Созылмалы гепатит — бауырдың 6 айдан артық созылатын поли-этиоологиялық диффузды қабыну ауруы.
Созылмалы гепатиттің даму себебі 70-85% анықталады.
Осы кездегі белгілі спецификалық гепатотропты А, В, С, Д, Е, Ғ, G вирустардың, ең кемінде төртеуі — В, С, Д, G вирустармен дамытылған жедел гепатиттің созылмалыға ауысатыны дәлелденген. Созылмалы гепатитті дамытатын вирустар келесі жолдармен жұғады:
— парентеральдік, әсіресе қанның немесе қан компоненттерінің трансфузиясы арқылы, 85-95% посттрансфузиялық гепатиттің негізгі себебі — НСV;
— жыныс қатынасы;
— плацента арқылы (анадан ұрыққа).
Соңғы кезде кең тараған наркомания, гомосексуализм, созылмалы гемодиализ және қан құюды қажет ететін аурулар (гемофилия) вирустарды жұқтыруды көбейтті. Жедел В гепатиттің 5-10% созылмалыға ауысады, өлім саны — 5%. Жедел фазасында бұл гепатит антивирустық емге берілмейді-міс. ДДҮ мәліметтері бойынша, жер бетінде НВV тасымалдаушылардың саны 300 000 000-ға жуық. Жедел С гепатиттің 80% созылмалыға ауысады, одан болатын өлімнің саны 15%, ал тасымалдаушылардың саны 500 000 000 шамасында. Д (дельта вирус,) — НБУ, НВУ-мен жұптасатын суперинфекция, яғни коинфекция ретінде жүретін вирус. НВV-ға дельта вирус жұптасқанда жедел гепатиттен өлім саны 20% жоғарылайды, ал 80% созылмалыға ауысады, сауыққандар саны — 3-5% құрайды.
HEV — Оңтүстікте, Орта Азияда кең тараған вирус, НАV тәрізді нәжіс немесе сілекей арқылы жұғады, бірақ А гепатитке қарағанда Е гепатиттің барысы ауыр, өлім саны 30% шамасында, созылмалыға ауыспайды.
HGV көбіне коинфекция ретіңде НСV-мен немесе НВV-мен жұптасып жүреді, бірақ жеқе О гепатиттің созылмалыға немесе циррозға, болмаса ракқа айналуы дәлелденген. Бұл кезде созылмалы С гепатиттің 20%-да, созылмалы В гепатиттің 10%-да НОҰ жұптасуы анықталған.
Созылмалы гепатитті дамытатын вирустардың биологиялық циклы репликациялық және репликациялык емес (иңдукциялық) фазалардан тұрады. Вирустық гепатиттердің ішінде толығырақ зерттелгені — В гепатит. НВУ — ДНК-лы вирус, оның нуклеокапсидінде ДНК-мен бірге жаңа вирустардың синтезін қамтамасыз ететін ДНК-полимеразасы болады. Ядросында НВсА§ және суда еритін НВеАе айырады. НВеАG тек гепатиттердің ядроларыңда табылатын және қанда болмайтын антиген. Сарысуда бұған қарсы антиденелер ғана анықталады: репликация кезінде — НВtAG, ал индукция кезінде — НВeGС. Вирустың сырты тығыз қабықпен қапталған. Қабықтың құрамы НВeАG және Рге-3 белоктардан тұрады. Репликация кезінде, вирустар Рге-8 белоктардың көмегімен (вирустың рецепторлары болып табылатын) гепатоциттердің бетіне жабысып, ішіне енеді. Енген вирустар-дың нукдеокапсиді гепатоциттің ядросына өтіп оның ДНК-сын матрица (қалып) ретінде пайдалана отырып, өзінің ДНК-полимеразасының көмегімен жаңа вирустардың ядроларын синтездейді, яғни көптеген жаңа нуклеокапсидтерді түзеді. Жасалынған нуклеокапсидтер ядродан шығып, гепатоциттердің цитоплазмасыңда сыртқы қабығын (НВeАG-нін) түзеді.
Сонымен, вирустың толық жасалуы гепатоциттер ядросының сыртында аяқталады.
НВУ репликациясының иммундык маркерлері:
1. қандағы — НвеАG, НВс АвeGМ, НВV-ДНК-полимераза, рге-8 антигендер;
2. НВУ-ДНК-ның қандағы 200 нг/л артық концентрациясы;
3. биоптатта — гепатоциттерде НВсАG және НВУ-ДНК анықталуы. Аталған маркерлер бауырда толық вирустың болуының және оның репликациясының куәгері. С және Д вирустармен салыстырғанда, В вирус гепатоциттерге тікелей цитопатогендік әсер етпейді.
НВУ инфекцияда бауырға зақым келтіретін — иммундық жүйе, яғни лимфоциттердің вирустың антигендеріне қарсы цитотоксикалық әрекеті. Лимфоциттердің жаудыратын оғының басты нысанасы - НВсА§. Цитотоксикалық әрекеттен вирустық антигендер (НвсА§) енген гепатоциттер қырылады. Осыдан бауырда некроз ошақтары және лимфоидтық-гистиоңиттік инфильтрация пайда болады. Некроздың «саты», «көпір» тәрізді және мультилобулярлық түрлерін айырады. Некроз бен қабыну портальді аймақтардан басталып, бауыр бөлшегінің ортасына қарай біртіндеп таралады. Бөлшектерге таралған осы процесс бауыр циррозына әкеліп соқтыруы ықтимал.
В және С вирустардың репликациясы тек бауырда емес, бауырдан тыс жасушаларда да, мәселен жүрек, бүйрек, өкпе тамырларының эндотелиінде, асқазан мен ішектің фибробласттарында және моноциттерде, лимфоциттерде жүреді. Вирус енген лимфоциттердің және моноциттердің иммундық қырағылық қасиеті төмендейді. Осыдан иммундық жүйенің «қолы жетпейтін зоналарда» вирустардың көбеюіне мүмкіндік пайда болады. Иммундық жүйенің осындай бұзылыстары және вирус геномының тез мутациялауы вирустардың организмде үнемі сақталуына және патологиялық процестің созылмалыға ауысуына септігін тигізеді. Сонымен, созылмалы гепатит иммундық жүйенің вирустармен әрекеттескен кезінде, иммундық реакцияның жетіспеушілігінен дамиды. В және С вирустардың бауыр жасушасынан тыс репликациясы, осыдан туындайтын иммундыкомплекстік, иммундыжасушалық реакциялар бауырдан тыс ағзалардың зақымдануына (цитолизге, гранулематозға) және васкулиттердің дамуына әкелуі ықтимал. Бұл көріністер бауыр зақымдануымен жұптасады немесе жеке білінеді. Интеграция фазасында вирус ДНК-сының НВeАG синтезіне жауапты бөлшегі гепатоциттің геномына (ДНК-сына) еніп қыстырылады. Сондықтан, гепатоциттің гендік аппараты, вирустың тікелей қатысуынсыз, оның НВзАG синтезін жалғастырады. Бұл кезде иммундық жүйенің вирустың бөлшегін жоюға шамасы келмейді, яғни иммундық толеранттылық қалыптасады. Сонымен, интеграциялық фаза — НВeАG тасымалдаушылық кезең болып табылады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі