Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Абай
Иә, шіркін, Абай атам қалайша қыс мезгілін ерекше паш еткен! Менің сүйікті мезгілім қыс келді. Бұл мезгілді қалай ұнатпауға болады? Қыс- ең тамаша жыл мезгілі.Қыс мезгілі өзіндік аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен,үскірік аязымен ерекше. Бұл мезгілде жер бетін ақ қар басады. Қарша қыз үлпілдеген сәнді көйлегін киіп, айналаға сән бергендей.Қыс мезгілін әсіресе балалар асыға күтеді. Шаналарын арқалап,сырғанақ жасайды. Жүздерінде толған күлкі, қуаныш сәттері.Бұл мезгілді тағы да асыға күтуімнің бір себебі-қысқы демалыс.
Әне-міне дегенше екінші тоқсан да аяқталды. Барлық оқушылар қысқы демалысқа шықты.Мен де көптен күткен қызығы мен қуанышы мол қыстың ғажайып ұмытылмас күндеріне жеттім. Нұрын төккен шуақты күндер маған көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Қыс аппақ қарымен сәнді. Күн бірде жылынып, бірде суытып тұр. Бұл кезде бәріміз Жаңа жыл мерекесін қарсы аламыз.Адамдар жылы киімдерін киіп, далада серуендейді. Балалар далаға шанамен сырғанауға, аққала жасауға шығады. Мен сыртқа шығып, достарыммен қар атысып ойнадым. Содан кейін қардан аққала, қорғандар жасадық.Қысқы ойындар, әдемі жерлердегі серуендер өте керемет болды.
Қысқы демалыс мен үшін есте қаларлықтай кезең болды, өйткені Жаңа жыл мерекесін қарсы алдық. Жаңа жыл тамаша өтті. Отбасымызбен үйге Аяз ата мен Ақшақарды қонаққа шақырдық.Олар келгенде мен де, інілерім де қатты қуанды. Аяз ата бізге сыйлықтар берді. Әдемі орамаға салынған тәтті шоколадтар, мандариндер, кәмпиттер тіліңді үйіреді.Кішкентай інілерім тақпақтар айтты.Мен Жаңа жыл туралы ән айттым. Әкем мен анам, барлығымыз ақ тілектерімізді айттық. Жаңа жыл мейрамы маған қатты ұнады.2020 жыл-Тышқан жылы. Жаңа жыл барлығымызға мол бақыт пен табыс әкелсін.
Мен үшін қызықты күндер, әсіресе, достарыммен «Серіппе орталығына » барғаным. Менің достарым өте көп. Біз түрлі аттракциондық ойындар ойнадық. Бұл ойындар ер балалар үшін керек, өйткені денең шынығады әрі сергіп қаласың.Ең қызығы серіппеден секіру үшін, әуелі сергіту сәтін орындау керек екен.Жұмсақ үрмелі шар сияқты батутта түрлі қимылға салып, әбден секірдік.
Демалыстың ортасында атам мен әжемнің үйіне қонаққа бардым.Ол жақ мен үшін ерекше. Атам мен әжемнің үйіне жиі барып тұрамын. Олар өте жақсы адамдар. Мені еркелетеді, бар тәттісін алдыма қояды. Атам маған үнемі ақылын айтады. Мен оларды мұқият тыңдап, жадымда сақтаймын. Атамның сөздері дана әрі адам болуға бағыттайтын сөздер.
Мен бос уақытымды құр өткізбеймін. Кітап оқимын,сурет саламын,спортпен шұғылданамын.Демалыс-қуанышты күндердің аяқталуына да аз қалды.Бірнеше күннен кейін мектепке барамын. Үшінші тоқсанға ерекше ықыласпен, үлкен күш-қуатпен сабағыма кірісемін.
Қыс мезгілі мен үшін ерекше таңғажайып мезгіл. Менің ойымша, бұл күндерді өте пайдалы етіп өткіздім. Міне,осылай менің қысқы демалысым қызықты әрі есте қаларлықтай өтті.
Шымкент қаласы №3 жоббм
6 «г» сынып оқушысы Машатбаев Жалал
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі