Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Бақытың артқан шағыңда,
Жапалақ салсаң, қу ілер.
Бақытың тайған шағыңда,
Сұңқар салсаң, аз ілер.

Ілмектер: бақыт, жапалақ, сұңқар

Бақыттың шалғайынан басып,
Күшпен ұстап тұруға болмайды.

Ілмектер: бақыт, шалғай, күш

Бақыттың да басы айналар кез келер,
Мінезі айнып, құлқы сонда өзгерер.

Ілмектер: бақыт, мінез, құлық

Бақытсыз күн де өтер,
Молшылық та жетер.

Ілмектер: бақыт, күн, молшылық, бақытсыздық

Бақыт пен дәулетте көз жоқ.

Ілмектер: бақыт, дәулет, көз

Бақыт қайда болса, тыныштық сонда.

Ілмектер: бақыт, тыныштық

Бақыт жолы біліммен табылады.

Ілмектер: бақыт, жол, білім

Бақыт басқа қонғанда,
Алысып жүрген дұспандар
Алдыңа келіп дос болар.
Бастан бақыт ұшарда,
Жан аяспас достарың
Қарап жүріп қас болар.

Ілмектер: бақыт, дос, дұшпан

Бақыт көктемгі бұлт сияқты,
Ол көрген түстей, ұшқан құстай өте шығады.

Ілмектер: бақыт, көктем, бұлт, құс, түс

Бақыршының басы болғанша,
Алтыншының аяғы бол.

Ілмектер: бақыршы, аяқ, бас

Бақыр, қазан піскені бәрімізге пайдалы.

Ілмектер: бақыр, қазан, ас, тағам, пайда

Бақылдың даңқы шықпайды.

Ілмектер: даңқ, бақыл

Бақылдық жүрген жерде
Жомарттық жасап болмайды.

Ілмектер: бақылдық, жомарт, сараңдық, сараң

Бақылдық — айықпас ауру.

Ілмектер: Бақылдық, ауру, сараңдық, сараң

Бақылға бағыштаған оғыңды қатты жайға оқта.

Ілмектер: оқ, сараңдық, сараң

Бақтағы гүлдер бір ашылып, бір жабылады.

Ілмектер: бақ, гүл, ашылу, жабылу

Бақсыз балықшы телегей-теңізден де балық ұстай алмайды.

Ілмектер: бақ, балықшы, теңіз, балық

Бақсаң, қайғы-қуаныштың арты сол,
Мәз боп өссең, мұң басады, шарты сол.
Семіртеді, шат қып көңіл өсіред,
Аздырады сосын қайғы-қасірет.

Ілмектер: қайғы, қуаныш, мұң, көңіл

Баққан ұлдан сәл тайса егер назарың,
Түбі соның тарттым дей бер азарын.

Ілмектер: ұл, назар

Бақ-бақ еткен текені қар жауғанда көрерміз,
Батырсынған жігітті жау келгенде көрерміз,
Шешенсінген жігітті дау келгенде көрерміз.

Ілмектер: теке, қар, батыр, жігіт, жау, шешен, дау