Адреномиметикалық заттар — адреналинге ұқсас әсер ететін химиялық қосылыстар. Фенилалкиламиндерден туындайтын заттардың неғұрлым зор мәні бар. Фенолдық ядро, алифаттық тізбек және аминді топ олардың молекуласының негізі болып табылады. Олардың бәрі адренореактивті жүйелермен өзара әрекеттеседі, соның нәтижесінде адренергиялық синапстың постсинапстық мембраналары қозады. Адреналинге ұқсас заттардың бәрінен тек адреналин ғана а-рецепторларға да, Р-рецепторларға да бірдей әсер етеді. Амин топты сутегін тарамдалған көміртекті тізбекпен ауыстырғанда препараттың р- адреналинге ұқсас заттарға ғана тән белсенділігі артады. Молекулада тек бір гидроксил радикалы ғана бар (мезатон, фетанол) немесе бұл радикалдар (эфидрин) мүлдем жоқ косылыстар баяу ыдырайды және соңдықтан ұзақ әсер етеді. Адреналинге ұқсас заттардың көбісінен қазіргі кезде диоксибензол (адреналин, норадреналин, изадрин, монооксибензол, мезатон) және бензол (эфедрин, изадрин және фенамин) туындылары фармакологиялық дәрі-дәрмек ретінде кеңінен қолданылады.
Барлық препараттар бір бағытта, бірақ әр түрлі зандылықтармен әсер етеді. Әсер етуіндегі айырмашылықтар ең алдымен тізбекте де, бензолдық ядрода да қосымша гидроксилдердің және алкилдердің болуына байланысты. Дұрыс орналасқанда бүйір тізбектегі алкогольді гидроксил қан тамырларын тарылтатын нәтижені күшейтеді. Адреналинге ұқсас заттардың әсерін фенолдық гидроксилдер (әсіресе тізбекті орналасқанда) күшейтеді. Бензол туындылары организмде моноксибензолдық заттардан және тіпті диоксибензолдық заттардан гөрі неғұрлым төзімді қосылыстар. Қазіргі уақытта ветеринарияда адреналинге ұқсас заттарды қан тамырларын тарылтатын, жатырдың, жүректің қызметін жандаңдыратын және қан қысымын жоғарылататын заттар ретінде жиі пайдаланады. Бұл заттарға дефамин, нафтизин, галазолин, клофелин, добутамин, беродуал, изадрин және сальбутамол секілді препараттарды жатқызуға болады. Әртүрлі препараттарда осы бағыттағы әсер әртүрлі көрінеді, сондықтан оны қолдану үшін көрсеткіштер де әртүрлі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі