Өлең, жыр, ақындар

Туған жерін сүйе алмаған,сүйе алар ма Туған елін.

Туған жер-адам өмірінде киелі орын алады.Нақты осы жер оны елі мен өткенімен және болашақпен байланыстырады. Міне,сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады.Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады.Туған жер,туған көше,туған қала мен үшін туған жер.Менің Отаным кішкентай болса да,мен үшін аса қымбат жер ол Жетісай қаласы. Дәл осы жерде менің көңілді де,шаттықты уайымсыз балалық шағым өтуде. Туған жерді ұзаққа қимайсың.Оған деген сағыныш сезімі басым тұрады.          

Сен әрқашан өзің бармасаң да ,оймен қиялдап туған көшені,есіктің алдында"атаңның үйге кір"деген сөздері еске түсіресің.Жүректің әлсіз дүрсілі естіледі.Қазір бой жеттім,бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көшем менің кішкентай отаным.Сонымен бірге мен елімнің кішкентай бөлшегімін,оның бүгіні мен болашағымын.Сонымен қатар,туған жерім қасиетті де құтты қоныс.Ол мені құшағында мәпелеп қана өсірген жоқ,ол маған тәлімін,тәрбиесін берді.Сонымен қатар еңбекке баулыды.Оның төсінде үйренгенім мен түйгенім көп.Ондағы жасыл түгі басылмаған керіліп жатқан керейшық кең дала мені салмақтылық пен сабырлыққа,кеңпейілділікке тәрбиелейді.Ай жаныңда тыныштық сыйлап,анда-санда әрлі -бері сипап өтіп,қытырыңа тиетін,барары мен келері беймәлім ерке жел еркіндікке үйретсе,сыңғыр күлкісі еріксіз еліктіретін бұрымды өзен-ару бір байыппен сылдырлап ағып, сабырлық пен байыптылыққа баулиды.Төбесі көкті тіліп бұлтпен сырласқан маңғаз таулардан рухани биіктікті,жайқалған жасыл желегінен өмірге сүйіспеншілікті,жылы жүзділікті,қыбыр-жыбыры таусылмас жәндігінен еңбекқоршылықты үйренеді екенбіз.Қарап тұрсақ адамдықтың өзін еңбегінің өтеуін сұрамайтын аңғал даладан үйренеді екенбіз.Туған жер төсінен жырақта жүріп,сағынып келіп құшағына ден қойғанда еріксіз елжіреп,тұла бойыңның шымырлайтындықтан да туған топырағыңды аңсағаннан ғана емес,оның көкейіңе салған адамдық ұстанымын да сағынғандықтан болар.

Қорытындысына келсек,туған дала төсіне жүгіріп шығып,о шетімен бұ шетіне көз жүгіртіп,айналаңа көз салсаң,ақиық ақын М.Мұқатаев атамызша "Пай!Пай!Пай!Киелі неткен жер"демеске еш шараң қалмайтындай.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз