Апалы-сіңлілі үш қыз

Басты бет / Қазақша ертегілер (1000+) / Апалы-сіңлілі үш қыз

Апалы-сіңлілі үш қыз — Қазақша ертегілер (1000+) бөліміндегі материал.

Материал — татар ертегісі, әлем халық ертегілері, үш қыз, сіңлі — осы тақырыптарға байланысты.

Баяғыда бір әйел өмір сүріпті. Ол өзінің үш қызын аш-жалаңаш қалдырмай асырап-бағу үшін күн-түн демей жұмыс істепті. Үш қыз қарлығаштай сыланып, айдай толысып, тез бой түзепті. Бірінен соң бірі тұрмысқа шығып, алысқа ұзатылыпты.

Арада бірнеше жыл өтеді. Кәрі ана қатты ауырып, шикіл сары тиінді қыздарына жұмсайды.

— Достым, оларға айтшы, тезірек жетсін, — дейді.

— Ой, — деп күрсінеді үлкен қыз, тиіннен қайғылы хабарды естісімен, — Ой! Мен қуана-қуана барар едім, мына екі шылапшынды тазалауым керек!

— Екі шылапшынды тазалауым керек дейсің бе? Өмір-бақи солардан ажырамай қал! — дейді тиін ашуланып.

Шылапшындар кенеттен үстелдің үстінен атып тұрып, үлкен қызды асты үстінен түгел қоршап алады. Ол еденге құлап түседі де, үйден үлкен тасбақа боп жылжып шыға береді.

Тиін екінші қыздың есігін қағады.

— Ой, мен қазір-ақ шешеме жетіп барар едім, қолым тимей жатқанын қарашы: жәрмеңкеге апаратын кенепті тоқуым керек, — деп жауап береді ол.

— Онда еш тыным алмастан өмір-бақи тоқи бер, — дейді тиін. Сөйтіп екінші қыз өремекшіге айналып кетеді.

Ал кіші қыз тиін есігін қаққанда нан илеп жатыр екен. Ол бір сөзге де келместен, тіпті қолын да сүртуге мұршасы болмай, шешесіне қарай тұра жүгіреді.

— Әрқашан да адамдарға қуаныш сыйлап жүр, айналайын, сонда жұрт та сені көзінің қарашығындай сақтап, сенің балаларыңды да, немерелеріңді де, шөберелеріңді де жақсы көретін болады, — дейді тиін.

Шынында да үшінші қыз ұзақ өмір сүріпті, оны барлық жұрт жақсы көріпті. Ал ол ажал мәуріті жақындаған кезде алтын араға айналып кетіпті.

Жаз бойы ара дамыл таппай адамдарға бал жинайды… Ал қыста айналасындағылардың бәрі аязға ұрынып суықтан қырылып жатқанда, ара өзінің жып-жылы омартасында ұйықтайды, ол оянған кезде тек қана бал мен қант жейді екен.

Орыс тілінен аударған Байбота Қошым-Ноғай



WhatsApp Telegram

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Апалы-сіңлілі үш қыз деген не?

Бұл бетте Апалы-сіңлілі үш қыз тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Қазақша ертегілер (1000+) бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Апалы-сіңлілі үш қыз материалы Қазақша ертегілер (1000+) бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Қазақша ертегілер (1000+) бөліміндегі басқа материалдар татар ертегісі тақырыбындағы материалдар әлем халық ертегілері тақырыбындағы материалдар үш қыз тақырыбындағы материалдар сіңлі тақырыбындағы материалдар Ертегілер тақырыбындағы материалдар Қиял-Ғажайып тақырыбындағы материалдар