Өлең, жыр, ақындар

Барыс немесе ілбіріс

Барыс немесе ілбіріс — күшті, дембелше, ұзын құйрықты (денесінің ұзындығы құйрығымен 225-250 см, салмағы 40 кг) терісі теңбілді мысық. Мәңгі қарлы тау етегінде тіршілік етеді. Қыста қоректену үшін төмен түседі. Уақытының көбін жеке өткізетін барыс, ерте көктемде шағылысып, үш айдан кейін, көктемнің соңында күз арасындағы ақпанда 1-5, көбіне 2-3 ұрпағын дүниеге әкеледі. Аналығы 2 жылда бір рет ұрпақ береді. Барыстар 15 жыл өмір сүреді. Ымыртта белсенді. Тұяқтылардан басқа, сарышұнақ, қоян, кекілік, ұлармен қоректенеді.

Өзінің күштілігі, ептілігі мен құпиялылығына байланысты барыс үнемі ертедегі аңыз, ертегі кейіпкері болатын, ал қазір Қазақстанның мемлекет белгісі. Барыс — өте сирек кездесетін аң, сондықтан Қызыл кітаптың барлық түріне енгізілген.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер