Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Бақа сисе, көлге сеп,
Жақсы қатын малға сеп.

Ілмектер: бақа, көл, қатын, жақсы

Бақ-дәулетке мақтанба.

Ілмектер: бақ, дәулет, мақтану

Бақ тіліңді, ойлағаның саз болар,
Көп сөйлеген сөздің мәні аз болар.

Ілмектер: бақ, мән, сөз

Бақ тайса, батырлық пұшайман жейді.

Ілмектер: бақ, батырлық

Бақ пен дәулет көшпелі.

Ілмектер: бақ, дәулет

Бақ келсе, бәрі келеді.

Ілмектер: бақ

Байысаң да өлетұғын кез жетер,
Сонда саған екі-ақ құлаш бөз жетер.

Ілмектер: байлық, бөз, өлім

Байыпты сөздер бір-біріне ұқсап тұрады.

Ілмектер: байып, сөз, ұқсастық

Байыдым деме,
Кедейлік сіңіріңе жетер.
Жетістім деме,
Қара жер түбіріңе жетер.

Ілмектер: байлық, кедей, жер, сіңір

Байығанда бас имес, ол — адамның әлсізі.

Ілмектер: байлық, адам, әлсіз

Байтал озып, бәйге алмас.

Ілмектер: байтал, бәйге

Байтал — жүйрік, парқы жоқ,
Қатын — шешен, нарқы жоқ.

Ілмектер: Байтал, қатын, шешен, жүйрік

Байменен алысып болмас,
Терекпенен күресіп болмас.

Ілмектер: бай, терек

Баймен айтыспа, палуанмен күреспе.

Ілмектер: бай, айтыс, палуан, күрес

Байлықтың не керегі, қайыры болмаса,
Биліктің не керегі, әділдігі болмаса.

Ілмектер: байлық, қайыр, билік, әділдік

Байлыққа жомарттық жарасады.

Ілмектер: байлық, жомарттық

Байлық іздеп, мақтан тілеп жортқан да,
Жарасады кісілігі артқанға.

Ілмектер: байлық, мақтау

Байлық үшін отқа түспе, таспағын,
Құмарлықтың мойнын жұлып тастағын.

Ілмектер: байлық, от, құмарлық

Байлық не дегізбейді,
Аштық не жегізбейді.

Ілмектер: байлық, аштық

Байлық — нағыз дұшпан.

Ілмектер: байлық, дұшпан