Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да – Абай Құнанбайұлы

Бұл бетте «Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да» атты Абай Құнанбайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.04.2015
  • 1
  • 10
  • 29782
Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да,
Оған да үкі, тұмар тағылса да.
Қыжыртпай мені сырттан жүре алмайды,
Кім желігіп, қай шеттен қағынса да.

Күшік ит бөрі ала ма жабылса да?
Тәңірі сақтар, табандап тап ұрса да.
Арсыз адам арсаңдап, арсылдайды,
Әр жерде-ақ керегеге таңылса да.

Құтырды көпті қойып азғанасы,
Арызшы орыс – олардың олжаласы.
Бірде оны жарылқап, бірде мұны,
Қуды ұнатты-ау Семейдің бұл қаласы.


Пікірлер (10)

Баян

Бул өлендер өте керемет

Мадина

Әәәәәй абайды өз көзіммен көрсем ғой шәкірт болар едім бардық өлеңдері тамаша ғой шіркін әәәәәәәәәй өкініп тұрмын жақсы шығарады ғой өлендерін жақсы жақсы тақырып алып шығарады кезінен ақ өлең шығарған ғой менде 8 жасымнан өлең шығарамын бәрімізде өлең шығарсақ бәрімізден тамаша ақындар шығады ғой тек еріншектікті тастау керек деп ойлаймын

Аймерей

Оте керемет!

Ләззат

Абай атамыздың өлеңдеріне Абайдан асқан ақындар ғана пікір жаза алады.

Арыстан

Мен 8 жасымда осы өлеңді айтып 1 орын алғанмын олимпиададан

Акнур

Мен осы оленен жолдама алдым

Айлин

Өте керемет

Айлин

Өте керемет

Лаура

Абай Құнанбайұлының «Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да» өлеңі — қазақ поэзиясының классикалық үлгісі, онда ақын адам мінезі, батылдық пен шыдамдылық туралы терең ойларды поэтикалық тілмен жеткізеді. Өлең жолдарында адамға сыртқы қысым мен қиындықтарға қарамастан шыдамдылық таныту, мінез-қайсарлықты сақтау қажет екені халық даналығымен бірге көркем түрде баяндалған. Бұл өлең — Абайдың адамгершілік пен рухани тәрбиені жырға қосқан шебер мысалы. Мен бұл өлеңді оқығанда қазақ поэзиясының терең философиялық мәні мен батылдық, шыдамдылық туралы ұлағатты ойларды әсерлі тілмен жеткізуін ерекше сезіндім.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да өлеңінің авторы кім?

Абай Құнанбайұлы — осы өлеңнің авторы.

Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абай Құнанбайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері