Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Баласы жыламай,
Шешесі емшек бермес.

Ілмектер: бала, ана, шеше, емшек

Баласы әкесін үйретпес.

Ілмектер: бала, әке

Балаңды ордаға бер, немесе молдаға бер.

Ілмектер: бала, тәрбие, молда

Балаңды көр де, жаныңды көр.

Ілмектер: бала

Балаңа байқап сөйлесең, ақылыңа көнер,
Байқамай көп сөйлеген, жұрт ішінде өлер.

Ілмектер: бала, тәрбие, ақыл, жұрт

Баланың қылғаны білінбейді,
Тайдың мінгені білінбейді.

Ілмектер: бала, тай

Баланы іске бұйыр,
Соңынан бірге жүгір.

Ілмектер: бала, жұмсау, іс

Баланы зордан,
Ананы бордан.

Ілмектер: бала, ана

Баланы жұмсағаның білінбес,
Тайды мінгенің білінбес.

Ілмектер: бала, тай, жұмсау, міну

Баланы жастан үйрет,
Қатынды бастан үйрет.

Ілмектер: бала, қатын

Баланы асырай алмасын деп күңге береді,
Ұялтайын деп қызға береді.

Ілмектер: бала, ұят, күң, асырау

Балам бол, басқа бол — бәріңе заң біреу-ақ.

Ілмектер: бала, заң

Балалы үйдің сыры жатпайды.

Ілмектер: бала, үй, сыр

Балаларға өнер білім берілсін,
Сұлу мінез әр өнермен өрілсін.

Ілмектер: бала, өнер, мінез, сұлу

Балалар ойнап жүріп су төгеді,
Қарттар тайып жамбасын сындырады.

Ілмектер: бала, ойын, қарт, жамбас, сынық, су

Бал татқан бармағын жалар.

Ілмектер: бал, бармақ, жалау

Балықтың тірлігі суменен.

Ілмектер: балық, тірлік, су

Бал қайда болса, ара сонда.

Ілмектер: бал, ара

«Бал», «Бал» дегенмен аузы дәмді болмас.

Ілмектер: бал, ауыз, дәм

Бақытыңды қорғасаң,
Жаман сөзді қолданба.

Ілмектер: бақыт, жаман, сөз