Ауыл жан тыныштығының отаны. Әрбір ауылда туған адам ауылдың қандай кереметтілігін түсінетіні сөзсіз. Ауыл туралы жазыпта, ән қылып айтыпта, күй қылып шертіпте жеткізе алмайсың. Әрине, ауыл туралы айтарсың, бірақ, жүректің түкпіріндегі ауылға деген сағынышты махаббатты сөзбен айтып жеткізе алмайсың. Ауыл тұрмыс тіршіліктің қайнаған ортасы. Қай кезде ауылға барсаңда ауылда қайнап жатқан тіршілік көресің. Ауылдың ғажап табиғатын, таза ауасын, жанға дауасын дәл ауылда туған адам ғана түсінеді. Ауылда барлығы бір-бірімен таныс, барлығы бір-біріне қонақжай әрқашан күліп жүретін жайдары жандардың ортасы. Өзің туған ауылдан ұзап кетші қане, ауылға деген сағынышың қалай шығатынын көресің. Әркімнің туып өскен жері өзіне ыстық. Ауыл туралы ақын да, әнші де, күйші де жырлаған. Ауыл несі ерекше дерсіздер. Мен айтайын ауыл балалық шағымның отаны. Сол жерге барып барлығының бірін бірі сыйлап тұрғанын көргенде көмекке асығып тұратынын білгенде сол қатыгез қаладан көшіп кеткің келеді. Қаланың күйбең тіршілігінен шаршаған да бар адамның ойына тып тыныш ауыл келеді. Бір сәтте бүкіл ойды, жұмысты тастап сол ауылға барып таза ауадан жұтып демалғанды қалайды. Ауылым алтын бесігім деп жырлаған аталарымыз қандай керемет айтқан. Қанша жерден қала асып шетел асып кетсең де сол баяғы қарапайым ауыл иісі сенің өз ішіңнен шығып тартып тұратын сықылды. Ауылдың қонақжай, еңбекқор, ақкөніл, жайдары адамдары жүрекке жылу ұялатады. Ауылдың тап-таза ауасы, мөп-мөлдір суы, кең жайылым жерлері қандай керемет көрініс дерсіз. Ауыл төрт әріп болсада қаншама мән-мағына жатыр. Сонау Абай мен Ыбырайды өсірген, Бауыржан мен Рахымжандай батырларды тәрбиелеген ауыл дейтін алтын бесікте өміріңнің қанша бөлігін өткізсеңде өкінбейсің. Ауылдан кеткеніме аз уақыт болсада, балалық шағым өткен естелік естеліктерімнің отаны. Ауылда қаншама қызықты күндеріміз өтті. Ауылдан шыққан қарапайым қыз болғаныма мақтанбасам еш өкінбеймін. Қатыгез қаланың күйбең тіршілігінен шаршағанда барлығын тастап, ауылға кетіп қалғың келеді. "Ауылдан адам кешкенмен, адамнан ауыл көшпейді"деген керемет сөз бар емес пе?
Біздің ауыл - балалықтың тұрағы,
Өмірімнің, көңілімнің шырағы
Өз жерімнен алыс шығып кетсем де
Ауыл, шіркін, жүрегімде тұрады
Байлап тұрған бүгінгі мен ертені
Текті ауыл тарихымның мекені
Ұлы тұлға шыққан сол бір ауылдан
Содан шығар алтын тұғыр екені
Қымбат маған бұлағы мен терегі
Сезіндірер жүрегіңе керегін
Талай жанды табиғатпен тамсандырған
Ауылымды алтын жұмақ дер едім.
Калдыбай Анеля Алмазқызы
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің журналистика факультетінің бірінші курс студенті
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Нурраян
Оте зоо
Нурраян
Оте зор
Нурраян
Аулым баитак жерым