Өлең, жыр, ақындар

Дуадақ

Дуадақ — өте ірі құстардың бірі, ересек аталық дуадақтың салмағы 16 кг жетеді. Күшті ұзын аяқтарында кескінді кеудесі, ұзын жуан мойнында кішілеу басы орналасқан және тұмсығының шетінде «мұрты» — қатты қауырсындары болады. Қазіргі кезде тырнатәрізділер отряды, дуадақтар тұқымдасында небары 22 түр ғана бар, оның үшеуі Қазақстанда тіршілік етеді (дуадақ, безгелдек, жекдуадақ).

Дуадақ — бұйығы және сақ құс. Егістік алқаптарын мекендейді, ұясы жерде болады, ұясына 2-3 жұмыртқа салады. Жұмыртқаларын аналығы басады, ал аталығы оларды қорғап, маңында жүреді. Дуадақтар өсімдік тұқымдары, тамырсабақ, жәндіктер, құрттар, тіпті ұсақ құстардың балапандарымен де қоректенеді. Қазақстандағы тың жерді жырту және шектен тыс аулаудың салдарынан, ХХ ғасырдың 70-ші жылдарында елімзде дуадақ жоқ болып кетті. Дуадақ Қазақстанның Қызыл кітабына жойылып кетуі ықтимал деп енгізіліп отыр, аулауға толық тиім салынған. Қазақстанда соңғы 5 жылда дуадақтың саны жайлап өсуде.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз