Өлең, жыр, ақындар

Қазақ дүниетанымындағы айтыстың алған орны (Жұмбақ айтысы негізінде)

«Айтыс» өнері мен  «айтыс» атауының шығу тарихы жөнінде М. Әуезов, С.Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайылов, Р. Бердібаев, М. Жармұхамедов, Ә. Қоңыратбаев сынды әдебиетші ғалымдарымыз пікір айтып, оның түрлерін жан-жақты зерттегендігі баршамызға мәлім.

«Айтыс» - «айт» етістігінен туған зат есім. Өз мағынасымен алғандай, айтыс екі кісінің сөйлеуі. Бұлай сөйлесу қазақ тұрмысында қара сөз түрінде де болған. «Пәлен шешен мен түген шешен айтысыпты» деген сөз қазақ арасында көп ұшырасады. «Айтыс» кейде «талас» мағынасында қолданылады», -деп  С.Мұқанов өз еңбегінде айтыс сөзінің этимологиясы жөнінде осындай пікірге келеді.

«Айтыс» өнері мен  «айтыс» атауының шығу тарихы жөнінде М. Әуезов, С.Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайылов, Р. Бердібаев, М. Жармұхамедов,   Ә. Қоңыратбаев сынды әдебиетші ғалымдарымыз пікір айтып, оның түрлерін жан-жақты зерттегендігі баршамызға мәлім.
«Айтыс» - «айт» етістігінен туған зат есім. Өз мағынасымен алғандай, айтыс екі кісінің сөйлеуі. Бұлай сөйлесу қазақ тұрмысында қара сөз түрінде де болған. «Пәлен шешен мен түген шешен айтысыпты» деген сөз қазақ арасында көп ұшырасады. «Айтыс» кейде «талас» мағынасында қолданылады», -деп  С.Мұқанов өз еңбегінде айтыс сөзінің этимологиясы жөнінде осындай пікірге келеді.

М.Бекимов «Жұмбақ айтыстардың бір саласы жалпы жаратылыс пен жер бетіндегі тіршіліктің пайда болу жолдарын әңгіме ететін жұмбақтар. Бұлардың басым көпшілігі сол кездегі ислам дінінің тірегі «Құран» мен «Тафсирден» (түсіндірме) алынған әр алуан мазмұнды аңыз-әңгімелерге негізделген».

Жер мен Көктің жаратылуы туралы ең көне айтыстардың бірі «Қыз Болықтың Елентай ақынмен айтысқан өлеңі» . Айтыс 3 бөлімнен тұрады:
• Жер мен Көктің жаратылуы
• Жерді ұстап тұрған күш
• Жер бетіндегі құбылыс сырлары

Бұл айтыста: Хақ тағаланың әмірімен алдымен жер жаратылды, одан соң балқытылған ақ меруеттен Көк жаратылды. Жер мен Көкті  мүйізімен көтеріп тұрған бір алып Көк өгіз бар, ол өзіндей балықтың үстінде тұр. Жер мен Көк  әлеміндегі сан алуан құбылыстарының бәрі (жер сілкіну, тасқын, жыл мерзімдерінің ауысуы т.б.) сол екеуінің қимыл-қозғалысына тікелей байланысты болып отырады.
Есентай Болықтың сұрағына қайтарған жауаптарында «мұны көзбен көріп келген ешкім жоқ, көне көз бұрынғы қариялардың сөзі » деп тілге тиек етеді. Кейбір тұста ой-өрісі жетпейтін мәселелерін ашық айтып мойындайды:

Қазақтың оны білер баласы жоқ,
Ішінде көп оқыған данасы жоқ.
Дүниенің айналасы теңіз дейді,
Айтылған қара тастың шамасы жоқ,- дейді.

Жер мен Көктің жаратылуынан басқа, Жердің сырт көрінісі мен олардың ара-қашықтығын әңгімелеу елеулі орын алған. Айталық, «Ақдама мен Асан» т.б. айтыстарды жатқызамыз.

«Ырысты мен он алты ақынның айтысында» (Ешнияз шал, Алшын Әзілкеш, Оңғар жырау, Базар жырау, Қарасақал Ерімбет, Жаппас Кеншімай, ​Кете Жүсіп т.б.) «Кәрінің жасармағы неден?» - деген Ырысты қыздың сұрағына жауап қайтаруға 16 ақын қатысып , әркім өзінше топшылайды, бір мәселенің төңірегінде әр түрлі пікірталас туады. Біреулері кәрі жасармайды десе, енді біреулері кәрі жасарады, оның жасармағы перзенттен, көңілден деген тұжырымға келеді. Әрине, кәріні жасарту немесе жасын ұзарту, шындап келген ғылымның жұмысы, дегенмен халық даналығы бұған да өзінше жауап тапқан. Ақырында ой түйіні сүзіліп келіп, сұраққа жауап берген он алты ақыннан кейін сауал иесі Ырыстының өзі қорытынды жасайды.

Қорытындылай кетсек, жазба әдебиеті XIX ғасырдың екінші жартысынан  бастап  жазыла бастады. Сонымен қатар, байқап отырғанымыздай жазба әдебиетінің ішінде діни бағыттағы айтыстар көбіне,  Сыр бойында дамыған. Мұның себебі, ислам дінінің алғаш Жетісу, Сыр бойында таралуы болса, екіншіден медреселердің көп болуы. Жалпы, жазба айтыстар, діни айтыстар тек Сыр бойында ғана болған деген қасаң түсінік қалыптаспау керек. Басқа өңірлерде де мұндай айтыстар аз болса да, болған. Кейбір жазып жүрген айтыстар, екі адамның қара сөзбен сөйлесуін айтыс түрінде берген. Мысалы, Ш.Құдайбердіұлының «Жайлаудың баласымен айтысқан өлеңі» атты шығармасында  Шәкәрімнің  сәлем берген балаларға амандаспауы, сәлемін алмағанына ренжіп, баланың алдауы, өтірік, өсек, күнә жөнінде , арамдық жөнінде сөз қағыстыра келе, жақсылыққа ұмтылу туралы сөз болады. Бұл діннің негізгі қағидаларына жатады. Менің ойымша, діни айтыстар әлі де зерттеуді қажет етеді. Сондықтан дін ғалымдары , молда имамдармен біріге отырып, айтыстарды талдап, оны хадистерден іздеп, уағыздап кітап шығару ісі қолға алыну керек. Сонымен қатар, бүгінгі таңда «Жазба айтыс» дәстүрін қайта жалғастырудың мүмкіндігі мол. Оған арқау болатын тақырыптар да, ақындар да, дәнекер болатын басылымдар да жеткілікті, тек жастар жағынан бастамашыл, ұйымдастырушылық іс-әрекеттер керек.

Данат Жанатаев  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, доцент  Назерке Бауыржанова  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты


Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз