Өлең, жыр, ақындар

Мен саған есіркі жайлы айтып беремін

Қазіргі қоғамда адамзатты рухани және әлеуметтік тұрғыдан тұқыртып, адами болмысымызды есеңгіреген ессіздікке айнаклдырып бара жатқан жаһандық дерт- нашақорлық.

Аузында ана сүті кеппеген жеткіншектердің бұрыш-бұрышта тұрып алып, насыбай, темекі, есірткі, шөп сияқты зиянды нәрселерге әуестенуі белең алып барады. Сана сезімдері өзіне деген сенімсіздікпен, жігері жанына жетекші бола алмаған, өз денсаулығына немқұрайлы қарайтын жас буынның рухы әлсіз, өресі төмен болуы отбасындағы тәрбиенің жетіспеуінен деп түсінемін.

Отбасының материалдық жағдайын ғана басты нысанаға алып, таң сәріден қара кешке дейін жұмыста жүретін ата-ананың үйдегі баласына бөлетін уақыты болмайды. Шаршап жұмыстан келгенде, жан – жағына қаумалағандарын қаламай, басқа бөлмеге жөнелтетіндіктен, баланың жалғыз серігі – ұялы телефон болары анық. Сымсыз байланыстың ақыр соңы жақсы мен жаманды, оңы мен солын, ақ  пен қараны айыра білмеген жасөспірімдер үшін дұрыс бағыт бермесі сөзсіз. 12-14 жасқа жетіп, ата-анадан тығылып жүріп әр нәрсенің дәмін татып көріп жүрген жеткіншек,  ертеңгі тәуелді болып қаларын қайдан білсін?!

Ұялы телефоннан бөлек жүрген ортасы да адам баласының тәрбиешісіне айналады. Сол ортадан қалмайтын, оңашаланбайын деп-ақ, не болмаса сол топтың басшысына еліктеймін деп, тіпті өзінен мысы басым, күшті артық баланың жанында өзінінің қорқынышын білдіремін деп темекі, насыбай, снюс сияқты, қор-қор наша секілді нәрселерге әуес бола бастайды. Бала тәрбиесі тал бесіктен басталады. Ана сүті, әке қанымен бойға дарыған бар асыл қасиет ұрпақтан - ұрпаққа аманат ретінде табысталуы керек деп ойлаймын.Себебі ұл – шаңырақтың иесі, әулеттің тегін жалғастырушы болса, қыз – өріс, бүтін бір елдің отанасы болатынын титтейінен ұғынғаны жөн. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей, әр баланы еңбекке баулыса, білім алуға жетелесе, үйірмелерге қатыстырып, бос уақытын, артық күш- қуатын пайдалы іске жұмсаса, түбінде жаман жолға түспейді.Ұртындағы ана сүтін уламай, тамырдағы әке қанын былғамай өмір сүруге үйрету керек деп білемін.Әйтпесе бүкіл бір ұлттың азғындап, жер бетінен жойылып кетуі  мүмкін.

Сөзіме арқау болатын бір оқиғаны баядайын.Ол жолдасымен темір жол станциясында жұмыс істеп жүріп танысты.Жастар үйленіп, шаңырақ көтерді.Тіккен отаулары көзінің ағы мен қарасындай болған ер баланың дүниеге келуімен шаттыққа бөленді.Бірақ жалғыз ұлға дер кезінде уақыт бөлінбеді, шаңырақтың тірегі болар деген үміттері еш кетті.Өскелең жігіт есірткіге әуестенді, одан жарым –жан ұрпақ дүниеге келді.Өзі де баласы да науқас болғандықтан, шаңырақ шайқалды.Осындайды ести тұра, қалай зиянды нәрселерден алыстамайсың?! Бүтін бір әулеттің тегі үзілді.

Бұндай отбасылар өт көп.Он  үйдің екеуін ашсаң, осындай жанұялар жетіп артылады.Енді бірде естігенім бар-тын.Осындай жанұялар жетіп артылады.Енді бірде естігенім бар-тын.Нағашы жұртында еркек кіндік атаулыдан жалқы тұқым болыпты.Келіншегі шекесі торсықтай 2 ер баланы өмірге әкеліпті.Өзі азаннан кешке дейін шахтада, әйелі мектепте мұғалім, 2 баланы көгілдір экран тәрбиелеп жатты.Жатар орынға шаршап- шалдығып шаққа келетін әке мен шеше балаларының  үлкені анаша шегіп жүргенін кеш байқапты.Үйдегі дүние- мүлікті, жиған- терген ақшаларды, алтын- күміс тастарды біртіндеп сатып, құлқынына керекті қу шөпті шеге берген.Мектепті иттей болып шаққа аяқтап, колледж бен 2 институтты да аяқтамай қор болған ұл алдымен асқр таудай әкесінің, сонан соң өзінің өрімдей жас ғұмырын жалмап тынды.Жалқыдан жалқы боп бір ұл қалыпты.Азғындау емей немене?!

Аядай ауыл болған соң әр баланы бес саусағындай бідетін мұғалімдер, мектеп инспектолары, учаскелік полиция қызметкерлері үнемі бақылайды.Жиындар өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді, сауалнамалар алады.Кешкі шектік уақытқа дейін үйіне қайтпаса, түнгі рейдке шығып, бейбастақ жүргендерді қадағалайды.Дер кезінде жасалған іс-шаралар нәтижесінде ауыл жастары спортқа, өнерге, білімге назар аударып, көп уақытын тиімді пайдаланады. Арагідік «жігіт емессің бе, татып көр» дегендерді тәртіп сақшылары үнемі бақылауда ұстайды. Оның үстіне қора, аула, мал, бау-бақша шаруашылығынан әбден шаршайтын жас жеткіншектер тек жастыққа бастары тисе, ұйқыға кетеді.Сондықтан олардың есірткіге естері кетердей уақыттары болмайды.Абай атамыз «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық – аздырар адам баласын» деп бекер айтпаған болар.Бізге мемлекет ретінде заңды, ереже, қағидаларды күшейту керек.Жастарды жұмыспен қамтып, түрлі еңбекке баулып, дұрыс бағыт- бағдар беріп отырса жөн болар еді.Зейнет жасына келген ата- әжелер немере шөберелернің тәрбиесімен айналысса, жастар алаңсыз жұмыс жасап, табысқа қол жеткізер еді.

Менің есірткінің әсерінен жанұяларының шырқы бұзылған отбасылар туралы айтқан мысалдарым өмірден алынған.жалпы арақ, сыра, темекі, насыбай, наша, есірткі, снюс деген дүниенің бәрі харам.Сондықтан діни арам делінген дүниелерді, адам санасын улайтын апиындарды тек медицинада қоданып, қалғанын нарықтан алып тастау керек.Ондай дүниелерді сататын, тасымалдайтын алыпсатарларды қоғамға қасақана зиян келтіргені үшін айыптау керек.

№69 орта мектебінің 7- сынып оқушысы
Талапбаева Аймира
#УПНДПКЗО


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер