Өлең, жыр, ақындар

Менің болашақ мамандығым...

Бұл өмірде адам үшін өміріңдегі ең маңызды құбылыс,ол - оның болашақ мамандығы. Өз өмірінде ең бастысы мамандық таңдаудан жағылмауы қажет. Мамандық таңдау - сені үлкен өмірге жетелейтін баспалдақтардың алғашқысы. Дұрыс таңдалған мамандық - болашақтағы бақытты өміріңнің кепілі.

Мамндық - жай күнелту ,ақша табу емес. Әр адам өз мамандығынан рухани күш алып,еңбектің рахатын көреді. "Ұялмаған әнші болады, ерінбеген етікші болады",- деген халқымыздың дана сөзі бар. Тіпті етікші болсаңда өз ісіңнің шебері бол. Мамандық таңдаған сәтте сол кәсіпті сүйіп таңдау қажет. Болашақта бізді үлкен асулар мен биік белестер күтіп тұр. Білімді аға-апаларымыз тәрізді еліміздің дамуына зор үлес қосуымыз қажет. Ол үшін өзімізге ұнайтын мамандықты адаспай тауып алу керекпіз. Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өміріңде өкінбейтіндей, өз қабіліті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. . . Бұл өте жауапкершілігі мол маңызды іс. Мамандық таңдаған кезде адам ең алдымен өзін,өзінің бейімділігін біліп алған дұрыс. Өз-өзіне "Мен кіммін?","Өмірдегі орным қандай?" деген сұрақтарға жауап бере алуы тиіс. Бүгінде мамандықтың түр-түрі бар. Оларды іріктеп,өз икеміме сай келетін мамандықты таңдап оырмын. Мен таңдаған мамандық - журналист мамандығы. Бала кезден қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін сүйіп оқыдым. Поэзияға жақын болып өстім,кештерді  жүргізгенді,сценарий жазғанды қатты ұнататынмын. Сол себепті журналист боламын деген шешімге келдім.

Журналист мамандығы - қиындығы мен қызығы молл ,жан-жақты білімділікті талап ететін жауапты сала. Ешқашан қателесуге болмайтын мамандық. "Неге журналист?" деп ойлайтын шығырсыздар. Себебі журналист нағых XXI ғасыр мамандығы,ал XXI ғасыр - ақпарат пен жаңалықтың ғасыры.

Әрине,басқа балалардың басынан өткен жағдай меніңде басымнан өтті. Жақындарым,туыстарым менің таңдауымды білген соң,ойымнан қайтарғылары келді. "Сол мамандықты қайтесің!Оданда мұғалім немесе дәрігер бол!" деген сөздерді көп естідім. Алайда мен өз таңдауымды өзгертпеймін деген шешімге келдім. Егер сен өзің қаламаған мамандықты таңдасаң,болашақта,қанша тырыссаңда сенен ештеңе шықпайды. Сондықтан мен өзім үшін - Қазақстандағы атақты журналисттер қатарына қосыламын деп мақсат қойдым және сол мақсатқа үлкен табандылықпен жетемін деген үміттемін.

Журналист мамандығы басқа мамандықтарға қарағанда шоқтығы биік тұратын мамандық. Журналист әрбір естігенін,соны жазбаса тағат таппай ой түйсігінен өткізіп халық арасында болып жатқан көкейтесті мәселелер мен болған оқиғанларға бейжай қарай алмайтын мамандық иесі. Журналисттің басты мақсаты - халық пен үкімет арасындағы қарым-қатынасты сақтау,жақсарту. Негізінен бұл- аса қауіпті мамандық. Сондықтан да осы мамандық аса батылдықты талап етеді. Жақсы журналист көргенін жазады,жаман журналист естігенін жазады. Журналист сан түрлі ғылым саласына ой жүгірте алатын тұлға болғаны ләзім. Бұл кәсіптің қыр-сырын меңгеріп,тереңінде жатқан асыл маржандарды теріп,білікті маман иесі болғым келеді. "Журналист - халық пен билікті байланыстыратын көпір"-дейді. Жалпы айтқанда журналист адам мен өнерді дәнекерлеуші.   Бұл мамандықты кез-келген адам алып кете алмайды. Жұрт алдында сөйлеу,камера алдында жасқанбай,өзін емін-еркін сезіну әркімнің қолынан келе бермейтін іс. Журналист қоғамның өткір мәселелерін көтеріп,от пен су кешіп тіпті өз бастарына қауіп төндіріпте жүреді. Қаншама журналисттер тілімен сыбап өткір мәселелерді көтеріп,халықтың мұңын мұңдағаны үшін қудалауға түсіп,өмірімен қош айтысыпта жатты. Бұл мамандықта "әлсіз" жандарға орын жоқ!Халық арасында "Кез-келген адам журналист бола алады"деген сөз көп айтылады. Мен бұл пікірмен мүлдем келіспеймін. Қалай кез-келген адам журналист бола алдады?Қалай кез-келген адам өткір мәселелерді көтере алады? Журналист болу үшін аса батылдық пен дарын қажет.

Қорыта келе, ұлы педагог Ушенский: "Егер мамандықты таңдап алуда сіздің жолыңыз болса және осыған бар жігеріңізді сарп етсеңіз,сізден асқан бақытты жан болмайды",- деген екен. Біздің бақытты болуымыз мамандығымызға тікелей байланысты. Біздің бақытымыз - болашағымыз. Сондықтан ,достар, мамандық таңдаудан қателеспейік!

Ақу Аңсарым. Қарағанды обл. Шет ауд. Ш. Батталова атындағы ЖОББМ. 10 сынып оқушысы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз