Талай жанның жүректерін жылатып, талайларды жесір қып, жетім қылған желтоқсан оқиғасына биыл 34 жыл болыпты.
Сол бір күн... Сол бір түн... 1986 жылдың 16 желтоқсан күні Қазақстан Компартиясының орталық комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев орнынан алынып, Геннадий Васильевич Колбиннің келуі талай қазақ жастарының наразылығын туғызған еді. Онсызда ана тіліміз жойылудың қыл үстінде тұрған шақта, қазақ тілінің болашағына аландап жүрген жастарға бұл хабар үлкен жұдырық болып тигені анық. Қазаққа қазақтың ғана жаны ашиды демекші, сол бір желтоқсан желі азынаған заманнда жастарымыз «қазақа тек қазақ басшы керек»-, деген жазулармен аланға шыққан болатын. Бұл бір қазақ жастарының, қазақ халқының үлкен батылдығы деп білемін.
Алматы қаласындағы Брежнев атындағы аланға 17 желтоқсан күні 200-300 шақты шамасында жастар мен студенттер, жұмысшылар көтеріліске шыққан еді. Алаңға жиналған жастар «Менің Қазақстаным» және «Атамекен» әндерін орындаған болатын. Орталық алаңға жиналған жастарды бір қолына қалқан, бір қолына шоқпар асынған бес қаруы сақадай сай әскерлер қарсы алған болатын. Оларға ұлтшыл, бұзақы деген айыпта таққан еді.
Қазақ тілінің тынысы тарылып, қазақ жастары сол уақыттарда таза қазақша сөйлейтін орындар іздеп Мұхтар Әуезов театрына жиі баратын. Қазақ жерінде тұрып өз ана тілімізге деген құрметтің жоқтығы барша қазақ халқының жанын жегідей жеген еді. Сондықтан да осы жылдар бойы жиналған ашу-ыза қазақ жастарын алаңға қарай жетектеген болар.
Сол қазақ халқының тәуелсіздігін, бейбітшілігін аңсаған батыр жастарымыздың ішінде Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков, Сәбира Мұхамеджанова, Ләззат Асанова сынды қыршын кеткен боздақтарымыздыздың елең ерліктері мәңгі есімізде, мәңгі жүрегімізде. Бүгінде қазақ халқының бейбітшілікте, тәуелсіз мемлекете өмір сүруі осы ата-бабаларымыздың арқасында деп білемін. Бүгінгі күн ертеңгі тарих. Сол себепті өткен тарихымызды Алаңға жиналған жастар «Менің Қазақстаным» және «Атамекен» әндерін
ұмытпауымыз қажет.
Желтоқсан оқиғасына байланысыты өзімнің шығармашылығымнан өлен жолдарымен қорытындылай кетсем.
Талайлардың жүректерін жылытқан,
Жеңіс күні көрінетін жырақтан.
Нар боздақтар мерт болғаны соншалық,
Көз жастары қан боп аққан бұлақтан.
Талайларды жесір қып, жетім қылған,
Үміттің ақ раушандай гүлі солған.
Елі үшін жүрекпенен ту көтерген,
Мықты кім бар жаужүрек батыр ұлдан?
Мұң бар ма екен қазақтың көздерінде?
Қайғын бар ма қазақи сөздеріңде?
Білемін, жүректерде сыз болғаның,
Талай жылдар желтоқсан кездерінде.
Еңбегі бұл асылдай бабалардың,
Жаны теңіз ақылгөй даналардың.
Қайсар жүрек, қастерлі бұл жеңісім,
Өр жігері ер жүрек аналардың.
Ата – бабам қалдырған ән үніне,
Алғыс айтам әр таңға әр күніме.
Арманын орындаған жас баланың,
Қараңғыда қайғы мұңға сүріне.
Тарихымда тамыры өшпес терең күй,
Болашаққа қарайтындай елеңдей.
Садақ болсаң өткенім сабақ беріп
Болашақты қорғаймыз біз жебеңдей.
У.М.Джолдыбаева Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті
А.Айдарбек Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің География және табиғатты пайдалану факультетінің 1-курс студенті
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі