздыққа баулу.

Халықтық педагогикаға сүйеніп, ұлттық ойындар арқылы оқушылардың жаңа сабақтан және өткен сабақтан алған білімдерін тиянақтау.

Сабақтың міндеті: Тапсырмалар мен жаттығулар орындау арқылы зат есім туралы білімді еске түсіру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Пәнаралық байланыс: музыка,ана тілі, дүниетану.

Әдіс – тәсілдері: Оза оқыту, көрсету, әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ – жауап, ауызша, жазбаша жазу жұмысы, тақырыпқа байланысты кесте, дидактикалық карточкалар, үнтаспаға жазылған күйлер, жеке суреттер, тест, плакатпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: сөзжұмбақ, кестелер,слайд,музыка, «Алтын балық» ойыны.

Сабақтың барысы:  І.Қызығушылығын ояту.

1) Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.

2) Психологиялық дайындық

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын,

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

3) Үй тапсырмасын сұрау. Топқа бөлу   «Бұлар қай сөз табы?»

  • 1 жарысады, түсінеді, ұмтылды, озды
  • 2 әдепті, көкшіл, кең, тәтті, тұнық
  • 3 үш, жетінші, алтау, жиырма бес

4) Сурет бойынша әңгіме құрастыр

 

Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейді. Зат есімдерге кім?не?  кімдер? нелер? деген сұрақтар қойылады. Зат есімнің жекеше, көпше түрі болады. Кім? Не? зат есімнің жекеше түрі, кімдер? нелер? зат есімнің көпше түрі жауап береді.

 

5) (1-жаттығу. Тәуелденген зат есімдерді теріп жаз.)

«Фишбоун» әдісі
 

6) «Алтын балық» ертегісі.

ЕртедеЕржандеген бала болыпты. Олбалықаулағандыұнатадыекен. БіркүніЕржаннынәкесібаласыныңқаншалықтыкөпбалықтыаулайтындығынсынамақболып, оғанкөпбалықаулапкелсеңсаған велосипед әпереміндейді.

 

7) 2-жаттығу. Жалқыесімдер мен жалпыесімдердіажырату

Оқушы; Тайбурыл, бала, биші; Жайық; жаңбыр; оқушы; өлке; Құтжол; Бішкек

 

Кісінің аты-жөні, жер – су аттары, жануарларға қойылған атаулар,

газет- журналдар,қала аттары  бас әріппен жазылады.  Оларды жалқы есімдер деп атайды. Жалқы есімдерден басқа сөздерді жалпы  есімдер деп атайды. Жалпы есімдер кіші әріппен жазылады.

 

             Қарақат                                                              Қарақат

 

 

        Раушан                                                       Раушан

 

 

8) 3-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін тап

Екі желім-

Күйдің көрігі

Әннің көлігі

 

Тәуелді зат есімдерді тауып, түбір сөздің соңғы дыбысының өзгеру себебін түсіндір және тәуелде

  • 1-топ   көрік
  • 2-топ  көлік
  • 3-топ   домбыра

 

9)  4-жаттығу. Сөздерді оқы

Ұш, біл, іл, сыз, жүз, өшір

Адал, ұзын, жаңа, сұлу, таза, биік

Мына тапсырмаларды орында:

  • 1-топ:   бірінші жолдағы сөздерқай сөз табына жатады? Екіншідегі ше?
  • 2-топ:  осы сөздерден зат есім жасап жаз. Оларға сұрақ қой
  • 3-топ: осы сөздерден зат есім жасап жаз. Бұлар қандай зат есім деп аталады? Неліктен?  

10) 5-жаттығу. Ребусты шешсең мақал шығады

 

11) Үйге тапсырма:

6-жаттығу. Өлеңді түсініп оқу. Өлеңнен зат есімнің жекеше түрін және көпше түрін теріп жаз. Өлеңдегі сұрақтарға жауап беруге тырыс.

                                                                        

12) Бағалау.

13) Рефлексия:«Өрмекшінің торы» әдісі

 


Пікірлер (5)

жумагул

материалдар керемет. маған ұнады. рахмет.

Мадина

3-жаттығудың жауабы барма?жұмбақтың

Ержан

Екі желім-
Күйдің көрігі
Әннің көлігі
Жауабы: домбыра

Айгерім

4 жаттығудың жауабы барма?

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз