Өлең, жыр, ақындар

Тәуелсіздік - тұғырым

Тәуелсіздік – қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да Тәуелсіздік күні біз үшін зор құндылық. Тәуелсіздік... Осынау тарихқа тұнған ұлы сөзді естігенде, «Мен қазақпын» деген әрбір жанның жүрегінде үлкен сезім орнайды. қазақ халқы ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың аңсаған арманы болғаны анық, бұл кезеңнің тарихы мен деректерін оқу арқылы білеміз. Бұл қол жетпес бақытқа жету жолында Алаш ардақтыларының қызметі зор.

Еліміздің көк байрағының символы болған қыран құс та аспанда еркін самғағысы келетіні анық. Әлемде екі жүз қырыққа жуық мемлекет бар, соның ішінде күні бүгінге дейін басқа мемлекетке бағынышты болып өмір сүріп өз тәуелсіздігіне қол жеткізе алмағаны қаншама! Сонау 1776 жылдың 4 шілдесінде Америка Құрама Штаты құрылып, тәуелсіздік декларациясын қабылдағаны мәлім. Бұл кезеңде қазақ халқы ел болып сақталып қалуы үшін жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес жүргізді. Сол уақыттан бері қазақ халқы егемендік алу жолында  талай тар жол тайғақ кешуді басынан өткізді, сондықтан мен тәуелсіздікті таусылмас тарих деп білемін.

Ал қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы егемендікке ие болып, тәуелсіздігін алған жас мемлекет, алайда, оның үш мың жылдық тарихы бар қасиетті ел екенін есте сақтау қажет. Бүгінде біз де еліміздің тәуелсіздігімен қатар өсіп келеміз, яғни «Тәуелсіздік» атты өшпес ұғымның құрдасымыз десек қателеспеймін. Қазіргі жастар, яғни біздер бақыттымыз, себебі біз тәуелсіз елдің ұрпақтарымыз. Кейде әлемнің басқа елдеріне көз салсақ, мемлекеттер ішіндегі қақтығыстар, төңкерістер орын алатыны біршама алаңдатады. Жастар қасиетті ата-бабалар аманатын көздің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа жеткізгені жөн деп білемін. Әлемнің алпауыт елдерінде, ал 2017 жылы Астана қаласында өткен «ЕХРО» көрмесі еліміздің танымал басқа мемлекеттерге танымал болуына өз әсерін тигізгені мәлім. Әрине биік белестерді бағындыру Қазақстанның күннен-күнге өркендеп келе жатқанын көрсетеді. Бір кездері арман болған еліміздің үлкен жетістіктері жанымызды жадыратады. Ғасырлар бойы аңсап жеткен тәуелсіздігімізді қоллымыздан ұшырып алмай аялап берік ұстау бүгінгі ұрпақтың қолында. Мемлекетіміздің қазіргі өскелең жас ұрпағына еліміз тарихын тереңірек түсіндіру, оны қастерлеу баршамыздың міндетіміз.

У.М.Джолдыбаева Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-  нің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті

Қажымұханқызы Аружан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің шығыстану факультетінің 1 курс студенті


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз