Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Әуелі көздеп ал, сосын ат.

Ілмектер: көздеу, ату

Әуелі жапа көрмей, опа болмас.

Ілмектер: жапа, опа

Әуелі көріс, сонан соң біліс.

Ілмектер: көрісу, білу

Әуелгі байлық — иман байлық,
Екінші байлық — денсаулық.
Үшінші байлық — ақ жаулық,
Төртінші байлық — он саулық.

Ілмектер: иман, денсаулық, байлық, жаулық, саулық

Әскер — бектің қанаты,
Құс қанатсыз ұша алмайды.

Ілмектер: әскер, бек, қанат, құс

Әруақ тепкен ары түсер,
Атан тепкен бері түсер.

Ілмектер: әруақ, тебу

Әркімнің өз ақылы кемел көрінеді.

Ілмектер: ақыл, кемел

Әркімнің ойлап жүрген бір тілегі бар.

Ілмектер: ой, тілек

Әркім шыққан тау биік болсын дер.

Ілмектер: тау, биік

Әркім өзі күтеді өз басын,
Жаман кемітеді жолдасын.

Ілмектер: бас, жаман, жолдас, кеміту

Әрбіреуге құдық қазсаң,
Түсерсің өзің.

Ілмектер: құдық

Әрбір адам ақылды бола бермейді,
Жат пен жақын бірдей бола бермейді.

Ілмектер: ақыл, жат, жақын

Әр істің басталуы ғана қиын.

Ілмектер: іс, қиын, бастау

Әр істі өз мезгілінде істеу керек,
Мезгілімен істелмеген іс құнтсыз.

Ілмектер: мезгіл, іс

Әр істе сақтық керек.

Ілмектер: сақтық

Әр тастың бөлек-бөлек белгісі бар.

Ілмектер: тас, белгі

Әр сөзіңнің білім болсын сағасы,
Білімменен үлкейер ел ағасы.

Ілмектер: сөз, білім

Әр нәрсенің шегі бар.

Ілмектер: шек

Әр қасіреттің соңында қуаныш бар.

Ілмектер: қасірет, қуаныш

Әр қамалдың аяғы харап болар.

Ілмектер: қамал