Жарқанат — қолқанаттылар отрядының бір тармағы. Арктика, Антарктида және Мұхит аралдарынан басқа құрлықтарда кең тараған. Дүние жүзінде 20 тұқымдасқа бірігетін 700-дей түрі, Қақстанда 3 тұқымдасы: тағатұмсықтылар, бір туысы, үш түрі (кіші тағатұмсықты жарқаннат, үлкен тағатұмсықты жарқанат, Бұхар тағатұмсықты жарқанаты); жалтыртұмсықтылар, оның 8 туысы 23 түрі (Азия жалпаққұлақты жарқанаты, ақбауыр жарқанат, Бобринский жарқанаты, Иконников жарқанаты – Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген); иттұмсықтылар, онын бір туысы, бір түрі (кеңкұлақты жарқанат — Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген) бар. Бұлардың дене тұрқы 3 см-ден (кіші тағатұмсықты жарқанат) 9,2 см-ге (кеңқұлақты жарқанат). Салмағы 3,5 г-нан (ергежейлі жарқанат) 47 г-ға (қызғылт жарқанат) дейін жетеді. Тері жамылғысында қоңыр және сұр түстері басым. Көздері нашар көреді. Тырнақтары болмайды. 18-20 тісі бар, азу тістері бұдырлы.
Жарқанаттардың есту мүшесі жақсы жетілген. Кеңістікте өзі шығаратын жоғарғы жиіліктегі ультрадыбыстарды (40-80 кГц), сондай-ақ, адам естімейтін, төменгі жиіліктегі инфрадыбыстарды (12 кГц) қайта қабылдау арқылы бағдар алады. Жарқанат ұя салмайды, үңгірлерді, ағаш қуыстарын, үй, құрылыс шатырларын, жарқабақтардағы құс індерін мекендейді. Күндіз жеке не топтанып, бастарын төмен салбыратып, аяқтарымен тасқа, ағашқа, жарға жабысып демалады. Кешкі ымыртта және түнде жемтігін қалықтап ұшып жүріп аулайды. Әр түрлі омырткасыздар, әсіресе, түн жәндіктерімен қоректенеді. Қазан-қараша айларында қысқы ұйқыға кетеді. Бұл кезде жарқанаттардың дене температурасы қоршаған орта температурасынан 1-2°С-ка ғана жоғары болады. Наурыз, сәуір айларында оянады. Ал қыс жылы болған жылдары қысқы ұйқыға кетпейді. Жарқанат табиғи жағдайда 20-25 жылдай тіршілік етеді. Жылына бір рет көбейіп, жалқы кейде егіз табады. Балалары анасына жабысып өмір сүріп, бір айдан соң өз бетінше ұша бастайды. Жарқанаттар өсімдіктерге зиянды әр түрлі жәндіктермен қоректеніп, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылықтарына пайда да келтіреді. Сондай-ақ, түрлі аурулар (әсіресе, құтыру) таратып, адамға, жануарларға залалын да тигізеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі