Адам баласы саяхаттағанда, рухани байып, ұмытылас, сөзсіз әсерлер алады. Бәлкім, жан дүниеңе ауадай қажет жолсапардың, жақын адамдардың сенің өміріңде өзгертуге өз ықпалын тигізері, сені жаңашылдыққа жетелер. Бұлай демегім, аңыздарда кездесетін қобызын қолынан тастамаған Қорқыт пен желмаясын мініп, желдірткен Асанқайғыны мысал ретінде алсақ болады. Асанқайғы қой үстінде боз торғай жұмыртқалаған Жерұйықты іздеу барысында жолсапарда саяхаттап барған әр елдің ерекшелігін айтып, қонысқа деген өз көзқарасын білдіріп отырған. Мәселен, ұзын аққан Ертісті көргенде: «Мына шіркіннің баласы тойдым деп қарап отырмас, қарыным ашты деп жылап отырмас. Сиырдың мүйізі, доңыздың құлағы шығып тұрған жер»,— екен депті. Ақыры Асанқайғы «шұрайлы қоныс, нұрлы өлке» - Жерұйықты таба алмапты. Бірақ, әр аралаған, шарлаған өлкелердің Сарыарқа сияқты сипаттап, келешек ұрпаққа айтып кеткен-ді. Ал, Аңыз бойынша, Қорқыт Ата ұйықтап кетіп, “егер өлімді есіңе алмасаң, мәңгі өмір сүресің” деген аян естиді. Қорқыт ата халқының баянды да, бақытты өмір сүруін қалағандықтан мәңгілік өмір сырын іздеп дүниенің төрт бұрышын кезіп кетеді. Бұл жандар қарапайым халқының жақсы тұрмысы үшін, алауыздықтың арбауына түспей, бейбіт, тыныш елде өмір сүруі үшін күйінген. Бүгінде жасаған жолсапарлары тарихи, әдеби мұра, ата-бабадан мирас, жалпақ жұртқа үлгі.
Менің жолсапарым тарихи жәдігер болып қалмаса да, менің өміріме айтулы өзгерістерді енгізгені білінеді. Ол отбасыммен бірге тау бөктеріне көкке шығуымыз. Менің құрбы-құрдастарым ел асып, шетел асып, ел-жер көрген саяхаттарын баяндаса, мен жай ғана жеті адамнан құралатын отбасыммен қалай жолсапарға барғанымды баяндайтын боламын. Осыдан 1 жыл бұрын маусым айының 15-ші жұлдызында Есік ауылды мекеніне тау бөктеріне көкке шығып, демалу барысында бүкіл отбасымызбен жолға шықтық. Бес адам сиятын темір тұлпарға жеті адам сыйысып, көңіл көтеріп, әндетіп бардық. Менің әкем ешқашан қыз баланың бетін қайтарып, қол көтерген емес. Керісінше маңдайымнан сүйіп, басымды сипап, әлпештеп отыратын. Ал анам болса, отбасымыздың ұйытқысы, жарық сәулелі шұғыласы. Үйде бес ағайындымыз. У-шу ласып, қуаныштан дәл бір көкке ұшып кететіндей кейіптеміз. Менің жасым 18-де болса да, бауырларыммен ойнасып, ата-анамның құшағына кіріп, мауқымымды басып жаттым. Сол күні жаңа туылған сәбидей кейіптеніп, өне бойымды бақыт пен шаттық сезімдері асқақтатып тұрды. Себебі, біз бұл сапарды ұзақ күттік. Тек отбасымызбен ғана шығамыз деп жоспарлаған күннің туғанына қуаныштымыз. Есік қаласына жетуге асықпыз. Тауға шығуға құмартып тұрған біздер, уақытты санап, анамыз бен әкемізге «қашан жетеміз?», «жетіп қалдықпа?», «аз қалдыма?» деумен келеміз. Асыға күткен мекенге де жеттік. Жер жәннаты- Жетісу болушы еді, ал бізге дәл осы сәтте жер жәннаты- Есік қаласының тау бөктері болатын. Керемет табиғат аясы, салқын самал жел, көктің иісі, жусанның иістері мұрынды жарып барады. Өне бойым еркіндікті сезініп, табиғат аясында балқып сала берді. 1 минут үнсіздікте тұрып қалдым. Көзімді жұмып, күнделікті күйбелең тірішіліктен шаршаған мен, табиғатпен сыр шертісіп жаттым. Терең демді бойға алып, құстардың әндете сайраған дауыстарын құлағдар етіп тұрған кез. Айнала жап-жасыл, тып-тыныш, күннің көзі су бұлақтарымен шағылысып, айналаны жарыққа бөлеп тұрған кез...
Талдың бөктеріне отырыс үшін, көлеңкенің көзін іздеп, калың отырыс көрпешемізді төсей бастадық. Анам мен әкем ыстық тамақты пісіруге көшті. Табиғат аясында пісірілген, қазан ошаққа піскен, самаурынға бұрқылдап қайнаған дәстүрлі асқа не жетсін? Бір үзік нанды бөлісіп, қайтадан у-шу болып тамақтандық. Қуанышта шек жоқ ! Шынайы күлкі, шынайы бақыт, шынайы махаббат мекені. Нағыз еске аларлық мезет. Мен отбасыммен төрт көзіміз түгелденіп, әсіріресе, ата-анамның өз қолдарынан пісірген тағамдарынан дәм татып отырғаныма мәзбін, әрі қуаныштымын. Бүкіліміз биік таудың шыңына шығуға ұмтылдық. Қол ұстасып, ентігіп, әрең дегенде шыңға да жеттік. Маңдайдан шыққан салқын терді, самал жел сыпырып алып кеткендай. Ал шыңдағы көрініс, бір бөлек әңгіме. Фильдердегідей айтпақшы, айналы алақандағыдай көрінеді. Бүкіл әлем бір алақанға тоғысқандай. Оны бақылаушы айрандай ұйытқыған бір отбасы. Бір-бірімізді құшақтап, әкемізбен, анамызға, ең бастысы Аллаға шүкіршілік жасап, алғысымызды айтып жаттық. Эхх, шрікін, недеген бақытты сәт десеңізші! Балалары үшін, балаларының қуанышы үшін алтынды уақыттарын елемей, бар махаббатын бөлген жандарды қалайша құрметтеп, сыйламайсың? Қалайша жақсы көрмейсің?!
Бұл жолсапарды неге баяндадым деп ойлайсыз? Қандай мақсатта? Не үшін? Осы сапардан мен не түйдім?
Мен осы сәтте шынайы бақытты болдым. Себебі, ең -ең деген жақындарым жанымда. Бойыма тараған қандастарым жанымда. Сарқылмас махаббатың ошағында. Ата-ананың құшағында болған сәт. Еш уайым жоқ, бір бөлек әлемді шарлаған сәт. Ең бастысы «Ұмытылмас сәт»! Негізгі баяндаудағы мақсатым, Осындай ана мен әкелер болса екен, ата-ананы өскелең ұрпақ бағаласа екендігі. Көп жандар бір үйде тұрса да, жырақта болса да, бір-біріне көңіл бөліспейді. Махаббатты сырттан іздейді. Бірақ,шынайы махаббат ол –отбасыда! Ананың мейірімі мен әкенің қамқорында. «Қызым», «алтыным», «ботам» деген мерейлі асыл сөздерінде. Менің ең үлкен қорқынышым, ол осы жандарды жоғалтып алу. Телефонға анашым,әкешім деген маңызды қоңыраулар мен хабарламалардың келмеуінен қорқамын. Менің жанымнан табылмай қалатынынан үрейлену. Ыстық құшақтарынан айырылудан қашқақтау. Ойланып қараңызшы, сіз анаңыздың сіз үшін жасаған ыстық тамағын сағынатын боласыз. Еш уайымсыз сәби кезіңізді сағынатын боласыз. Бірге өткізген талай уақыттарды, сағым сәттерді сағынатын боласыз. Жора-жолдас әркез табылады. Менің түйгенім, отбасыммен, ана мен әкеммен ұзақ уақыт бірге өткізу. Ертең бас-бармағымды тістеп, өмірдің нағыз тәтті де мәнді кезінен жырақта қалғым келмейді. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің. Айтпағым, махаббатқа толы отбасыда өсіп, нағыз тәлім-тәрбие алсаң ертеңгі күні сенде бір шаңырақтың ұйытқысы боласың. Ел боламын десең бесігіңді түзе. Отан- отбасынан басталады. Міне, отбасы бүкілінің түпнегізі, шынайы бастауы, тәрбенің ошағы, махаббаттың отаны, ел ертеңінің іргетасы. Жолсапар сізге бостан-босқа, тектен-тен уақыт өткізу емес. Ол шынайы рухани өмірлік азық алу. Ал, біз отбасымызбен бұл сапарды дәстүрге айналдырдық. Сіздің де қара шаңырағыңызға дәл осындай сағым сәттердің белең алуына тілектеспін құрметті оқырман!
«Тұран» университеті Журналистика мамандығы 2 курс студенті Аубел Мөлдір Мұратқызы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі