ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балабақша, мектеп пен колледжде қағазбастылықтан арылатын күн келгенін мәлімдеді.
«Педагогтерден негізгі төрт құжат талап етіледі. Оның ішінде мұғалім тек екеуін ғана күнделікті жүргізіп отырады. Олар: дәстүрлі сабақ жоспары мен сынып журналы. Қалған құжаттар, яғни күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау (КТЖ) мен жетекшілік бойынша құжат бар. Демек құжаттар тізімі нақты бекітілді. Қазір орта білім дәрежесінде оны қатаң сақтау керек», - деді Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің аппараттық отырысында.
Министрдің айтуынша педагогті қосымша құжат толтыруға міндеттегендерге ірі көлемде дейін айыппұл салу көзделген.
«1 сәуірден бастап білім сапасын қадағалау департаменттері осындай құзыретке ие болды. Олар артық қағазбастылықты мен мұғалімді міндетінен тыс жұмысқа тарту мәселесін қатты қадағалауы керек. Бұл мәселеге нүкте қоюуымыз керек. Балабақша, мектеп, колледж болсын – қағазбастылықтан арылатын күн келді. Нақты бұйрық шықты. Дайын. Тиісті шара қолданатын мекемелер бар. Заңда және әкімшілік кодексте тиісті нормалар, санкциялар мен айыппұлдар қарастырылды. Сондықтан бұл мәселені күнделікті өз бақылауымызда ұстайтын боламыз. Қағазбастылық мүлде жойылады. Бұйрық тіркеуден өтті. Жергілікті департаменттер бұл мәселені қатаң бақылауда ұстауы керек», - деді Асхат Аймағамбетов.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Асем
Қағазбастылық емес, күнделик кз жоғалса екен дейміз. Ауылдық жерде интернет бар, бірақ бәріне қою мүмкіндігі жоқ, біресе номер жоқ дейді, біресе столбі жоқ дейді. Осылай қиналып жүргеніме 3-4 жыл болды. Мен сияқтылар баршылық. Тіпті сол столбі мен кабельді өз қалтамнан төлеймін десем де түк шығар емес. Интернеті бар елдің үйіне барып сүйкім қалмады. Ноутбукті көтеріп көше кезіп, интернет үшін, оқушының алдында не абыройымыз қалды? Сол күнделіктен қатты шаршадым. Сабақ беру емес, мақсатымыз күнделік толтыру боп кетті.
Айдын
Иә, талаб етуден алдын интернет қосып беру керек қой
Мира
салеметсизбе шынымен де сол кунделік кз көзі жойылса артык жұмыс сол гой багалау бұрынгыдай баға болса бала сол жаман бага алмауға тырысып оқитын еди журнал деген жаксы гой оқушыны кадағалап отырып бағасын койып бересің ал жаксы өте жаксы деген не ол балаға қазір бəрі бір не алсада
Сая
қағазбастылықты жоямыз десеңіздер гороно, облонодан бастаңыздар. олар ,,түсінбейді,,
Сая
Асхат Аймағамбетов, аман бол балам. Еңбегің орасан.