Өлең, жыр, ақындар

Қызық факт: сіз-динозаврлардың бір бөлшегі болуыңыз мүмкін.

Иә, біздің денеміздегі кейбір атомдар миллиондаған жылдар бұрын жерімізде мекен еткен динозаврлардың денесінде болуы мүмкін! Бұны түсіну өте оңай. Біздің айналамыздағы барлық заттар: киім,ауа,сіз,мен- молекулалардан құралғанбыз, ал молекулар атомдардан тұрады.Біздің денемізді құрайтын атомдар-көміртек, сутек, азот, бізге дейін миллиардтаған жылдар бойы өмір сүріп келеді. Динозаврлар өлгенде, олардың денесі ыдырап, молекулалар қайта табиғатқа енді, кейін сол молекулалар басқа тірі ағзалардың,яғни өсімдіктер мен жануарлардың құрамына енді. Сол себепті сіздің бойыңыздағы кейбір атомдар динозаврлардың құрамында болған! Бірақ ескеретін жайт, атомдар мүлдем көзге көрінбейді,бір адамның шашының қалыңдығына миллион атом сияды.Сондықтан бұл фактті тексеру қиынға соғуы мүмкін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз