Өлең, жыр, ақындар

Инфузориялар типі

Инфузориялар типі (Infusoria). Бұл типтің құрамында 6000-нан аса түр бар. Көптеген экологиялық қуыстардың мекендеушілері болып табылады. Еркін тіршілік ететіндер, паразитті тіршілік ететін инфузориялар деп бөлінеді. Еркін тіршілік ететін организмдердің белгілілері парамеция немесе кебісше (Paramecium caudatum) болып табылады. Бұл организмнің дене формасы созыңқы, бірақ тұрақты, өйткені сыртынан тығыз пелликуламен қоршалған, ал ішінде (экто- және эндоплазмада) тірек қаңқасы қызметін атқаратын жіпшелер болады. Сол сияқты екі ядросы (макронуклеус и микронуклеус) бар. Денесін жауып тұратын кірпікшелерінде базальды түйіршіктер болады. Парамеция үшін цитологиялық мамандану (ауызалды ойыс-клеткалық ауыздың перистомасы, өңеш, анус және трихоцистаның болуы) т2н. Жыныссыз (бөліну), сонымен қатар конъюгация түрінде жүретін жынысты жолмен көбееді.

Бұл типтің патогендік өкілі адамда балантидиоз ауруын тудыратын балантидий (Balantidium coli) болып табылады. Адам балантидия цисталарын олармен залалданған аспен және сумен бірге, сол сияқты ластанған заттардан жұқтырады. Даму циклінің жартысы паразитті, жартысы еркін тіршілік ететін инфузориялардың түрлері де белгілі. Мұндай инфузорияға балықтардың организмінде паразиттік тіршілік ететін ихтиафтириус жатады. Инфузориялар — қарапайымдылардың ішіндегі ең ұйымдасқан тіршілік иелері. Олар осы патшалықтармағының гүлденуші тобы да болып табылады.

Қарапайымдылар — Жер бетінің көне мекендеушілері. Саркодалылар мен Талшықтылардың арасындағы туыстықты жорамалдай отырып, көптеген протистологтар қазіргі қарапайымдылардың архетиптері Саркодалылар деп санайды. Бірақ қарапайымдылардың эволюциясын түсінуде қарама-қайшылықтар көп, өйткені саркодалылар мен талшықтылардың ататегі әртүрлі, өте ертедегі тірі организмдерден пайда болған пікір де бар. Ароморфозға да, оған мысал ретінде инфузориядағы кірпікшелер мен ядролық аппараттардың дамуын қарастыруға болады және бірқатар қарапайымдыларда планктонды тіршілік ету немесе цистаға айналуға бейімделу түрінде болатын идиоадаптацияға да үлкен мән беріледі. Кез келген жағдайда да қарапайымдылар әлеміндегі ең прогрессивті форма инфузория деп саналады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар